bs-preloader__icon
ru kz en

Сақтандыру өнім құнын арттыру арқылы өсуде

Сақтандыру шарттары санының динамикасы олардың бағасының динамикасынан қалып барады, деп abctv.kz жазды.
Сақтандыру өнім құнын арттыру арқылы өсуде

Сақтандыру секторының тоқырауды тоқтатуға және жартыжылдықтың қорытындылары бойынша жақсы өсуді көрсетуге күші жетпеді. Нарықтың сыйымдылығы көтерілді: сақтандыру компаниялары 3,9 млн шартты жасап, 101,5 мыңға сақтандыру шарттарын артық (2,6%) жасасты.

Дегенмен сыйлықақыларының динамикасы 2018 жылғы қаңтар-маусым айларында өте әлсіз болды – тек қана 3,7%-ды көрсетті. Абсолютті цифрларда сыйлықақылар 212 млрд теңгеге дейін өсті, ал 2017 жылғы ұқсас кезеңінде 204,4 млрд теңге көрсетті, ол жылы сыйлықақылар 3,3%-ға артты (сақтандыру ұйымдары бойынша түскен сақтандыру сыйлықақылары туралы есепке сәйкес). Сақтандырушылар соңғы рет 2016 жылғы жартыжылдық үшін жақсы есеп берген, ол кезде сектор 33,4%-ға дейін өсті. Одан кейін нарықтың жаңа көтерілуі үшін мүмкіндіктері болмай жүр.

Осы жылдың бірінші жартыжылдықтың өткен жылғы ұқсас кезеңінен айырмашылығы – көшбасшының әдеттегідей кезекті ауысуы. Егер 2017 жылы 24% динамикасымен ерікті жеке сақтандыру таң қалдырып, қуантқан болса, онда биыл ол 14% динамикасына (абсолютті мәнде 7,6 млрд теңге) қол жеткізіп қарқынын бәсеңдетті. Дегенмен 60,9 млрд теңгеге тең сыйлықақы өте қомақты сома болып, міндетті сақтандыру бойынша алымдардан озды. Бұл жағдайда мәндетті сақтандыру өсудің көшбасшысына айналды - 54,6 млрд теңге мөлшеріне қол жеткізіп, 19,4%, немесе 8,9 млрд теңгеге жетті. 2017 жылғы жартыжылдығының қорытындылары бойынша міндетті сақтандыру түрлері 6,2%-ға тең елеусіз динамикасына ие болды.

Ерікті мүлікті сақтандыру – сақтандыру нарығының қозғаушы күші – екінші жыл қатарынан бәсеңдеп отыр. Бұл секторда 2017 жылғы бірінші жартыжылдығының нәтижелеріне сыйлықақының 8,3% (8,8 млрд теңге) жоғалтып, 96,4 млрд теңгені жинады. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда сыйлықақылар 6,1% динамикасымен 105,2 млрд теңгені құрады. 2016 жылғы бірінші жартыжылдығында мүліктік сақтандыру бойынша сыйлықақының өсімі 49%-ды құраған, ал жиынтық сыйлықақылар – 56%. 2018 жылғы алғашқы алты айының нәтижелері бойынша мүліктік сақтандырудың жиынтық сыйлықақыларда сыйлықақының үлесі 45,8%-ға дейін (2017 жылғы бірінші жартыжылдық үшін 51,4%) төмендеді.

Мүліктік сақтандырудағы сыйлықақының төмендеуі сақтандырудың басқа сыныптарының әсерін күшейтуге мүмкіндік берді. Жиынтық сыйлықақыларда міндетті сақтандыру бойынша сыйлықақылардың үлесі 25,7%-ға (2017 жылғы бірінші жартыжылдықта – 22,3% года, 2016 жылғы бірінші жартыжылдықта – 22%) дейін өсті.

Ерікті-жеке сақтандыру бойынша сыйлықақылардың үлесі 28,7% дейін өсті, 2017 жылғы бірінші жартыжылдықта 26,1%, ал 2016 жылғы ұқсас кезеңінде 21% болды. Біз көріп отырғанымыздай, мүліктік сақтандыруда корпоративтік сектор негізгі көлемді толтыратын сақтандыру, бөлшек сегменттен қалып барады. Бөлшекті сегментті сақтандыру қымбатқа түседі, өйткені сатудың кеңейтілген арналарына шығындалуға тура келеді, ал бұл сақтандырушылардың шығындарының өсуіне әкеліп соқтырады.

Электрондық полистерді енгізу алғашында елеулі үнемдеуді болдырмайды, өйткені диджитал-полиске, біріншіден, үйреніп кету қажет, екіншіден, «тірі» агенттер сақтандырушыларға болжамдалатын пайданы әкелуде, агенттерден ешкім де бас тартқысы келмейді, оның үстіне бастапқы диджитализация тек міндетті автосақтандыруға қатысты болады.

Сақтандыру өнімдері қымбаттап жатыр

Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін сақтандыру (КҚИ АҚЖС) сақтандырудың міндетті түрлерінің негізгі портфельін қалыптастыруды жалғастырады. Автосақтандыру 28,9%-ға 31,6 млрд теңгеге дейін өсті (абсолюттік мәнде 7,1 млрд теңге), міндетті түрлер бойынша жиынтық сыйлықақыларында  58% ие болды.  2017 жылғы бірінші жартыжылдығында КҚИ АҚЖС бәсеңді өсу есебінен міндетті сыйлықақылардың 53,6% қалыптастырды. Сыйлықақылардың жақсы динамикасына қарамастан КҚИ АҚЖС бір орында тұр, өйткені сақтандыру шарттарының саны көбеймеді, олар 2,5 млн шарт (жартыжылдық жартыжылдыққа) деңгейінде қалды.

Сыйлықақылардың өсуі шарттың орташа құнының өсуімен шарттасқан. Шарттың құны бір жыл бұрын болған 9,7 мың теңгеге қарсы 12 мың теңгені құрап отыр. Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару барысында оны жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру (ЖОМС) – міндетті сақтандыруда екінші маңызды сынып. 2018 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша алымдар бір жыл бұрын 18,7 млрд теңгеге қарсы 20,4 млрд теңгені құрап отыр.

Дегенмен сыйлықақылардың динамикасы қысқаруда: егер биыл сыйлықақылар 8,6%-ға өссе, былтыр - 17,5%-ға артылған еді. Нәтижесінде міндетті түрлердегі ЖОМС үлесі 41%-дан 37,3%-ға дейін қысқарды.

ЖОМС өсуі шарттың орташа құнының сақтандыру сиымдылығының елеусіз төмендеп қалуы кезінде 444 мың теңгеден 486,7 мың теңгеге дейін ұлғаюын қамтамасыз етті.

2018 жылғы бірінші жартыжылдығында максималды динамика өмірді сақтандыру саласында болды – 53%. Динамиканы нарықтың құрамды бөліктері қамтамасыз етті: сақтандыру шарттары санының 33%-ға және шарттың орташа сомасының 41 мың теңгеден 47 мың теңгеге дейін өсуі. Сақтандырушылар 22,6 млрд теңгені жинай алды.

Өсудің драйвері болып өмірді сақтандыру сегментінде сыйлықақысын жинау бойынша көшбасшы – ірі банктің еншілес компаниясы табылды, ол өз сыйлықақыларын 6,5 млрд теңгеден 12,1 млрд теңгеге дейін екі есеге өсірді. Осылайша өмірді сақтандыру бойынша жиынтық сыйлықақыларындағы компанияның үлесі жартыжылдықтан жартыжылдыққа дейінгі кезеңде 44%-дан 53,4%-ға дейін ұлғайды.

Аннуитеттік сақтандыру 40,8%-ға өсуін көрсеткен 2017 жылғы бірінші жартыжылдыққа қарағанда, 4,6 млрд теңгеге кем 12,9 млрд теңге ғана жинап өз позицияларын әлсіретті. Азаюдың себебі ретінде сақтандыру құнының елеусіз 6,9 млн теңгеден 7,1 млн теңгеге дейінгі өсуі кезінде сақтандыру шарты санының 1,4 есе төмендеуін көрсетуге болады. 

Аннуитеттер тұрғысынан ең үлкен үлесті дәстүрлі түрде зейнетақы аннуитеттері қамтып отыр, зейнетақы аннуитеттері бойынша түсімдердің 14,8 млрд-тан 9,5 млрд –қа дейін қысқаруы аннуитеттік сақтандырудың бүкіл сегментіне әсер тигізді. Осы жылғы қаңтар-маусым айларында сақтандырушылар орташа құны 13,6 млн теңге тұратын зейнетақы аннуитеттерінің 699 шартын жасасты, бір жыл бұрын орташа құны 9,4 млн теңге құрайтын 1570 сақтандыру шарты жасалды. Шарт құнының өсуі бұл өнімнің халық арасында танымал болуына да ықпал етпеді.

Жүйе бойынша орташаландырылған көрсеткіштер жалпы (БЖЗҚ статистикасына сәйкес) осы жылғы маусым айының басында салымшылардың міндетті жарналары бойынша жеке зейнетақы шоттарында қорланымның орташа сомасы 886 мың теңгені құрағанын көрсетті. БЖЗҚ бір жыл бұрын ерлердің жиналған қорының орташа сомасы бір шотқа 878 мың теңгені, ал әйелдердің орташа сомасы – бір шотқа 665 мың теңгені құрайтындығын көрсетті. Осылайша халықтың көбісінде аануитетті сатып алу үшін жеткілікті зейнетақы қорланымы жоқ.

Жазатайым оқиғадан (ЖО) сақтандыру  6,1 млрд теңгеге дейін  26,3%-ға өсті.

Сақтандыру шарттары санының екі есеге арттыру арқылы 37%-ға өсу орын алған 2017 жылғы бірінші жартыжылдыққа қарағанда, биылғы жылы шарттар тек 7%-ға ғана өсті. Динамиканы сақтандырудың орташа құнының өсуі қамтамасыз етті: 16,4 мың теңгеге қарсы 19,3 мың теңге (жартыжылдыққа жартыжылдық). 2017 жылғы бірінші жартыжылдығында шарттың орташа құны 2016 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда төмендегені қызық.

Ерікті медициналық сақтандыру бойынша сыйлықақылардың динамикасы (ЕМС) бір жыл бұрын жағдайға қарағанда (6,2%), қарқынды дамып келді (18,4%). Сақтандырушылар 19,2 млрд теңгеге портфельге ие болып, 3 млрд теңгеден артық сыйлықақы жинады. Бұл өсуді сақтандыру шарттарын жасаудың оң динамикасы қамтамасыз етті, өйткені сақтандырудың орташа құны 73,4 мың теңгеден 71,2 мың теңгеге төмендеді.

Сыйлықақылардың негізгі портфельін қалыптастыратын үш сыныптан ерікті мүліктік сақтандыруда тек автоКАСКО өсуді көрсетті. Компаниялар 9,5 млрд теңге жинап алды, 2017 жылғы бірінші жартыжылдығында 1,6 млрд теңгеге (21,1%) артық.

Ерікті автосақтандыру төмендетуді тоқтатты, бұл төмендеу былтырғы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысымен дәлелденді, ол кезде төмендеу сақтандыру шарттарының саны 38%-ға төмендегені үшін 5,8%-ды құрады. Биыл сақтандыру шарттары санының қысқаруы елеусіз болды (2,8%). Ал сақтандыру құнының 128,6 мың теңгеден 151,4 мың теңгеге дейін өсуі ойдағыдай есеп беруге көмектесті.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті (АҚЖ) сақтандыру саласында да қызықты оқиғалар орын алған. Сегмент 2017 жылғы ұқсас кезеңінде сыйлықақылардың 7,9 млрд теңгеден айырылып, 22,3 млрд теңге жинады, бұл 2017 жыл өз кезегінде 2016 жылдың қорытындыларын 26,5%-ға алдына шықты. 2017 жылғы және 2018 жылғы қаңтар-маусым айларында АҚЖ сақтандырудың өсуі шарттардың динамикасы – тиісінше 57% және на 15%-ға қамтамасыз етті. Статистика көрсетіп отырғандай, сыйлықақының динамикасы биылғы жылда айтарлықтай төмендеді. Бағасы 1,3 млн теңгеден 838 мың теңгеге дейін түсіп кеткен кезде шарттың орташа құнының төмендеуі кері көрсеткіштерге әкеп соқты.

Ең соңғы түрі бұл мүлікті сақтандыру, ол барлық көрсеткіштер бойынша минуста болды. Сыйлықақылардың төмендеуі 2,1%, 50,1 млрд теңгеге дейін құрады, сақтандыру шарты санының 2,1 есеге түсуімен сүймелденіп, сонымен қатар сақтандырудың орташа құны 2,1 есеге 717,6 мың теңгеден 335 мың теңгеге дейін төмендеді. Мүліктік сақтандыруға дағдарыстан шығуға сегменттегі демпингті және сақтандырушыларымен сыйлықақыны толтыра алмауды тудыратын жоғары бәсекелестік, сонымен қатар шарттар санының төмендеуінде көрініс тапқан бизнестің іскери белсенділігінің төмендеуі мүмкіндік бермей отыр.

Пайда және шығындар

Сақтандыру төлемдері сақтандыру нарығы бойынша жиынтықта бір жыл бұрынғысы 38,5 млрд теңгеге қарсы 37,6 млрд теңге құрады. Оның ішінде міндетті сақтандыру бойынша төлемдердің мөлшері 14,6 млрд теңгеден (1,9%-ға төмендеуі) асты, ерікті жеке сақтандыру бойынша - 16,5 млрд теңге (3,3%-ға төмендеуі), ерікті мүліктік сақтандыру бойынша - 6,9 млрд теңгеден (0,09%-ға) асты.

Сақтандыру компаниялары негізгі қызметі арқылы пайда көруді жалғастырды: компаниялардың сақтандырудан көрген пайдасы 2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 130,8 млрд теңгеге қарсы 133,6 млрд теңге құрады. Бұл ретте инвестициялардан табыс өзінен екі есеге асып түсті және 19,7 млрд теңгеге қарсы 41,5 млрд теңгені (жартыжылдыққа жартыжылдық) құрады. Сақтандырушылар тіркелген табыстылығы бар құралдарын сату-сатып алуда, акцияларды сатып алуда, ақша нарығында репо операцияларында пайда көріп, бірақ депозиттер бойынша табыстардан айырылды.

Жартыжылдық активтерді қайта бағалау тұрғысында да жақсы қалыптасты. Бағалы қағаздар мен шетелдік валютаны қайта бағалау бір жыл бұрын болған 8,3 млрд теңгеге тең шығынға қарсы 7,7 млрд теңге сомадағы табысты әкелді. Нәтижесінде сақтандырушылардың жиынтық табыстары 2017 жылғы бірінші жартыжылдықта 151,9 млрд теңгенің орнына 177,5 млрд теңгені құрады.

Осы жылдың басынан байқалып отырған теңгенің долларға қатысты тұрақты және өте төмен бағамы сақтандырушыларға жеке сақтандыру өнімдері бойынша шығындарды ұстап қалуға көмектесті. Маусым айында басталған теңгенің күрт төмендеуі жылдың қорытындыларында көрініс табатын болады, бірақ сақтандырушылардың валюталық позицияларын қайта бағалаумен ішінара өтелетін болатын сияқты.

2018 жылғы бірінші жартыжылдығында сектордың шығындары 0,5%-ға, 128,8 млрд теңгеден 121,8 млрд теңгеге дейін өсті. Сақтандырудың тікелей шарттары бойынша төлемдерге шығындар қысқартылып, сонымен қатар қайта сақтандыру шығындардың 7,5 млрд теңгеден 11 млрд теңгеге дейін өсті. Нәтиже қайта сақтандыру шарттары бойынша нарықпен қабылданған сыйлықақылардың 18,8%-ға (абсолюттік мәнде 3,9 млрд теңге) ұлғаюымен байланысты.

Қайта сақтандыруда бейрезиденттерден түскен сыйлықақылардың үлесі осы жылдың шілде айының басында 59%-ға дейін ұлғайды. Валюталық төлемдермен байланысты шығындар да тиісінше көбеюде. Абсолюттік цифрда 9,5%-ға немесе 3,1 млрд теңгеге жалпы және әкімшілік шығындар өсті –  32,9 млрд теңгеден 36,1 млрд теңгеге дейін.

Сақтандырушылардың жиынтық шығындары 121,9 млрд теңгенің орнына 128,8 млрд теңге шегінде жинақталды (өсуі 5,7%). Табыстардың (177,5 млрд теңге) шығындардан (128,8 млрд теңге) асып түсуі салық салынғанға дейінгі пайданың өсуіне әкеп соқты. Таза пайда 2017 жылғы бірінші жартыжылдықта 25,3 млрд теңгеге қарсы 44,5 млрд теңгені құрайды. Сақтандыру компанияларының активтері 11%-ға, 993 млрд теңгеге өсті.

Татьяна Батищева
Дереккөзі: https://abctv.kz/ru/news/strahovanie-rastet-za-schet-uvelicheniya-stoimosti-produktov

Фотосурет http://abc.az сайтынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Орынды түрде ішу деменцияның алдын алады
Орынды түрде ішу деменцияның алдын алады

700 граммнан аспайтын сыра, 300 грамм шарап немес...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру