Өмірді мерзімді сақтандыру уақыттың белгілі бір кезеңіне немесе бір жылдан 40 жылға не белгілі бір жасқа дейін (әдетте 65 жас) өтемді қамтамасыз етеді. Қайтыс болу жағдайында жәрдемақы немесе төлем сомасы полис әрекет еткенге дейін кепілдендірілген. Мұнда сақтандыру жарналары өмір бойылық сақтандыруға қарағанда неғұрлым қолжетімдірек. Алайда, өмірді тұрақты сақтандырудан айырмашылығы бұл полистің нақты ақша құны немесе инвестициялық құрауышы жоқ. Мерзімді полистер үшін сыйлықақылар бүткіл мерзімге тиянақталған болып қалуы немесе уақыттың өтуімен ұлғаюы мүмкін.
Өмірді тұрақты сақтандыру өмір бойылық өтемді қамтамасыз етеді, және полистер сақтандыру жарналары төленіп жатқанға дейін күшінде қалады. Өмірді мұндай сақтандыру сонымен қатар сыйлықақылар төлемі үшін пайдалануға, қайта инвестициялауға немесе табыс ретінде шешуге болатын дивиденттерді әкеле алады.
Өмірді сақтандыру полисін сатып алар алдында, ол сізге расымен қажет пе ойлаңыз. Өмірді сақтандыру сіз қайтыс болғаннан кейін асырауыңыздағы адамдарға қаржы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арналған, дегенмен оны сондай-ақ отбасылық бизнесті қолдау үшін пайдалануға болады.
Әрбір америкалық біреуден артық өмірді сақтандыру полисін сатып ала алады.
Сақтандыру компаниялары өтініш берушінің тәуекелдер андеррайтингіне бірқатар факторларды қолданады. Бұл факторларға мыналар жатады:
Жасы;
Жынысы;
Денсаулықтың жалпы жағдайы (мысалы, салмағы, күретамырлық қысымы, холестерин деңгейі);
Отбасылық анамнез;
Шылым шегу;
Қызмет түрі.
Полистің түрі, ұзақтығы (егер өмір бойылық мерзім), өтем сомасы және кез-келген сіз таңдаған опциялар сондай-ақ өмірді сақтандыру бойынша сыйлықақылар мөлшеріне әсер етеді.
Дереккөзі: https://www.usnews.com/insurance/life-insurance/guide-to-policies-and-companies
Сурет ашық дереккөздерден