bs-preloader__icon
ru kz en

Сақтандыру жұмысты жандандырды

ӨСК сыйлықақылары шілдеде 200 млрд теңгеден асты
Сақтандыру жұмысты жандандырды

ӨСК жиынтық брутто-сыйлықақылары өз түсімін бәсеңдетті: 2020 жылғы шілденің қорытындылары бойынша түсім маусымдағы 11,6% (барлығы – жылдан жылға) түсімге қарсы 7,8%-ды құрады. Ақшалай көріністе ӨСК 197,4 млрд теңге, ал Unit-linked өнімі бойынша сақтандыру сыйлықақысының жинақтаушы бөлігін ескеріп – 201,4 млрд теңге жинады. «Nomad Life» ӨСК Unit-linked өмірді инвестициялық сақтандыру өнімін ұсынатын жалғыз өмірді сақтандыру компаниясы болып қалады. Шілдеде бұл өнім бойынша сақтандыру сыйлықақысының жинақтаушы бөлігі 4 млрд теңгені құрады. «Nomad Life» ӨСК-нің нарықтық үлесі 2022 жылғы шілденің басына өмірді сақтандыру саласында Unit-linked сатуларды ескеріп 25,6%-ды құрады.

Шілденің қорытындылары бойынша «Өмірді сақтандыру» сыныбы бойынша сыйлықақылар динамикасы жылдық көріністе маусымның қорытындысы бойынша 6,9%-ға жылдық динамиканың түсіміне қарсы 7,9%-ға өсті. Жиынтық ӨСК сыйлықақылардың 102,6 млрд теңгесін жинады. Өмірді сақтандыру бойынша сыйлықақылар ӨСК жиынтық портфелінде 50,9%-ды алады (Unit-linked өнімі бойынша сақтандыру сыйлықақысының жинақтаушы бөлігін ескеріп). Осы сегментте сыйлықақыларды жинайтын тоғыз ӨСК-ден үш ӨСК сыйлықақылардың теріс жылдық өсімін көрсетті (маусымда мұндай ӨСК екеу болды). «Өмірді сақтандыру» сыныбы бойынша көшбасшы «Halyk life» ӨСК болып табылады. Ол бір мезгілде сегментте нарықтық үлесін 41,2%-ға дейін (маусымда 40,4%) ұлғайтып, 42,3 млрд теңгеге дейін сыйлықақылар портфелін көбейтті. Екінші позицияда «Nomad Life» ӨСК тұр, оның сақтандырудың бұл сегменті бойынша портфелі 25,4 млрд теңгеге дейін өсті, ал нарықтық үлесі 24,8%-ды құрады. «Еуропалық сақтандыру компаниясы» ӨСК (ЕСК) өмірді сақтандыру сегментінде үшінші ірі сақтандырушы болып қалады. Шілденің қорытындылары бойынша ӨСК сыйлықақылары 22,5 млрд теңгеге дейін өсті, ал нарықтық үлесі сегментте маусымдағы 20,8%-ға қарсы 22%-ға дейін ұлғайды.

 

2022 жылдың шілденің қорытындылары бойынша «Аннуиеттік сақтандыру» сыныбы бойынша сыйлықақылар динамикасы теріс аумақта қалуда. Сыйлықақылар бір жыл бұрынға қарағанда 42,9%-ға азырақ жиналды, алайда төмендеу тежеуде. Маусымда жылдық көріністе сыйлықақылар 44,8%-ға азырақ жиналды. Аннуитеттік сақтандыру бойынша ӨСК жиынтық портфелі ӨСК жиынтық сыйлықақыларында 24,1%-ға дейін (маусымда үлес 25,2%-ды құраған) қысқарып, 48,5 млрд теңгені құрады.

«Зейнетақы аннуитеттері» сыныбы бойынша сыйлықақылар жылдық көріністе 43,17 млрд теңгеге дейін, 46,6%-ға (маусымда - 48,7%-ға, мамырда – 53%-ға) құлады. Аннуитеттік сақтандыру және зейнетақы аннуитеттері сегменттерінің көшбасшысы 2022 жылдың шілденің қорытындылары бойынша «Nomad Life» ӨСК болып қалады. Аннуитеттік сақтандыру бойынша компанияның сыйлықақылар портфелі 15,7 млрд теңге сыйлықақыларға дейін, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері сегментінде 14,9 млрд теңгеге дейін өсті. «Nomad Life» ӨСК нарықтық үлесі аннуитеттік сақтандыру сегментінде 32,4%-ды, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері сегментінде 34,7%-ды құрайды.

«Halyk life» ӨСК аннуитеттік сақтандыруда 14 млрд теңге портфельмен, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері бойынша 12,2 млрд теңге портфельмен екінші позицияны алады. ӨСК үлесі жиынтық сыйлықақыларда аннуитеттік сақтандыруда, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері бойынша тиісінше 28,9% және 28,4%-ды құрайды. «Freedom Life» ӨСК сегментте үшінші позицияда қалып отыр. Аннуитеттік сақтандыру бойынша
ӨСК сыйлықақылар портфелі шілдеде 9,58 млрд теңгеге дейін, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері бойынша 8,9 млрд теңгеге дейін өсті. Аннуитеттер сегментінде ӨСК нарықтық үлесі 19,7%-ға, ал зейнетақы аннуитеттерінде - 20,7%-ға дейін өсті. Аннуитеттік сақтандыру сегментінде сыйлықақыларды жинайтын сегіз ӨСК-ден алтауы жылдық көріністе жинақтардың төмендеуін көрсетті.  Осыған ұқсас нәтиже маусымда болған.

 

2022 жылғы шілденің қорытындылары бойынша «Жұмыс беруші жауапкершілігінің аннуитеттері» (ЖЖА) сыныбы бойынша жинақ жылдық көріністе маусымдағы 1,7% жылдық өсімге қарсы, 0,7%-ға өсті. Жиынтық түрде ӨСК 2,97 млрд теңге жинады. Алайда басқа ӨСК портфельдерінің өсімі есебінен «Halyk life» ӨСК-нің нарықтық үлесі сегментте маусымдағы 37,5%-ға қарсы 35,7%-ға дейін қысқарды. «Nomad Life» ӨСК 21,7% нарықтық үлеспен 646,6 млн теңгеге көлемі бойынша екінші портфельге ие. «KM Life» ӨСК ЖЖА сегментінде үшінші ірі сақтандырушы болып қалады. Шілдеде ӨСК сыйлықақыларын 568,2 млн теңгеге дейін ұлғайтты және ЖЖА сегментінің жиынтық сыйлықақыларында 19,1% (маусымда– 15,9%) алады.

 

«Аннуитеттік сақтандырудың өзге түрлері» сегменті 2022 жылғы шілдеде маусымдағы 141,9% жылдық динамикаға қарсы 2021 жылдың осы кезеңіне 94,5%-ға өсті. Ақшалай көріністе ӨСК жиынтық жинақтары 2,4 млрд теңгені құрады. Сегмент көшбасшысы «KM Life» ӨСК болып табылады, оның портфелі 1 млрд теңгеден асты, ал сегментте нарықтық үлесі маусымның қорытындылары бойынша сегменттің 40,9%-на қарсы 42,6%-ға дейін өсті. «Halyk life» ӨСК 718,9 млн теңге портфельмен және 29,8% нарықтың үлесімен екінші позицияда тұр. «Freedom Life» ӨСК сыйлықақылардың 503,2 млн теңгесін жинап және 20,8%-ды (маусымда – сегменттің 22,4%-ы) ала отырып, үшінші позицияда тұр.

 

ӨСК бөлігінде жиналатын жазатайым оқиғадан сақтандыру (ЖО) бойынша сыйлықақылар 2022 жылғы шілдеде маусымдағы 5,1% (жылдан жылға) түсімге қарсы 1%-ға дейін түсімді қысқартты. Ақшалай көріністе ӨСК 10,6 млрд теңге жинады. «Freedom Life» ӨСК сегментте үлесін 33,6%-ға дейін (маусымда – сегментте 31,6%) ұлғайтып, 3,5 млрд теңге портфельмен сегмент көшбасшысы болып қалады. Екінші позицияда 2,8 млрд теңге сыйлықақылар көлемімен және 26,8%-ға (маусымда – сегменттің 25%-ы) сегмент үлесімен ЕСК ӨСК тұр. «Halyk life» ӨСК 2,3 млрд теңге портфельмен және 21,9%-ға (маусымда – 24,4%) нарықтық үлеспен сегментте үшінші позицияда қалуда.

