bs-preloader__icon
ru kz en

Ержан Қоңырбаев: «Полистер едәуір икемді болады»

Жақында StandardLife компаниясының басқарма төрағасының қызметіне Ержан Қоңырбаев тағайындалды – сақтандыру нарығында тәжірибелі ойыншылардың бірі. Біздің басылымымызға берген сұхбатында неліктен өмірді сақтандыру ел үшін тиімді болатынын, нарықта қандай жаңа үдерістерді күту керектігін, жинақтаушы бағдарламаларда клиентті не қызықтыратыны және т.б. көптеген мәселелерге қатысты өз пікірін білдірді.
Ержан Қоңырбаев: «Полистер едәуір икемді болады»

- Ержан Еркенович, жақында сіз жаңа қызметке тағайындалдыңыз. Сіздің алдыңызға қандай міндеттер қойылды?

- Alliance-Life, «Астана Финанс», «Азия Life» және т.б. сақтандыру компанияларында басшы ретінде қызметте болғанда – менің негізгі міндетім әрдайым үрдістерді құру және компания нарықта ұзақ уақыт және табысты түрде дамуы үшін оған қуатты шабытты беру болатын. Олардың барлығы осы саладағы белсенді ойыншылары болып табылатын, әрқайсысының ұзақ мерзімді табысы – мен дұрыс стратегиялық шешімдерді қабылдағаныма көзімді жетті.

Менің Standard Life компаниясындағы алғашқы мақсатым осы жылдың аяғына дейін жүйелі және табысты бизнесті құру. Нақтырақ айтатын болсақ – табыстылықты кемінде 25%-ға дейін жеткізу. Мұндай өсуге біз үрдістердің тиімділігін арттыру, міндеттерді нақты қою және компанияның кадрлық әлеуетін арттыру арқылы қол жеткізуді жоспарлап отырмыз. Біз жаңа мамандарды тарту және бар қызметкерлерді оқыту арқылы өңірлік желілерді, саты желілерін және back-офисін нығайтуды жоспарлап отырмыз.

Ұзақ мерзімді перспективада Standard Life компаниясы сақтандыру қызметі нарығының көшбасшына айналуы тиіс.

- Заңнамадағы қандай өзгерістер өмірді сақтандыру саласының дамуына ықпал етіп, экономиканың дамуына пайда тигізер еді? 

- Өмірді сақтандыру саласының депозиттер мен басқа жинақтаушы құралдарға қарағанда басымдыққа ие болуы керек, және де заң полистерді сатып алуды ынталандыра келе, тиісті жағдайларды жасау керек. Неге дейсіз ғой? Азамат полисті сатып ала отырып, өз болашағы үшін жауапкершілікті толық өзіне алады, өмірінде орын алатын келеңсіз жағдайлар кезінде мемлекеттен жәрдемақы мен жеңілдікті жағдайларды күтіп отырмайды. Мұндай саналылық мемлекет тарапынан, мысалы – полистің иелері үшін салықтарды төмендету арқылы ынталандырылуы тиіс. Жақында ғана мұндай норма 7 жылдан жоғары мерзімге жасалатын полистер үшін енгізілген еді, және бұл өте дұрыс. Егер адамның өзі зейнетке шыққаннан кейін немесе ауырған жағдайда өзінің қамын ойлауға дайын болса, неге ол қазынаға артық ақша төлеу керек?

Сақтандыру саласының дамуы ел үшін – экономиканың дамуы үшін жалпы тиімді. Бүкіл әлемде сақтандыру компаниялары басты ұзақ мерзімді инвесторлар болып табылады, ал бұл кәсіпорындардың, зауыттарының құрылысы, ипотека мен білімге инвестициялар. Банктердің активтері, қорлануы максималды бес жылдық депозиттермен қамтамасыз етілгенін ескерсек, 20 жылға ипотекалық несиелерді бере отырып, олар табысты бола алмайды. Сақтандыру компаниялары болса, керісінше, клиенттермен ұзақ мерзімді шарттарды жасасып, сәйкесінше бизнестің, мемлекеттің және полис иелерінің өзара пайдасына «ұзақ» облигацияларды сатып алады.

- Қазіргі кезде талқыланып отырған өмірді сақтандыру компанияларының зейнетақы жүйесінң алғашқы қолжетімділігі және Unit-Linked үлгісі тақырыбы нарық пен клиенттерге нені береді?

- Unit-Linked үлгісі зейнетте өз амандығына мүдделі кез келген қаржы тұрғысынан сауатты тұтынушыға қызықты болады. Менің ойымша, елімізде өмірді сақтандыру компанияларының зейнетақы активтерімен жұмыс жүргізуге бағыты болуы тиіс. Сақтандыру компаниялары өз клиенттердің активтерін жинақтаушы өнімдер аясында табысты басқарады және олардың зейнетақы қорланымын да басқара алады. Оған сондай-ақ мемлекет те, азаматтар да мүдделі: зейнетақы қорланымдар – бұл «ұзақ» ақша, сақтандыру компанияларының ол ақшамен жұмыс жүргізуде және олардың табыстылығын қамтамасыз етуде максимум тәжірибесі бар.

Бұрын бағалы қағаздар нарығы бойынша заңнама мұндай құқықты өмірді сақтандыру компанияларына беретіндігін және инфляцияны ескере отырып, құралдар болғандығын естеріңізге сала кетейін. Бұл норманы түсініксіз себептермен және халықаралық тәжірибеге қайшы алып тастады.

- Ал сақтандыру саласында заңдар мен дәстүрлердің қандай өзгерістері басымды болуы тиіс?

- Дәл кешенді жүйелі өзгерістер маңызды. Өмірді сақтандырудың экономикадағы рөлінің, жалпы қаржы құралдарының мақсатты көрсеткіштерінің және мақсатты аудиторияның түсінігі болуы керек. Мұндай түсінік орын алған кезде, онда түрлі салалардағы тәуекелдер және өтімділіктің талаптары сияқты әр түрлі бөлшектер айқындалып, соңынан нарықта баламалы өнімдер пайда болады.

Сонымен қатар реттеу мәселелерінде көрші нарықтарға да қарайлау керек. Мысалы, бізде қазір Ресеймен салық салу бөлігінде арбитраж бар. Бұл орайда Ресейде өмірді сақтандыру полисі бойынша жылына 120 мың рубль шегінде жарнаны енгізетін клиенттің төлемдер кезінде салықтың болмауымен қатар бұл жарналарды шегерімге жатқызуға құқығы бар. Яғни полисті Қазақстанда емес Ресейде сатып алу тиімдірек болады.  

-  Сіздің ойыңызша, біз Қазақстанның сақтандыру нарығында жақын арада қандай жаңа үдерістерді бақылайтын боламыз?

- Қазіргі кезде бірінші орынға өнімдердің технологиялылығы шығады. Біз өз стратегиямызда IT және мобильді сервистердің дамуына баса назар аударамыз: клиенттің үйден шықпай-ақ полисті ресімдеу, оны толықтыру және төлемдерді алу мүмкіндігі болуы керек.

Дербестендіру және сервис компаниялар арасында маңызды рөл атқарады: клиентке бағыттаушылық, икемділік, мақсатты өнімдер. Алайда жалпы нарық сақтандырудың дәстүрлі кең таралған түрлері: зейнетақы аннуитеті, қызметкерлерді міндетті сақтандыру, заемшыны өмірді сақтандыру және жинақтаушы сақтандыру есебінен өсетін болады.  

- Егер нақты өнімдер туралы айтатын болсақ, онда клиенттің жинақтаушы бағдарламаларына қызығушылығын не оятуы тиіс?

- Ең бастысы, еркіндік. Жинақтаушы бағдарламалар инвестицияларды таңдауда еркіндік береді, ал бұл өзінің қаржылық ауқаттылығы мен болашағын бақылай алу мүмкіндігі. Оның үстіне жинақтаушы полистерде табыс мөлшерлемесі банктік өнімдердің мөлшерлемесімен салыстырмалы болады, бірақ мұнда клиент тағы сақтандыру арқылы қорғалады.

- Сіз ӨСК жұмысында ең маңыздысы не деп ойлайсыз?

- Біз мүлікпен емес адамдармен жұмыс істеп жүргенімізді есімізден шығармауымыз керек. Біз адам өмірінде орын алып жатқан маңызды оқиғалардың бөлігіне айналады, және де бизнестің ерекшелігіне байланысты бұл оқиғалар айтарлықтай жағымды емес болады. Мұнда дәрігерлер жұмысындағы орын алатын теңгерімнің маңызы зор: адамгершілікті жоғалтпай, арсыздыққа жол бермеу керек, сондай-ақ саналы және жауапты кәсіпқой болып қалу керек.

- Қазақстанда және бүкіл әлемде осы жылда ӨСК нарығын дамыту бойынша Сіздің болжамдарыңыз?

- Елдің ЖІӨ үлес қосу тұрғысынан Қазақстанда ӨСК әлі айтарлықтай дамымады. Даму үшін перспективалар мен әлеует бар, оларды пайдалану қажет – біз, кем дегенде, банктік депозиттердің деңгейіне жете аламыз.

Жаһандық деңгейде елеулі өзгерістерді күтудің қажеті жоқ. Бүкіл әлемде полистер барған сайын жақсара түседі: үйде отырып-ақ басқару үшін олар едәуір икемді және ыңғайлы болады.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қаржылық алаяқты қалай тануға болады
Қаржылық алаяқты қалай тануға болады

Шабуылдаушылар банктік шоттарға қол жеткізу ү...

Үндістандағы өмірді сақтандыру
Үндістандағы өмірді сақтандыру

Өмірді сақтандыру қызықты қаржы құралы болып ...

Өмірді жинақтаушы сақтандырудың дамуындағы жаңа орам
Өмірді жинақтаушы сақтандырудың дамуындағы жаңа орам

Коронавирус пандемиясының әсері бүткіл қаржы ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру