ӨСК бойынша өмірді сақтандыру бойынша сыйлықақылардың ең жоғары өсімі кішігірім компанияларда орын алды. ӨСК арасында 32,4 млрд теңгеге тең активтердің мөлшері бойынша төртінші орынға ие болған, 411,9 млн теңгені жинақтап, 2785,7%-ға тең максималды динамиканы «Standard Life» ӨСК көрсетті.
ӨСК активтерінің мөлшері (35,7 млрд теңге), бойынша үшінші орынға ие Мемлекеттік аннуитеттік компания (МАК) 1,8 млн теңгені жинап, сыйлықақыларын 452,1%-ға жинақтады. Бұл нәтиже мамыр айындағы нәтижелерден төмен болды, өткен айда сыйлықақылар 560,5%-ға өсті (жылдан жылға).
Өмірді сақтандыру бойынша сыйлықақылардың үш таңбалы өсімін көрсеткен үшінші ӨСК (151,8%-ға, 6,4 млрд теңгеге дейін) «Nomad Life» ӨСК, ол 113,6 млрд теңгеге тең активтер мөлшері бойынша екінші орынға, және өмірді сақтандыру нарығының 19,7% ие болды.
Активтер бойынша алтыншы сақтандырушы (11,7 млрд теңге) «Freedom Finance Life» ӨСК маусым айында сыйлықақылардың жинақтарын күрт төмендетті. Маусым айында динамика мамыр айындағы 367,3%-ға қарағанда, 49,8% көрсетті (жылдан жылға). Дегенмен «Freedom Finance Life» ӨСК сыйлықақылары абсолюттік көрсеткіші 728,1 млн теңгені құрайды, ал бұл мамыр айының қорытындыларынан 210,6 млн теңгеге артық болды. Нәтижесінде өмірді сақтандыру бойынша жиынтық сыйлықақыларындағы компаниялардың нарықтық үлесі 2,2%-ға дейін өсті.
«Еуропалық сақтандыру компаниясы» (ЕСК) өмірді сақтандыру компаниясы 9,6 млрд теңгені жинақтап, 48,2%-ға өсуін тіркеді. 14,5 млрд теңгеге тең активтердің мөлшері бойынша бесінші сақтандырушы өмірді сақтандыру нарығының 29,5% иеленіп отыр, бұл мамыр айының қорытындыларына қарағанда төмен болды.
153,9 млрд теңгеге тең активтер бойынша ең ірі, өмірді сақтандыру нарығының көшбасшысы «Halyk life» ӨСК 15,5 млрд теңгені жинады. Сыйлықақылар 27,7%-ға ұлғайды, бірақ нәтиже өмірді сақтандыру нарығының өсу қарқынынан төмен болды. Өмірді сақтандыру бойынша «Halyk life» ӨСК үлесі 47,4%-ға дейін өсті.
Биылғы жылғы қаңтар айында лицензиясын алған «Евразия» ӨСК мамыр айында 25%-ға өскен сыйлықақылардың 75 мың теңгені жинап алды. Бұрынғыдай өмірді сақтандыру нарығының 96% артық ең ірі ӨСК: «Halyk life», «ЕСК» жыне «Nomad Life» иеленіп отыр.
Аннуитеттер life-сақтандырудың едәуір динамикалық түрі болып қалуда, алайда сыйлықақылардың өсімі төмендей түсті. Сақтандыру алымдары 163%-ға өсті, ал мамыр айында өсім 173%-ды (жылдан жылға) құраған болатын. Аннуитеттер бойынша сыйлықақылар ақшаға шаққанда 34 млрд теңгеге дейін өсті. Аннуитеттік сақтандыруда 91% ие болған зейнетақы аннуитеттері маусым айының қорытындылары бойынша 3,2 есеге 31 млрд теңгеге дейін (жылдан жылға) өсті және ӨСК жиынтық портфельінде 36% орын алады. Зейнетақы аннуитеттері сыныбы бойынша жұмыс істейтін барлық компаниялар маусым айының қорытындылары бойынша былтырғы жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда үш таңбалы өсімді көрсетті.
«Standard Life» ӨСК 618,1%-ға максималды өсімді (сыйлықақылары ақшаға шаққанда 3,6 млрд теңгені құрайды) көрсетті, ол зейнетақы аннуитеттері нарығының 11,7% иеленіп отыр. Аннуитеттік сақтандыруда және зейнетақы аннуитеттері сыныбы бойынша көшбасшы «Nomad Life» ӨСК болып қалуда. Маусым айында компанияның аннуитеттік сақтандыру бойынша сыйлықақылардың динамикасы 169,9% құрады, сақтандырушы 16,3 млрд теңге жинады. Бұл нәтиже «Nomad Life» ӨСК-ға нарықтық позицияны нығайтып алуға мүмкіндік берді. Маусым айының қорытындылары бойынша компания аннуитеттік сақтандыру бойынша алымдардың үлесін 46,8%-дан 47,9%. Зейнетақы аннуитеттері сыныбы бойынша сыйлықақылар 15 млрд теңгеге жетіп, 234,3%-ға өсті. Бұл сегментте компания нарықтық үлесін 47,1%-дан 48,3%-ға дейін өсірді.
Аннуитеттік сақтандыру және зейнетақы аннуитеті сыныбы бойынша екінші орында «Halyk life» ӨСК орналасты. Ол 12,6 және 11,3 млрд теңгені сәйкесінше жинақтап, сыйлықақылардың динамикасы нарықтан жоғары болды. Маусым айының қорытындылары бойынша аннуитеттік сақтандыруда «Halyk life» ӨСК сыйлықақылардың динамикасы 37% үлестік нарықты қамтамасыз ете отырып, 204,9%-ды (жылдан жылға) құрады, ал зейнетақы аннуитеттері бойынша – 259,5%-ды (жылдан жылға), нарықтың үлесі 36,6%-ды құрады.
«Standard Life» ӨСК үшінші орынға ие болды. Аннуитеттік сақтандыруда компания сыйлықақылардың төмендеуші динамикасын көрсетті. Маусым айында сыйлықақылары мамыр айындағы 692,6% (жылдан жылға) қарағанда, 470,7%-ға, 3,7 млрд теңгеге дейін өсті. Нарықтың жиынтық аннуитеттерінде ӨСК нарықтық үлесі 12,8%-дан 10,9%-ға дейін түсті. Зенйнетақы аннуитеттері бойынша «Standard Life» ӨСК сыйлықақылары 618,1%-ға 3,6 млрд теңгеге дейін өсті, ал мамыр айында динамика өте әсерлі болған (989,1%). Нәтижесінде компанияның нарықтық үлесі 13,7%-дан 11,7%-ға дейін қысқарды.
«Жұмыс берушінің жауапкершілігінің аннуитеттері» сыныбы бойынша сыйлықақылар былтырғы жылдың қорытындыларына қарай 2,6%-ға қысқарды. ӨСК 2,4 млрд теңгені жинақтады. ӨСК жиынтық сыйлықақыларында жұмыс берушінің жауапкершілігінің ануитеттері 2,8% құрайды. Маусым айының қорытындылары бойынша сыныптағы көшбасшы «Nomad Life» ӨСК болып қалуда, ол сақтандырудың осы сыныбы бойынша алымдардың жалпы мөлшерінің 41,6% қалыптастырады. Содан кейін нарық үлесінің 38,8% ие болған «Halyk life» ӨСК келе жатыр. Нарық үлесінің 12% ие болған МАК үштіктің соңында орналасты.
Аннуитеттік сақтандырудың өзге түрлерінің сыныбы бұрынғыдай құлдырауды көрсетуде. Сыйлықақылар 26,6%-ға 637,9 млн теңгеге дейін қысқарды. Нарықты екі ең ірі life-сақтандырушы бөліп алған. «Nomad Life» ӨСК нарықтың 50,4%, ал «Halyk life» ӨСК – 49,1% иеленіп отыр. МАК нарық үлесінің 0,4% ие болған нарықтың үшінші ойыншысы.
ӨСК тұрғысынан жазатайым оқиғаны (ЖО) сақтандыру бойынша сыйлықақылары динамиканы сақтап, 19%-ға өсті (жылдан жылға) және 4,1 млрд теңгені құрады. Ең ірі портфель және сәйкесінше нарықтың үлесі «Halyk life» ӨСК-да. Маусым айының нәтижелері бойынша компания сыйлықақыларды 1,1%-ға қысқартқанына қарамастан, сыйлықақыларның мөлшері 2,4 млрд теңгені құрайды және ЖО сақтандыру нарығының 58,9% қалыптастырады.
ЖО сақтандыру бойынша екінші орынға 1,4 млрд теңге портфельімен ЕСК иеленіп отыр. Компания сыйлықақылардың динамикасын 98,2 7% (жылдан жылға) ұлғайтты, бұл оған сегменттегі үлесті 34,6%-дан 35,1%-ға дейін өсіруге мүмкіндік берді. ЖО сақтандыру бойынша үшінші орында «Freedom Finance Life» ӨСК орналасты. Ол нарықтың үлесін 4,9%-дан 5,5%-ға дейін өсірді. «Freedom Finance Life» ӨСК белсенділігі ЖО бойынша ең ірі сақтандырушылардың жиынтық үлесі 94,6%-дан 93,9%-ға дейін төмендеуіне әкеліп соқты.
Қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру (ЖОМС) екінші ай бойы оң трендте болуда. Сегменттегі жиынтық сыйлықақылары 2018 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 11,9%-ға 15,1 млрд теңгеге дейін өсті. Барлық ӨСК алымдары өсу қарқынынан жоғары болды. МАК 58,5%-ға сыйлықақыларын қысқартып, алымдары төмендей берді.
Сыйлықақылардың көлемі бойынша көшбасшы «Nomad Life» ӨСК болып қалуда. Сақтандыру сыйлықақыларының сомасы 5,4 млрд теңгені құрады, ал динамикасы 28,4% деңгейінде қалыптасты. Бұл нәтиже компанияға портфельдің үлесі бойынша сегменттерде көшбасшылықты сақтауға мүмкіндік берді – мамыр айындағы 32,8%-ға қарсы 36,2% болды.
«Nomad Life» ӨСК тұра ізінен сыйлықақылардың 4,5 млрд теңгесін жинаған «Halyk life» ӨСК келе жатыр, сыйлықақылардың өсімі 32,9%-ды құрады. Компания нарықтың үлесін 32,4%-дан 30,1%-ға дейін қысқартты. Өткен айдағыдай үшінші орынға «Standard Life» ӨСК ие болды. Сыйлықақылары 314,9%-ға өсіп, 2,1 млрд теңгеге жетті. Компанияның нарықтық үлесі былтырғы жылғы соңғы айымен салыстырғанда 14%-ға төмендеді.
ЖОМС-та «Евразия» ӨСК белсенді түрде әрекеттене бастады. Маусым айында ол сыйлықақылардың 598,2 млн теңгені жинақтап, ЖОМС сегментінің 3,9% иеленді.
Сыйлықақылардың оң динамикасы ӨСК-ға активтерді және сақтандыру қорларын өсіруге мүмкіндік береді. ӨСК активтері маусым айында 368,1 млрд теңгеге, ал сақтандыру қорлары 297,2 млрд теңгеге дейін өсті. ӨСК жиынтық капиталы күнтізбелік жыл ішінде 60,3 млрд теңгеге дейін өсті. ӨСК таза пайдасы 9,4 млрд теңгені құрады. Пайданың 3,2 млрд теңгеге тең максималды мөлшерін «Nomad Life» ӨСК көрсетті. Екінші орында 3,1 млрд теңге мөлшеріндегі пайдасымен «Halyk life» ӨСК, ал үшінші орында 1,9 млрд теңге мөлшеріндегі пайдамен ЕСК орналасты.