 

2022 жылғы шілденің қорытындылары бойынша «Қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру» (ҚЖОМС) секторында сыйлықақылар жылдық көріністе маусымдағы 37,9% жылдық өсімге қарсы 49,9%-ға өсті. Жиынтық түрде ӨСК 33,5 млрд теңге жинады. Сегмент көшбасшысы «KM Life» ӨСК болып қалады, оның портфелі 7,2 млрд теңгеге дейін өсті, бұл ретте сегментте нарықтық үлесі 21,7%-ға дейін (маусымда – сегментте 27%) қысқарды. Шілденің қорытындылары бойынша екінші орынға 6,9 млрд теңге портфельмен «Евразия» ӨСК көтерілді. Сегментте ӨСК үлесі маусымның қорытындысы бойынша 12,5%-ға қарсы 20,6%-ға дейін өсті. Үшінші позицияда 18,8% нарықтық үлеспен бірден екі ӨСК тұр. «Halyk life» сыйлықақылардың 6,3 млрд теңгесін, «Nomad Life» ӨСК сыйлықақылардың 6,29 млрд теңгесін жинады. Екі компания да ҚЖОМС сегментінің ірі сақтандырушыларының тізімін аяқтайды.

 

ӨСК бөлігінде ауру жағдайына сақтандыру (ЕМС) бойынша сыйлықақылар 2022 жылғы шілдеде жылдық көріністе «Өмірді сақтандыру» саласы сегменттері арасында ең жоғары өсімді көрсетті. Жиынтық жинақтар өткен жылдың осы кезеңіне 142,9%-ға өсті (маусымда жылдық өсім 22,9%-ды құрады). ӨСК бөлігінде ЕМС бойынша сыйлықақылардың жалпы портфелі 2,1 мрлд теңгеге дейін өсті. «KM Life» ӨСК 1,36 млрд теңге портфельмен сегменттің көшбасшысы болып қалады. Сыйлықақылардың айлық өсімі 1,5%, жылдық – 89%-ды (маусымда динамика тиісінше 0,2% және 88,5% құрады) құрады. Жинақтардың әлсіз динамикасы сегментте ӨСК-нің нарықтық үлесін төмендетеді. Шілдеде ол маусымдағы 71,6% және мамырдағы 79,3%-ға қарсы 64,6%-ға дейін қысқарды. Екінші орында ЕСК ӨСК тұр, ол сыйлықақылар портфелін 715,2 млн теңгеге дейін, ал сегментте нарықтық үлесін маусымдағы 27,1% және мамырдағы 19,6%-ға қарсы 33,9%-ға дейін ұлғайтты. «Freedom Life» ӨСК ӨСК бөлігінде сегментте үшінші позицияны алады. Шілдеде ол сегментте сыйлықақылар портфелін 21 млн теңгеге дейін, ал нарықтық үлесін маусымдағы 0,9% және мамырдағы 0,6%-ға қарсы 1%-ға дейін ұлғайтты.

2022 жылғы шілдеде ӨСК жиынтық активтері маусымдағы 23,9%-ға жылдық өсімге қарсы 26,1%-ға дейін жылдық өсімді үдетті және 860 мрлд теңгеден асып түсті. Сақтандыру резервтері жылдық көріністе маусымдағы 25,1% жылдық өсімге қарсы 26,3%-ға ұлғайды және 622,1 млрд теңгені құрады. ӨСК меншікті капиталы маусымдағы 17,7% (жылдан жылға) өсімге қарсы 16,8%-ға (жылдан жылға), 150,5 млрд теңгеге дейін өсті. 2022 жылғы шілденің қорытындылары бойынша ӨСК үлестірілмеген табысы 25,9 млрд теңгеге дейін өсті.   

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру