bs-preloader__icon
ru kz en

Парламент Қазақстанда онлайн-сақтандыруды енгізу туралы заңды қабылдады

Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасына сенаттың түзетілерімен келісті.
Парламент Қазақстанда онлайн-сақтандыруды енгізу туралы заңды қабылдады

Сонымен Заң Парламентпен қабылданып, Елбасыға қол қою үшін жолданады.

Сенаторлар ұлттық қауіпсіздік органдарына прокурордың рұқсатысыз азаматтық-құқықтық жауапкершілікті және көлік иелерін міндетті сақтандыру шарттарына қатысты сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтерді алу құқығын ұсыну; құқықтық жағдайды нақтылау, қызметті және актуарийлерді біріктіруге қойылатын талаптарды реттеу; Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қорының қызметіне қатысты жеке нормаларын нақтылау; тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату кезінде сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін сақтандырушымен ұстап қалуды реттейтін нормаларын дұрыс баяндау бөлігінде заң жобасының нормаларына түзетулерді енгізгені туралы хабарланды.

Жалпы, құжат онлайн-сақтандыруды енгізу; шетелге шығатын қазақстандықтарды сақтандыруда тәсілдемелерді өзгерту; жүктелме сақтандыруды енгізу; сақтандыру омбудсменнің қызметтерін кеңейту арқылы дауларды реттеу тетігін жетілдіру – бес негізгі бағыт бойынша өзгерістерді қарастырады. Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Акишев Қазақстанда өңірлерде, ең алдымен, облыстық орталықтардан тыс және ауылдарда қаржы қызметтерінің қолжетімділігі туралы мәселе өзекті болып тұрғандығын атап көрсеткен.

«Біздің мақсатымыз сақтандырудың қашықтан қызметтерге қол жеткізу кезінде азаматтар үшін жағдай жасау болып табылады. Халық пен кәсіпорындар интернет арқылы сақтандыру компаниясына бармай-ақ және агенттердің делдалдық қызметісіз шартты жасай алады. Шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына сақтандыру полисін сатып алу үшін облыстық орталыққа баруға немесе делдалдардың қызметтеріне жүгінуге қажет болмайтындай етіп жағдай жасалады. Болашақта делдалдардың жоқтығы сақтандыру құнының төмендетілуіне себеп болады», – деп Акишев түсіндірді.

Туристерді сақтандыру схемасын өзгертуге келетін болсақ, туроператордың жауапкершілігін сақтандырудан шетелге шығатын туристің өзін сақтандыруға дейінгі ауысу көзделеді.

«Туроператор жолдаманы сатқан кезде, туристке сақтандыру сертификатын беруге міндетті. Сақтандыру сертификатында тәулік бойы режимінде шетелдегі медициналық қызметтерге қол жеткізу бойынша көмекті ұйымдастыратын халықаралық компаниялардың мәліметтері көрсетілетін болады. Шетелде сақтандыру оқиғасы орын алған жағдайда, сақтандыру компаниясы медициналық қызметтерді, жедел медициналық көмекті және репатриацияны төлеу бойынша шығындарды өтейтін болады. Туроператор үшін сақтандырудың құны аса жоғар ыболмайды. Күніне шамамен 320-330 теңге. Сақтандыру өтемі бұл жағдайда 3-тен 16-ға дейін миллион теңгені құрайтын болады», – деп Ұлттық банкінің төрағасы атап көрсетті.

Оның пікірінше, жүктелген сақтандыруды енгізу «сақтандыру компаниясына да, оның клиентіне де шарт арқылы сақтандырудың икемді талаптарын қарастыруға мүмкіндік береді».

«Төртінші бағыт – бұл сақтандыру нарығында дауларды шешу үшін сақтандыру омбудсменнің қызметін кеңейту. Сақтандыру омбудсменнің өкілеттігі сақтандырудың барлық түрлеріне таралады. Қазіргі кезде оның өкілеттігі тек қана автокөлік иелерінің жауапкершілігін сақтандыруға ғана таралады. Жеке тұлғалар мен шағын кәсіпорындардың даулары қарастырылады. Даудың сомасы 10 мың айлық есептеу көрсеткішіне дейін немесе 24 миллион теңге мөлшерінде белгіленген. Бұл лимит халықаралық тәжірибеден шыға отырып белгіленеді», - деп Акишев нақтылады.

Өмірді сақтандырудың әлеуметтік тұрғыда маңызды өнімдер бойынша сақтандыру төлемдерінің қосымша кепілдікті енгізуге келетін болсақ, заң жобасында Зейнетақы аннуитеті мен еңбекке қабілеттілігінен айырылған қызметкерлердің аннуитетін сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қорымен кепілдендіру қарастырылған.

Дереккөзі: https://www.kursiv.kz/news/vlast1/parlament-prinal-zakon-o-vnedrenii-v-kazahstane-onlajn-strahovania/

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Зейнетке шығу алдында қабылдау қажет негізгі шешімдер
Зейнетке шығу алдында қабылдау қажет негізгі шешімдер

Зейнетке шыққаннан кейін көп зат өзгереді – ө...

Қазақстанда сақтандыру маркет-плейстері құрылады
Қазақстанда сақтандыру маркет-плейстері құрылады

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу ж...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру