bs-preloader__icon
ru kz

Қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы бір жылда 14,3%-ға өсті

2020 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 14,3%-ға жылдық өсімді көрсетті және 233,1 мың теңгеге жетті. Құнсыздануды еске отырып, нақты өсім 6,5%-ды құрады, - деп жазады finprom.kz.
Қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы бір жылда 14,3%-ға өсті

Салыстыру үшін: 2019 жылдың осы кезеңінде орташа айлық жалақы 203,9 мың теңгені құраған.

Өңірлер бөлігінде орташа айлық жалақының ең үлкен мөлшері әдеттегідей Атырау облысына түсіп отыр: 377,4 мың теңге, ел бойынша орташадан 61,9%-ға көбірек. Орташа айлық жалақы мөлшері бойынша өңірлердің ТОП-үштігіне сондай-ақ елорда (349,6 мың теңге) мен Маңғыстау облысы (337,7 мың теңге) кірді.

Орташа айлық жалақының ең төмен мөлшері – Түркістан (166,7 мың теңге), Жамбыл (168,8 мың теңге) және Солтүстік Қазақстан (168,9 мың теңге) облысы тұрғындарында.

Қызметтің әр түрлі салаларында жұмыс істейтін қызметкерлер арасында да еңбекке ақы төлеу айырмашылықтары байқалады. Мысалға, орташа айлық жалақының максималды деңгейі тау-кен қазу өнеркәсібінде (472,3 мың теңге), сондай-ақ қаржы саласында және сақтандыру қызметінде (422,6 мың теңге) көрсетілген. Ал осы ретте, орташа айлық жалақының ең төмен деңгейі сумен қамтамасыз ету саласында (145,7 мың теңге) және ауыл шаруашылығында (147,7 мың теңге) тіркелген.

Өз кезегінде білім беру саласында орташа айлық жалақы 176,5 мың теңгені (ел бойынша орташадан 24,3%-ға төмен), денсаулық сақтауда – 197,4 мың теңгені (ел бойынша орташадан 15,3%-ға төмен) құрады. Бұл салаларда орташа айлық жалақы сондай-ақ ел бойынша ең аздардың қатарында.

Дереккөзі: http://finprom.kz/ru/article/uchitelya-vrachi-agrarii-kommunalshiki-komu-v-kazahstane-zhit-nehorosho-minimalnye-zarplaty-poluchayut-rabotniki-naibolee-socialno-znachimyh-sfer

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Сақтандырушылар ЖОМС-ты бірыңғай мемлекеттік операторға беруге қарсы
Сақтандырушылар ЖОМС-ты бірыңғай мемлекеттік операторға беруге қарсы

Қазақстанда еңбек (қызметтік) міндеттерін (ЖОМ...

Қазақстанның мемлекеттік сыртқы қарызы қауіпсіз деңгейге жатады
Қазақстанның мемлекеттік сыртқы қарызы қауіпсіз деңгейге жатады

Қазақстанның сыртқы қарызы 2020 жылдың 1 қазанын...

106 жастағы ер адам ұзақ өмірдің басты қағидаларын атады
106 жастағы ер адам ұзақ өмірдің басты қағидаларын атады

АҚШ тұрғыны қыркүйектің басында өзінің 106-шы т...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру