bs-preloader__icon
ru kz

Қазақстанда өмірді сақтандыру компаниялары қанша табыс тапты

Ұлттық Банктің мәліметтері бойынша 2019 жылдың қазан айының басында өмірді сақтандыру компанияларының жиынтық активтері 396,9 млрд теңгені құрады. 2018 жылдың ұқсас кезеңінде активтер айтарлықтай төмен болды – 314,1 млрд теңге, деп хабарлайды «Курсив».
Қазақстанда өмірді сақтандыру компаниялары қанша табыс тапты

Ағымдағы жылы ӨСК меншікті капиталы 65,7 млрд теңгеге жетті, ол 2018 жылдың қазан айының басында 46,4 млрд. теңгеден 42%-ға өсті. Жиналған сақтандыру сыйлықақыларының сомасы бір жыл ішінде 89,6 млрд теңгеден 2019 жылдың 1 қазанына 139,1 млрд теңгеге дейін өсті.

Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру шығындары өткен жылы 13,4 млрд теңгеге қарағанда 15,8 млрд теңгеге жақындады. Өмірді сақтандыру компанияларының бөлінбеген табысы (пайдасы) 14,1 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың ұқсас көрсеткіші – 11,3 млрд теңге.

Инвестициялық қызметтен түсетін кірістер
Өмірді сақтандыру компанияларының пайдасы мен шығыны туралы есептерден нарықтағы барлық ұйымдардың инвестициялық кірістері (шығындарды есепке алмағанда) 23,7 млрд теңгені құрады. Ал ӨСК жиынтық табысы 151,2 млрд теңгеге жақындады. Мұндай компаниялардың негізгі қызметі инвестициялау емес, сақтандыру болып табылады.

Әдетте, ірі сақтандыру компанияларының активтердің көлеміне байланысты көп қаражатты инвестициялауға және тиісінше үлкен табыс алуға мүмкіндігі бар. Компанияның өзінің инвестициялық саясаты маңызды мәнге ие – консервативті («аз тәуекел – аз табыстылық»), агрессивті («үлкен тәуекел – үлкен табыстылық») немесе орташа.

ӨСК қаржылық есептерінің мәліметтері бойынша, 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында «Халық – Life» Өмірді сақтандыру бойынша ең ірі компанияның жалпы табысы 62,5 млрд теңгені құрады, оның ішінде инвестициялық қызметтен – 10,3 млрд теңге немесе барлық кірістен 16,5%. Өткен жылы инвестициялаудан түскен табыс 5,8 млрд теңгеге тең болды, бұл осы жылдың көрсеткішінен 78,5%-ға төмен.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 1 қазанына ӨСК жалпы активтері өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 111,5%-ға артып, 163 млрд теңгеге жетті.

Nomad Life нарықтағы активтердің көлемі бойынша екінші компания болып табылады. Ағымдағы жылдың қазан айының басында активтер көлемі 124,4 млрд теңгеге жақындады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 78,8 млрд теңге деңгейінде болды. Бір жылдың ішінде өсім 57%-дан асты.

Компания тоғыз айда 48,5 млрд теңгеге тең кіріс ала алды, оның ішінде инвестициялық қызмет есебінен – 6,9 млрд теңге (жиынтық кірістің 14,2%), негізгі қызмет есебінен (сақтандыру) – 41,6 млрд теңге. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде Компанияның инвестициялық табысы 6,3 млрд теңге деңгейінде болды.

Талданып отырған кезеңде инвестициялық қызмет есебінен 36,1 млрд. теңге көлеміндегі активтермен Мемлекеттік аннуитеттік компания (МАК) 2,3 млрд. теңге табыс алды. Жалпы табыс 4,3 млрд теңгеге тең болды. Барлық кірістерден инвестициялық кіріс үлесі 54,9% құрады.

Standard Life 33,6 млрд теңге көлеміндегі активтермен бірге 10,6 млрд теңге көлемінде жалпы кіріс алды, оның ішінде инвестициялық қызметтен – 2,1 млрд теңге (ұйымның барлық кірістерінің 19,7%).

«Еуропалық сақтандыру компаниясы» 15,9 млрд теңге көлеміндегі активтермен өткен жылы 11,6 млрд теңгеге қарсы 19,1 млрд теңге табыс тапты. Инвестициялық қызметке табыстың барлық сомасынан 0,8 млрд теңге (барлық табыстың 4,2%), қалғаны – сақтандыру қызметіне келді.

Freedom Finance Life жиынтық табысы 15,5 млрд теңгеге жетті. Инвестициялық қызметтен түскен кірістер – 0,9 млрд теңге (барлық кірістен 18,9%), сақтандыру қызметінен түскен кірістер – 4,6 млрд теңге. Жиынтық активтер 14,9 млрд теңгеге теңестірілді. Компанияның өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі инвестициялық кірісі – 0,7 млрд теңге.

2019 жылы Қазақстан өмірді сақтандыру нарығына "Еуразия" сақтандыру компаниясының аттас еншілес компаниясы шықты. Компанияның жалпы активтері ағымдағы жылдың 1 қазанына 9 млрд теңгені құрады. Ашылған күннен бастап компания 0,8 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру және инвестициялық қызметтен 0,4 млрд теңге табыс тапты. ӨСК-ға Ұлттық Банктің лицензиясы 2019 жылдың наурыз айының басында берілгенін нстеріңізге сала кетейік.

Сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелі
«Халық-Life» АҚ өмірді сақтандыру нарығында ең үлкен инвестициялық портфелі бар – 2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ол 143,6 млрд теңгені құрады. Жыл басына өсім 14% құрады.

Өткен жылы «Казкоммерц-Life» ӨСК сақтандыру компаниясына қосылу және бизнес көлемінің өсуі инвестициялық портфель мен активтердің айтарлықтай өсу себептері болды.

Сақтандыру компаниясының деректері бойынша инвестициялық портфельдегі негізгі үлесті қазақстандық және шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздары (87,8%) алады, бұдан әрі депозиттер (11,8%) және кері РЕПО операциялары (0,4%) жүреді.

«Халық-Life»-да компанияның инвестициялық портфелінің құрылымында жыл басымен салыстырғанда қазақстандық эмитенттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздарының үлесі абсолюттік мәнде 14 пайыздық тармаққа (25%-дан 39%-ға дейін) өскенін хабарлады.

Инвестициялық портфельдегі мемлекеттік бағалы қағаздардың үлесі абсолюттік мәнде 8 пайыздық тармаққа өсті (30%-дан 38%-ға дейін), кері РЕПО үлесі 18%-дан 0,4%-ға дейін төмендеді.

«Инвестициялық портфельдің өзгеруі инвестициялардың рентабельділігін арттыру мақсатында ғана байланысты», – атап өтті сақтандыру компаниясында.

Өмірді сақтандыру бойынша басқа компанияда, Nomad Life-та, ӨСК инвестициялық портфелінің активтерін қалыптастыру кезінде S&P шкаласы бойынша "BB" төмен емес деңгейде инвестициялық портфельдің орташа өлшемді ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін қамтамасыз ету мақсатында активтердің кредиттік сапасын ескеретінін айтты. Сондай-ақ компания активтер сомасының 5%-дан аспайтын «B+», «B», «B-» рейтингі бар активтерге инвестициялар бойынша шектеулерді белгіледі.

Компанияның инвестициялық портфелі ең алдымен негізгі қағидатты – мерзімдері бойынша міндеттемелерді иммундау қағидатын (Liability driven investing) ескере отырып, қалыптасады.

Иммундау – бұл Компания міндеттемелерінің жеделдік құрылымын ескере отырып, инвестициялық портфельдің құрылымын қалыптастыру.

LDI-ден басқа компания инвестициялық портфельді тактикалық басқаруды да пайдаланады. Инвестициялық портфельді тактикалық басқару кезінде компания мерзімі бойынша міндеттемелердің 100%-дық өтеуін қолданбауы және табыстылығы жоғары инвестициялау үшін активтерді анықтауы мүмкін, бірақ барлық қалған параметрлер өзгеріссіз қалады. Портфель құрылымындағы осы ауытқу surplus (ағылш. – «артық») болған жағдайда, яғни активтер сомасы міндеттемелер сомасынан артық болған кезде, рұқсат етіледі.

2019 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша ӨСК инвестициялық портфелі 117,9 млрд теңгені құрады. Мемлекеттік бағалы қағаздардың үлесі 31,7%-ды, Екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріндегі бағалы қағаздар мен қаражатты – 33,6%-ды, өзге эмитенттердің бағалы қағаздарын – 17%-ды, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарын – 7,9%-ды, Қазақстан Республикасының бейрезиденттерінің бағалы қағаздарын – 5%-ды, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ облигацияларын – 4,4%-ды, ақша қаражатын – 0,1%-ды құрады.

Компанияның деректері бойынша, ағымдағы жылдың қазан айының басында инвестициялық портфельдің орташа алынған кірістілігі 8,17%-ды құрады.

Компанияда табыстылықтың осындай деңгейі олар үшін қолайлы деңгей болып табылатынын атап өтті, өйткені өзіне қабылдаған барлық міндеттемелерді орындауға және активтердің кредиттік сапасын қолдауға мүмкіндік береді.

«Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК-да 1 қазандағы жағдай бойынша компанияның инвестициялық портфелі 33,5 млрд теңгеге тең екенін, оның ішінде бағалы қағаздар – 22,8 млрд теңге (68,1%), оның ішінде облигациялар – 22,5 млрд теңге (67,2%), акциялар – 0,3 млрд теңге (0,9%) екенін айтты. Портфельдегі депозиттер 10,7 млрд теңгеге жетті (31,9%).

МАК-та 2019 жылдың 1 қаңтарына компанияның инвестициялық портфелі 32,8 млрд теңгені құрағанын еске салып өтті, оның 52%-дан астамы бағалы қағаздарға (17,2 млрд теңге), 41,3%-ы депозиттерге (13,6 млрд теңге) және 6,2%-ы РЕПО операцияларына (2 млрд теңге шамасында) келді..

Тоғыз айда депозиттердің үлесі 41,3%-дан 31,9%-ға дейін төмендеді, бағалы қағаздардың үлесі 52,1%-дан 67,2%-ға дейін өсті. Компанияда атап өткендей, инвестициялық портфель құрылымының өзгеруі есебінен Компанияның пайыздық табысын арттыру мүмкін болды.

МАК-та компания саясатының негізгі қағидаттары активтердің тұрақты өсімін қамтамасыз ету және қайтарымдылық, әртараптандыру, табыстылық, өтімділік қағидаттарын ескере отырып салымдардың қалыпты консервативтік саясаты болып табылатынын атап өтті.

2019 жылдың 1 қазанына Freedom Finance Life ӨСК инвестициялық портфелі шамамен 13 млрд теңгені құрады. ӨСК портфелінің құрылымы 78,8%-ға бағалы қағаздар, оның ішінде мемлекеттік қағаздар – 14,7%, ҚР екінші деңгейдегі банктердің облигациялары – 22,3%, қазақстандық компаниялардың облигациялары – 26,1%, қазақстандық компаниялардың акциялары – 4,2%, сондай-ақ кері РЕПО операциялары – 14,3%, салымдар – 6,3% және ақша – 0,7% құрайды.

Компанияда ӨСК қаражаты Түркия және РФ сияқты елдердің егемендік облигацияларына, жетекші халықаралық компаниялардың акцияларына және ірі шетелдік банктердің облигацияларына орналастырылатынын айтты. Қоржынның негізгі бөлігі – бұл «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен оның еншілес компанияларының Қазақстандық квазимемлекеттік облигациялары. Компания қоржынды барынша әртараптандыру қағидатын ұстана отырып, экономиканың түрлі секторларына инвестицияларды бөледі.

2019 жылдың 1 қаңтарына осындай портфель көлемі 8,8 млрд теңгені құрады. Портфельдің көбеюі сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының түсуімен байланысты болды.

Ағымдағы жылдың қазан айының басында іске асырылмаған кірісті ескере отырып, инвестициялаудың кірістілігі 13,1 % құрады.

Компания жиналған сақтандыру сыйлықақыларын орташа консервативті инвестициялық стратегияға сүйене отырып, бағалы қағаздарға орналастырады.

Компания өкілдері атап өткендей, бірінші кезекте бұл стратегия компанияның клиенттер алдындағы міндеттемелеріне қызмет көрсетуге, соның ішінде ерікті сақтандыру түрлері бойынша қызмет көрсетуге құрылады. Мысалы, 10 жылдық зейнетақы аннуитеті бойынша компанияның «ұзақ» міндеттемелері бар, және ӨСК осы міндеттемелер бойынша шығындарды өтеп қана қоймай, қосымша табыс бере алатын бағалы қағаздар қажет.

Сондықтан компания 10-15 жылдық мемлекеттік облигациялар мен неғұрлым табысты корпоративтік бағалы қағаздар арасында теңгерімдейді, бағалы қағаздар бойынша кірістер сақтандырудың ерікті жинақтаушы түрлері бойынша міндеттемелерді өтемін үнемі қадағалап отырады.

Қорытындылай келе Freedom Finance Life ӨСК қазіргі уақытта компанияның портфелі сақтандыру нарығындағы ең әртараптандырылған және бағалы қағаздардың 36 түрлі шығарылымынан тұрғанын атап өтті. Бірақ мұндай қалыпты консервативтік тәсілде тіпті компания екінші деңгейдегі банктердің депозиттері бойынша мөлшерлемелерден оза алады.

«Курсив» басылымымен сұралған сақтандыру компаниялары консервативті инвестициялық портфель қалыптастырады, ол негізінен бағалы қағаздарға (мемлекеттік және қазақстандық эмитенттерге) және екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне инвестициялайды, бұл салымдардың тәуекелін төмендететінін айта кету керек.

Қалған барлық сақтандыру компаниялары қандай да бір себептермен басылымның сұрауына жауап беруден бас тартты, мұны коммерциялық құпия немесе жұмысбастылықпен түсіндірді.

Дереккөзі: https://kursiv.kz/news/tendencii-i-issledovaniya/2019-11/skolko-zarabotali-kompanii-po-strakhovaniyu-zhizni-v

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Австралияның зейнетақы жүйесі қалай жұмыс істейді
Австралияның зейнетақы жүйесі қалай жұмыс істейді

Бүкіл әлемде зейнетақы жүйелерінің қазіргі ке...

Nomad Life ұтыс ойынның аясында екінші автокөлікті табыстады
Nomad Life ұтыс ойынның аясында екінші автокөлікті табыстады

«Nomad Life» өмірді сақтандыру компаниясы ZOLOTO NOMADOV ...

Өмірді сақтандыру неліктен маңызды
Өмірді сақтандыру неліктен маңызды

Отбасында болуы мүмкін ең қорқынышты қайғы – ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру