bs-preloader__icon
ru kz en

Сыйлықақылардың және бөлінбеген пайданың өсімі

ӨСК 2019 жылғы КСЖ 1-тоқсанның қорытындылыра бойынша есеп берді.
Сыйлықақылардың және бөлінбеген пайданың өсімі

2019 жылғы бірінші тоқсанның қорытындылары бойынша өмірді сақтандыру өсудің жоғары қарқындарын сақтады. Сақтандырудың осы сыныбында сыйлықақылары 39,6%-ға (4 млрд теңгеге дейін) 14,4  млрд. теңгеге дейін (жылдан жылға) ұлғайды. Сектордың тұрақты динамикасын барлық компаниялар, ең алдымен, 97%-дан жоғары сыйлықақыларын жинақтаған ірі сақтандырушылар қамтамасыз етті.

6,3 млрд теңгеге тең сыйлықақының мөлшері бойынша көшбасшы болып «Халык-Life» қалуда. Алайда 2019 жылғы бірінші тоқсанында компанияның сыйлықақылары динамикасы әлсіздеу – нарықтағы басқа сақтандырушылар мен өсу қарқынынан төмен болды. «Халык-Life» ӨСК сыйлықақылары 2018 жылғы 1 тоқсанының қорытындыларына қарай 16,2%-ға өсті. Нарықтың қарқынына дейін «Еуропалық сақтандыру компания» ӨСК кішкене ғана жетпей қалды. Ол сыйлықақыларды 34,8%-ға, 4,2 млрд. теңгеге артық жинады. Ірі сақтандырушылардың бірі «Nomad Life» ӨСК көшбасшылардың үштігінде сыйлықақылардың ең керемет динамикасын көрсете отырып, 217,1%-ға,  3,5 млрд. теңгеге дейін өсті. «Nomad Life» ӨСК белсенділігі өмірді сақтандыру бойынша ірі сақтандырушылардың үлестерінің өзгеруіне әкеліп соқты. 2018 жылғы 1 сәуір күніне «Halyk Life» ӨСК «Казкоммерц-life» портфельін ескере отырып, өмірді сақтандыру нарығының 57,9% ие болды, және басым ойыншылардың бірі болды. «Еуропалық сақтандыру компания» ӨСК нарықтың 30,5% иеленсе, «Nomad Life» ӨСК – 10,7%-на ие болды. Бір жылдан кейін 2019 жылғы 1 сәуір күніне «Halyk Life» нарықтық үлес 43,8%-ға дейін сығымданып, ал «Еуропалық сақтандыру компания» ӨСК үлесі 29,5%-ға дейін қысқарды. «Nomad Life» ӨСК нарықтық үлесі керісінше 24,4%-ға еселенді.

Аннуитеттік сақтандыру ерікті жеке сақтандырудың максималды түрде өсіп келе жатқан сегменті болып қалуда. 2019 жылғы қаңтар айынан бастап наурыз айына дейін сыйлықақылар 71,4%-ға  (4 млрд. теңге) 9,7 млрд. теңгеге дейін (жылдан жылға) ұлғайды. Қаңтар-ақпан айларында сектор ұқсас қарқынмен өсіп келді: 2018 жылғы қорытындыларына 71,7%. Аннуитеттерге динамикасын аннуитеттік сақтандыруда 87% орын алатын зейнетақы аннуитеттері береді. 1 сәуір күніне зейнетақы аннуитеті бойынша сыйлықақылар 2 есеге (4 млрд теңгеге) 8,4 млрд теңгеге дейін өсті.

Аннуитеттік сақтандыруда ең белсенді сақтандырушы «Standard Life» ӨСК болып табылады. Күнтізбелік жылда компания сыйлықақыларын 3854%, 89,7 млн. теңгеден 3,5 млрд. теңгеге дейін ұлғайтып, аннуитеттік сақтандыру нарығының 36,7% ие болды. Зейнетақы аннуитеттері корпоративті сақтандыру портфельінде 69% ие болып, «Standard Life» ӨСК-ның нақты монопортфельі болып табылатындығын атап кету жөн. Осының арқасында компания барлық ӨСК арасында зейнетақы аннуитеттері нарығының 42% ие болады.

Аннуитеттер бойынша жетекші ойыншылардың үштігіне «Nomad Life» ӨСк да енеді, оның сыйлықақыларының портфельі 9,6%-ға 3 млрд. теңгеге дейін өсті. Сонымен қатар «Halyk Life» ӨСК жатады, оның портфельі 23,5%-ға 2,4 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Екі ӨСК-да зейнетақы аннуитеттері аннуитеттік сақтандырудың негізі болып табылады.

2019 жылғы 1 тоқсанының қорытындылары бойынша, портфельі 47%-ға азайған  «Freedom Finance Life» ӨСК басқа барлық ӨСК аннуитеттік сақтандыру бойынша оң динамикасын көрсетті. Компания жұмыс берушінің жауапкершілігі аннуитеттерінің сегментінде жұмыс істеп, зейнетақы аннуитеттері бойынша сыйлықақыларының жинауына қатыспайтындығын атап өткен жөн.

Сонымен қатар сыйлықақылардың жинауында жылдамдатқан «Мемлекеттік аннуитеттік компания» нәтижелеріне назар аударғанымыз жөн. МАК өмірді сақтандыру бойынша және аннуитеттік сақтандыруда оң динамикасы туралы есеп берді. Нақты айтқанда, зейнетақы аннуитеті бойынша өсім 850,3%, 51 млн. теңгеден 485 млн. теңгені құрады.

Жұмыс берушілердің жауапкершілігінің аннуитеттері бойынша сыйлықақыларын жинау бойынша сегменттің көшбасшысы «Nomad Life» ӨСК болып табылады,  оның портфельі 413 млн теңгені құрайды. Компания 41,8%-ға тең ең максималды нарықтық үлесті иеленіп отыр. Екінші позиция «Halyk Life» ӨСК-да, оның сыйлықақылары 355 млн теңгені құрайды, ал үшінші – 168,5 млн теңгеге тең портфельі бар МАК. «Аннуитеттік сақтандырудың өзге түрлері» секторы 2019 жылғы бірінші тоқсанында 38%-ға 283 млн. теңгеге дейін қысқарды. Сектор үш сақтандыру компаниясымен ұсынылып отыр, олардың барлығы сыйлықақылардың кері динамикасын көрсетті. Бір жыл бұрын «аннуитеттік сақтандырудың өзге түрлері» бойынша сыйлықақылар төрт ӨСК жинаған.

Жазатайым оқиғадан (ЖО) сақтандыру секторы ӨСК қызығушылығының саласы болып қалуда. Күнтізбелік жылда олар жиынтық портфельді 15,9%-ға, 1,6 млрд. теңгеге өсірді. Сектордың жағдайын екі ірі ойыншы анықтайды: «Halyk Life» ӨСК, оның портфельі 883,7 млн. теңгені құрайды (2018 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда минус сыйлықақылардың 12,6%) және «Еуропалық Сақтандыру Компаниясы», портфель мөлшері 639 млн. теңгені құрайды (2018 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 92%-ға өсті). Бірлесе отырып, олар ӨСК тұрғысынан ЖО нарығының 94% қалыптастырады. Дегенмен қазірдің өзінде сегментте жылжулар байқалады. Көшбасшылардың артынан басқа компаниялар да аттанды. Нақты айтқанда, «Standard Life» ӨСК жинақтарды 2073,6%-ға 13,6 млн. теңгеге дейін, «Freedom Finance Life» ӨСК – 126%-ға, 78 млн. теңгеге дейін, «Nomad Life» ӨСК – 110,6%-ға, 1,6 млн. теңгеге дейін ұлғайтты. Жылдың аяғына қарай ЖО сегментін ӨСК тұрғысынан сыйлықақылардың шоғырлануының төмендетілуі күтуде.

Ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) ӨСК жиынтық портфельде позицияларды қысқартты. Сыйлықақылар 61,7%-ға, 2,3 млн. теңгеге түсті.  Сыйлықақыларды үш ӨСК жинайды, оның ішіндегі екеуі жинақтарды күрт төмендеді.

2019 жылғы наурыз айында ӨСК осы жылдың қаңтар айында пайда болған «шетелге кетушілерді сақтандыру» сақтандырудың жаңа түрін меңгеруді жалғастырды. Егер ақпанда сыйлықақыларды екі ӨСК жинақтаса, онда сәуір айында олар үшеу болды. Наурызда сыйлықақылар 2,8 есеге, 130 мыңнан (ақпанда) 365 мың теңгеге дейін өсті.

2019 жылғы бірінші тоқсанында қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру (ЖОМС) 34%-ға немесе 3,5 млрд. теңгеге, 6,9 млрд. теңгеге дейін түсті. Нарықтағы позицияларды үш ірі сақтандырушы анықтайды, олар жиынтықта 91,5% сыйлықақыларды жинайды. Топ-2 ірі сақтандырушылар 72,4% сыйлықақыларды жинайды. Барлық көшбасшылар наурыз айының қорытындылары бойынша сыйлықақыларды ұлғайтты. «Halyk Life» ӨСК сыйлықақылардың 2,5 млрд. теңгені, «Nomad Life» ӨСК – 2,47 млрд. теңгені, «Standard Life» ӨСК – 1,3 млрд. теңгені жинақтады.

2019 жылғы бірінші тоқсанда ӨСК активтері 342 млрд. теңгеге дейін өсті, ал өзіндік капитал 61,4 млрд теңгеге ұлғайды. ӨСК бизнесі пайдалы («Standard Life» ӨСК теріс нәтижелерінен басқа) болып қалуда. Сектордың жиынтық бөлінбеген пайдасы 5,8 млрд. теңге құрады, бір жыл бұрын 3,8 млрд. теңге болған еді. Бизнестің пайдалылығы бойынша көшбасшы (абсолюттік және салыстырмалы түрде) «Nomad Life» ӨСК болды. Компанияның таза пайдасы 2,6 млрд. теңгені құрады.

Фото ашық дереккөздерден алынған. 

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Көрші елдің сақтандырушысы салауатты өмір салты экожүйесін енгізді
Көрші елдің сақтандырушысы салауатты өмір салты экожүйесін енгізді

КАПИТАЛ LIFE сақтандыру компаниясы салауатты өм...

Үндістанда қандай өмірді сақтандыру полистері қолжетімді
Үндістанда қандай өмірді сақтандыру полистері қолжетімді

Үндістер өмірді сақтандыру полистерінің көп б...

Жаңа жылда зейнетақылық жоспарлауды қалай өзгерту керек
Жаңа жылда зейнетақылық жоспарлауды қалай өзгерту керек

Осы жылы адамдар бетпе бет келген маңызды мінд...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру