bs-preloader__icon
ru kz en

Қайта сақтандыру: айқын емес тәсімдер болмау қажет

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қайта сақтандыру саласындағы талаптардың жаңа редакциясының жобасын әзірледі. Сарапшылардың пікірінше, реттеуші осылай нарықтағы қайта сақтандырудың айқын емес тәсімдерді алдын алуға тырысады. Lifeinsurance.kz өмірді сақтандыру компанияларының өкілдерінен, сонымен қатар актуарийлерден осы мәселеге қатысты өз пікірін білдіруді өтінді.
Қайта сақтандыру: айқын емес тәсімдер болмау қажет

Lifeinsurance.kz белгілі болғандай, реттеуші төмендегідей жаңа енгізілімдерді ұсынады:

№ 1. «Пропорционалды емес сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандырушылардың АСҚ-да үлесі 0 (нөлге) тең»;

№ 2. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру немесе Заңның 6-бабы 3-тармағының 12), 13), 15-1, 16) тармақшаларында көрсетілген ерікті сақтандыру шарты немесе сыныптары бойынша сақтандыру қорларында қайта сақтандырушылардың үлесі 0-ге (нөлге) тең».

Актуарийдің пікірі

Реттеуші ұсынып отырған жаңа енгізілімдер бойынша біздің басылымымызбен тәжірибелі актуарий, CFA және жұмыс тәжірибесі мол экономист, экономика, қаржы және актуарлық есептер бойынша тәуелсіз кеңесші Дина Уржумова өз пікірімен бөлісті.  Қазақстан актуарийлері қоғамының қалыптасуының алғашқы жылдарында ол Қоғамның Басқарма Төрағасы (2001-2005 жж.) болды, сонымен қатар Қоғам құрылған сәттен бастап қазіргі уақытқа дейін Қоғамның Біліктілік комиссиясының Төрағасы болып табылады.

Сонымен, Дина Уржумованың пікірі (толық келтіріп отырмыз):

«№ 1 сыни жаңа енгізілім: “Пропорционалды емес сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандырушылардың АСҚ-да үлесі 0 (нөлге) тең”.

Түсініктемелер:

Қазақстандық сақтандыру ұйымдары үшін Талаптардың жаңа редакциясы, шын мәнінде, шығындардың маңызды бөлігін қайта сақтандырушыға тапсырылуын көздейтін пропорционалды емес қайта сақтандыруға тыйым салуды білдіреді. Төменде ҚР ҰБ ұсынып отырған өзгерістердің жағымсыз салдары келтірілген:

1. Қазақстандық сақтандыру ұйымдарымен ірі сақтандыру тәуекелдері мөлшерінің елеулі төмендеуі, өйткені пропорционалды емес қайта сақтандыру капиталға жүктемені төмендету құралы болып табылмайды.

2. Сақтандыру ұйымдарының дамуын шетелдік қайта сақтандырушылардың тәжірибесін тарту арқылы блоктау (қазақстандық нарықта бір қатар ірі тәуекелдер бойынша тарифтерді бағалау үшін айқын статистика жоқ және сақтандыру тек тәжірибелі шетелдік қайта сақтандырушыларды тарту арқылы ғана мүмкін екенін атап кету жөн).

3.  Қазақстанның ДСҰ-ға кіруін ескере отырып, әрбір салада бір-екі жергілікті ірі сақтандыру ұйымы ғана қалады, жалпы нарық шетелдік сақтандырушылармен бақыланатын болады. Қорларды қамтамасыз ететін пайда және активтер бірте-бірте шетелге кетеді.

Нарықта қолданылатын қайта сақтандырудың айқын емес тәсімдерімен күрес жалпы пропорционалды емес қайта сақтандыруды «түп тамырын құрту» арқылы емес, мәселелерді айқын сәйкестендіру және оларды қолдануға кедергі болатын арнайы мақсатты шараларды әзірлеу арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Іс жүзінде пропорционалды емес қайта сақтандырудың тәсімдері әр түрлі және қайта сақтандырушының басымдылығы шарттарында да, мысалы, бірінші ірі желіні қайта сақтандырушыға тапсырумен және шарт бойынша жауапкершіліктің жалпы лимиті аясында жоғары желісін ұстап қалумен жүзеге асырылуы мүмкін.

Жаңа редакцияны ескере отырып, цедентті өздігінен ұстап қалу деңгейі төмен болған сайын болашақ (орын алмаған) шығындардың қорларын қайталау дәрежесі жоғары болады, өйткені АСҚ-да қайта сақтандырушының үлесі екі рет – қайта сақтандырушымен де, қайта сақтандырушының рейтингісі қаншалықты жоғары болса да, цедентпен де – қалыптастырылады. Бұл жалпы қабылданған әлемдік тәжірибеге қайшы келеді және қайта сақтандыру идеясын өзін бұзады.

Ұсынылып отырған редакцияда АСҚ-да қайта сақтандырушы үлесінің бағалауын қайта сақтандырудың пайдаланып отырған үлгісі негізінде актуарий жүзеге асырады, және бұл редакция әлемдік практикаға сәйкес келеді. Қажет болған жағдайда ҚР ҰБ пропорционалды емес қайта сақтандыру кезінде қайта сақтандырушының АСҚ-да үлесін бағалаудың актуарлық негіздемесіне қойылатын арнайы талаптармен, сонымен қатар қайта сақтандыру ұйымдарының минималды рейтингісіне қойылатын талаптармен және тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары-ҚР бейрезиденттері тізімін енгізумен бұл жағдайды толықтыра алады.

№2 сыни жаңа енгізілім: «Сақтандыру қорларында қайта сақтандырушылардың үлесі 0-ге (нөлге) тең: 2019 жылғы 1 шілдеден кейін жасалған көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру немесе Заңның 6-бабы 3-тармағының 12), 13), 15-1, 16) тармақшаларында көрсетілген ерікті сақтандыру шарты немесе сыныптары бойынша барлық сақтандыру тәуекелдерін немесе олардың бөлігін қайта сақтандыруға тапсырылуын көздейтін қайта сақтандыру шарттары бойынша».

Түсініктемелер:

Бұл өзгеріс ҚР ҰБ-ның банктердің қатысуымен айқын емес мәмілелердің қолдануын алдын алу ниетімен қабылданған, деп есептеймін. Алайда 12 (КҚИ АҚЖ сақтандырудан басқа азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру) және 16 (басқа да қаржылық шығындардан сақтандыру) сыныптарын «сақтандыруға жатпайтын» сыныптарға енгізу қаржы емес саласында қызмет ететін кәсіпорындар үшін елеулі жағымсыз салдарға әкеліп соғады.

Аталған сыныптарда ірі тәуекелдер сақтандыруға мүмкін емес, ал қаржы емес саладағы мұндай сақтандыруда қажеттіліктер аса маңызды емес. Мысалы, 16-сыныпқа бизнесті тоқтату тәуекелі; жоба бойынша нысан құрылысының мерзімін асырумен туындаған кірісті алуда мерзімін шегеру тәуекелі; жабдықтың бұзылуымен байланысты кірістен айырылу тәуекелі; несиеге сатылған тауарлар үшін төлемдермен байланысты несиелік тәуекелдер; лицензияны уақытша тоқтатумен немесе кері қайтарумен байланысты тәуекелдер; ақпараттық жүйелерді бұзып алу тәуекелі және т.б. жатады.

12 және 16 сыныптары үшін АСҚ-да қайта сақтандырушылардың үлесіне қатысты ережелер бұрынғыша қалуы тиіс».

ӨСК: «Жаңа енгізілімдер оң нәтиже береді».

Осы шаралар қаншалықты тиімді бола алады деген сұраққа өмірді сақтандыру компаниялары өкілдерінің біздің редакциямызға берген өзінің ресми жауаптары бірдей болды.

Осылайша, «НОМАД LIFE» ӨСК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Асқар Шәкеновтың сөзінше, өмірді сақтандыру саласы үшін бұл енгізілімдер теріс нәтижелерден гөрі, оң нәтиже береді.

«Капиталдарды шығарудың, адекватты емес баға белгілеудің  әлеуетті айқын емес тәсімдері шығарылады, мұнда қайта сақтандыру өтемі жоқтың қасы, бірақ бұны дәлелдеу қиын», – деді ол.

Қазақстанда қайта сақтандыру саласында айқын емес тәсімдерді қолдануды алдын алу үшін қабылдауға болатын шаралар ретінде Шәкенов мырза төмендегіні ұсынды:

«Резиденттер үшін – толассыз қорда сақтау, яғни нақты тәуекел бойынша (және жалпы қайта сақтандыру шарты) қайта сақтанушының сақтандыру қорларында қайта сақтандырушының үлесі қайта сақтандырушының сақтандыру қорының мөлшеріне сәйкес болуы тиіс. Осылайша бүкіл сақтандыру саласындағы капиталында кемшіліктер туындамайтын болады. Бейрезиденттер үшін жағдай қиындайтын шығар, реттеуші ұсынып отырған тікелей превентивті шаралар едәуір нәтижелі болып табылады».

«Qazqom Life» компаниясында біздің сауалымызға «компания тек қана «қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру» сыныбын қайта сақтандырумен айналысатындығын атап өтті.

«Біздің бизнесіміздің басым бөлігі өзіндік ұстап қалуда орын алған бөлшек өнімдермен байланысты, яғни олар қайта сақтандырылмайды», – деп компанияның баспасөз-қызметінде хабарлады.

«Сондықтан бізде ұсынылып отырған жаңа енгізілімдерді түсіндіруге мүмкіндігіміз жоқ, өйткені аталған факторлар біздің компаниямыздың қызметінде қолданылмайды, сондықтан біз бұл енгізілімдер нарықтағы жағдайға қалай әсер ететіндігін бағалай алмаймыз», – деп «Qazqom Life» баспасөз-қызметі толықтырды.

«Халык Life» компаниясы да дәл осы себептен түсінік бере алмады.

Ал «Азия Life» ӨСК» АҚ Басқарма төрағасы Азамат Ердесов реттеуші ұсынып отырған шаралардың тиімділігі туралы біздің сұрағымызға қадағалаушы органмен қайта сақтандыруға, нақты айтқанда бейрезиденттерге тапсырылған сақтандыру сыйлықақыларының  аса жоғары үлесі бірнеше рет аталғандығын нақты көрсетті.  2018 жылға дейінгі кезеңдерде жиналған сыйлықақыларының мөлшерінен 35%-ға дейін, ағымдағы жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша 27%-ға дейін, оның ішінде 80% астам бейрезиденттерге жіберіледі.

«Негізгі себеп сақтандыру компанияларының капитализациясының төменгі деңгейі болды, – деді ол. – Біздің тәжірибеміз бойынша бейрезидент-қайта сақтандырушылармен ынтымақтастық халықаралық деңгейдегі өнімдер туралы, андеррайтинг және статистиканың бар технологиясы туралы ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл ақпарат көптеген компанияларда адекватты баға белгілеу үшін жеткіліксіз болады.  Сондай-ақ қайта сақтандырудың жеткіліксіз айқындылығы да аталып көрсетілді, бұл қадағалаушы органның пікірінше, компаниялардың салық салу және т.б. бөлігінде қызметін оңтайландыру мақсатында қолданылуы мүмкін еді».

А.Ердесов мырзаның сөзінше, айқындылықты қамтамасыз ету мақсатында ҚР Ұлттық Банкі заңнамалық шараларды қабылдады: қайта сақтандыру шартына қойылатын талаптарды күшейтті, жосықсыз қайта сақтандырушылар тізімінің жүргізілуін қарастырды, сақтандыру және қайта сақтандыру пулын құру мәселелері реттелді, бұл белгілі тәуекелдерді отандық сақтандыру нарығында орналастыруға мүмкіндік береді. «Барлық өзгерістер ҚҚҚ (АФК) алаңшасында сақтандыру секторының белсенді қатысуымен талқыланды», – деді сарапшы.

«Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды бекіту туралы» қаулының жаңа редакциясының жобасына келетін болсақ, қазіргі таңда белсенді пікір талас жүргізілуде, – Азамат Ердесов атап өтті. – Нақты айтқанда, АСҚ-да қайта сақтандырушылардың үлесін пропорционалды емес сақтандыру кезінде нөлге айналдыруға қатысты. Біз бұл норма қазақстандық сақтандыру нарығының дамуына кері әсер тигізуі мүмкін деген пікірмен келісеміз. Қайта сақтандыру капиталға жүктелетін жүктеменің құралы болып табылады, бұл сақтандыру компанияларына ірі тәуекелдермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді, ал мұнымыз ДСҰ-ға ену перспективаларын ескерсек, өте маңызды».

«Шын мәнінде, жаңа Талаптардың жобасында Пропорционалды емес қайта сақтандыру шарттары бойынша аққұла сыйлықақы қорында қайта сақтандырушының үлесі 0 (нөлге) тең. Мүмкін, осы арқылы рететуші сақтандыру нарығында қайта сақтандырудың айқын емес тәсімдерін алдын алуға ұмтылып отырған шығар, – деп біздің редакциямызға «Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК» АҚ Басқарма төрағасының м.а. Әсел Мақанова жауап берді. – Сақтандыру компаниясының барлық пруденциалды талаптарды орындау шартымен бұл норманың тиімділігі, біздің ойымызша, аса жоғары болмайды. «МАК» ӨСК» АҚ қабылдайтын тәуекелдерді жете бағалайды, сонымен қатар қайта сақтандыру бойынша абыройлы сенімді серіктестерді таңдауға ұмтылады».

Байқап отырғанымыздай, нарық қатысушыларының ойлары кейбір мәселелер бойынша келіспей, кейде бір жерден шығып отырады. Қандай жағдай болмасын, оы жаңа енгізілімдердің талқылау әлі де жалғасуда. Нарық сарапшылары мен реттеуші ортақ бір келісімге келеді, деп ойлаймыз.

Фотосурет www.coinwire.com, www.udemy.com  сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Әйел сақтандыру төлемін алу үшін өлімін қолдан жасады
Әйел сақтандыру төлемін алу үшін өлімін қолдан жасады

42 жастағы Перт тұрғыны 718,000 доллар сақтандыру ...

COVID-19-дан вакциналау туралы нені білу қажет
COVID-19-дан вакциналау туралы нені білу қажет

Ғалымдар COVID-19-ға қарсы көптеген вакциналарды ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру