bs-preloader__icon
ru kz en

Қайтарып алынбайтын депозиттер

Ұлттық Банк, ҚҚҚ және банктік қауымдастығы заңнамалық деңгейде жаңа банктік құралды – қайтарып алынбайтын депозитті ұсыну мүмкіндігін қарастыруда. Алайда, халық үшін жинақтаушы сақтандыру бойынша компаниялардың жаңа ұсыныстары қызықты болуы мүмкін.
Қайтарып алынбайтын депозиттер

Еліміздің қаржы нарығында инвестордың қалтасы үшін күрес басталды, инвесторға таңдау құқығын беретін табыстылыққа, сонымен қатар жаңа құралдарға жоғары сұранымды ескерсек, бұл күрес өте күрделі болатын сияқты. 

Ұсынылып отырған жаңа өнім – қайтарып алынбайтын депозиттер, қазіргі таңда қолданылып жүрген мерзімді және талап етілгенге дейін депозиттерге қарағанда оның айтарлықтай айырмашылықтары болады, деп хабарлайды abctv.kz. Депозиттің басты талабы – клиенттің қаржысын қатаң түрде ескертілген және ұзақ мерзімге (әдетте, бұл үш-бес жылды құрайды) тіркеу, бұл мерзімнен бұрын клиент өз ақшасын ала алмайды. Тәуекел үшін сыйлықақы ретінде едәуір жоғары мөлшерлеме және кепілдендірудің жоғары сома ұсынылады. Кепілдік қайтарып алынбайтын депозитті 15 млн теңге мөлшерінде өтейді деп көзделеді, ал мерзімді депозит мемлекет тарапынан 10 млн теңге шегінде кепілдендіріледі. Депозиторға болса, ақшаны ұзақ мерзімнен кейін алу құқығын қалдырады, алайда, бұл үрдіс жылдам өткізілмейді, салымды алу туралы өтінішті берген күннен бастап бір ай уақыт күтуге тура келеді. Сондай-ақ бұл жағдайда депозитор өзінің сыйақысынан айырылады.

«Құралдар тұрғысынан барлығы өте ыңғайлы жасалған, табыстылық бірнеше жылға тіркеледі. Банкке өз активтері мен міндеттемелерін басқару оңайға түспек, ал депозиторға мөлшерлеме тіркелгені ыңғайлы, – деп «Казкоммерц Секьюритиз» инвестициялық компаниясының басқарма төрағасы Шыңғыс Жақсыбек өз байқағандарымен бөлісті. – Алайда мен бұл халық үшін қолайлы құрал болып табылатынына сенімді емеспін. Тіпті ағымдағы шарттарда сапалы банкте жеке тұлғалар үшін толық еркіндік беретін депозит қажетті табыстылыққа қол жеткізбейді. Сбербанкте және Халық банкте мөлшерлемелер 10%-дан және одан да төмен. Егер депозит қайтарып алынбайтын болатын болса, онда мөлшерлеме 11%-ға дейін өсуі мүмкін. Бірақ жеке тұлға өзін ыңғайлы сезінбейді».

Бұндай жағдайларда өмірді сақтандыру компаниялары клиенттерге тіркелген табыстылығымен жинақтаушы сақтандыру пакеттерін белсенді түрде ұсынуда, бұл табыстылық, мысалы, теңге/доллар бағамы бойынша индексациялануы мүмкін. Қазір реттеуші банктік депозиттерді кепілдендіру үлгісі бойынша өмірді сақтандыру компанияларының өнімдерін кепілдендіру мәселесін қарастыруда. Бұл, әрине, аталған өнімге халық арасындағы сұранысты арттырады.

Дереккөзі: abctv.kz/ru/news/skolzkie-depozity

Фотосурет deminv.ru, incharge.org сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Аннуитеттер: сатып алушылар нені білуі тиіс
Аннуитеттер: сатып алушылар нені білуі тиіс

Инвесторлар аннуитеттерге миллиардтаған долл...

Австралиялық он адамның бірі зейнетақы аннуитетін таңдайды
Австралиялық он адамның бірі зейнетақы аннуитетін таңдайды

Австралиялықтар зейнетақы қорларында (ЗҚ) жин...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру