bs-preloader__icon
ru kz en

Бір шертіммен сақтандыру: арман немесе шынайылық па?

Жаһандық сандық жүйеге көшу дәуірінде қызметтердің көп бөлігі онлайн режимінде алу үшін қолжетімді болуда, деп expertonline.kz хабарлайды. Қазақстандағы мемлекеттік компаниялар, ірі халықаралық корпорациялар және ШОБ секторы тұтынушыларға қажетті қызметтерді интернет арқылы алу мүмкіндігін ұсына отырып, өзінің корпоративтік саясатын икемді етіп қайта құруда. Сақтандыру нарығының ойыншылары онлайн-сақтандыру бойынша қызметтерді енгізуді бастап, шетте қалмады. Expert Kazakhstan сайтының Қазақстанда онлайн-сақтандыруды дамыту және өмірді сақтандыру нарығының болашағы туралы сұрақтарына «Мемлекеттік аннуитеттік компания» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Ғалым Амерходжаев жауап берді.
Бір шертіммен сақтандыру: арман немесе шынайылық па?

— Ғалым Ташмуханбетович, сақтандыру нарығының ірі халықаралық ойыншылары өз қызметтерін бұрыннан онлайн режимінде ұсынады. Қазақстанда осы мәселе қалай жүзеге асырылуда?

— Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылдың жазында сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңына түзетулерге қол қойды.  Негізгі жаңартулардың бірі көлік құралдарының иелерін міндетті сақтандырудың электрондық полисін 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу болып табылады. бұл онлайн-сақтандырудың дамуына және клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандырудың алғашқы, бірақ өте маңызды қадамы. Сақтандыру нарығында жалған полистерді сатып алу тәуекелі бар екені де құпия емес. Электрондық полисті енгізуімен, біріншіден, мұндай тәуекелдер болмайды, ал екіншіден, адамдар сақтандыру полисін ресімдеу үшін сақтандыру компанияларының кеңселеріне баруға өз уақыттарын жұмсамайтын болады. Жүргізушілер өз көлік құралдарын міндетті түрде сақтандыру қажет, бірақ олардағы полистердің бар болғаны туралы мәліметтер полиция қызметкерлері кіре алатын бірыңғай базада сақталатын болады. Осыған сәйкес өзімен бірге қағаз түріндегі полисті алып жүрудің қажеттілігі болмай қалады. Еуропалық елдерде сақтандыру мәдениеті бірнеше ғасыр бұрын қалыптаса бастаған, ал біздің сақтандыру нарығымыз тәуелсіздіктің құрдасы екенін ұмытпаған жөн, және де осы күнге дейін жеткен жетістіктерді бағалау керек.

— Сіздің ойыңызша, life-сақтандырудың қандай өнімдерін онлайн түрінде сатуға болады? life-сақтандырудың қандай өнімдері қазір онлайн сатылуда?

— Жалпы, сақтандырудың барлық өнімдерін онлайн түрінде сатуға болады. Бұл тек уақыттың еншісінде.

— Өз өмірін онлайн түрінде сақтандыру мүмкіндігімен life-сақтандырудың қызметтерін қолданушылар саны өседі ме?

— Ең алдымен, бұл үшін тиісті заңнамалық база талап етіледі. Қазіргі таңда заңды тұлғалар үшін азаматтарға арналған үкімет порталы арқылы қызметкердерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру мүмкіндігі бар, бұл орайда ЭСҚ-ны қолдану көзделген. Егер бұрын азамат ең алдымен заңды тұлғаны тіркеп алып, содан кейін банкке шотты ашу үшін тіркелгені туралы анықтаманы ұсынып, сондай-ақ сақтандыру компаниясына барып міндетті сақтандыру шартын жасайтын болған, ал қазір жаңа композиттік қызметтің арқасында азаматтар екі жұмыс күні ішінде (өтініш берілген күнді есептемегенде) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, банктік шоттың нөмірін және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың қол қойылған шартын ала алады. Сондықтан біздің сақтандыру нарығымыз дұрыс бағытта дамып келе жатыр.

— Онлайн-сақтандырудың енгізілуі сақтандыруда BigData технологиясын пайдалану үшін бастапқы нүктесі бола алады ма? Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығында осыған ұқсас технологияны елестетуге болады ма?

— Бұл Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығында келесі қадамдардың бірі болатынына сенімдімін. Бүгінгі таңда, мысалы, Солтүстік Америкада көлік құралдарының 30% телематиялық жабдықтармен жабдықталған, бұл сақтандырушыға сақтанушыны көптеген көрсеткіш бойынша, мысалы, жылдық жорығы, жүргізудің стильі сияқты параметрлер бойынша бағалауға мүмкіндік береді. Ал бұл сақтанушыға сақтандырудың тиімді талаптарын ұсынуға мүмкіндік береді. life-сақтандырудың өнімдеріне келетін болсақ, клиенттердің өмір сүру салты туралы мәліметтерді алуға мүмкіндік беретін тиісті жабдықтар мен бағдарламалық қамсыздандыруды қолдану мүмкіндігін зерттеуге кірістік. Мысалы, салауатты өмір салтын ұстанатын адамдарға өмірді сақтандыру кезінде жеңілдік ұсынылатын болады.

Дереккөзі: http://expertonline.kz/a15760/

Фото: ipoteka.zone

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
ӨСК активтері 600 млрд теңгеден асты, сыйлықақылар 16%-ға өсті
ӨСК активтері 600 млрд теңгеден асты, сыйлықақылар 16%-ға өсті

Өмірді сақтандыру секторы 2020 жылдың қорытынды...

Теңге ТМД-да жетекші валюта болу мүмкіндігін ала ма
Теңге ТМД-да жетекші валюта болу мүмкіндігін ала ма

Халық банктің басшысы Үміт Шаяхметова теңгені...

S&P бағалауды жоғарылатады
S&P бағалауды жоғарылатады

Алты айдан астам уақыт бойы ТМД елдерінің сақт...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру