Сектор активтері 3,7 трлн теңгеге дейін өскен (айлық көрсеткіш бойынша аздап, 0,3%-ға төмендесе де, жылдың басынан бері 19,8% өсім тіркелді). Өз капиталы 1,1 трлн теңгені құрайды. Қазан айындағы таза пайда 5 млрд теңгеге жеткен (жыл басынан бері – 227 млрд теңге).
Жылдың басты тренді – азаматтар мен бизнес тарапынан өмірді сақтандыру өнімдеріне ерекше қызығушылық. Статистика бұл тенденцияны айқын көрсетеді: 2025 жылдың басынан бері өмірді сақтандыру бойынша жасалған келісімшарттар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 106,9%-ға өскен.
Ерікті жеке сақтандыру (соның ішінде өмірді сақтандыру) бойынша сақтандыру сыйлықақылары 675,8 млрд теңгеге жетіп, 7,9%-ға артқан. Өмірді сақтандыру бойынша сыйлықақы жинағы 14,3%-ға, ал зейнетақы аннуитеттік сақтандыру бойынша – 8,6%-ға өскен.
Бұл халықтың қаржылық сауаттылығы артып, сақтандыру құралдары арқылы ұзақ мерзімді қорғау мен жинақтаудың маңыздылығын түсінуін көрсетеді.
Қазақстан сақтандыру нарығы белсенді трансформация кезеңінде тұр, мұнда дәстүрлі мүліктік және жауапкершілікті сақтандыру түрлерін өмірді сақтандырудың қарқынды дамып келе жатқан сегменті толықтырып отыр. Өмірді сақтандыру келісімшарттарының санының екі есе өсуі Қазақстан азаматтарының санасында өзгерісті білдіреді: олар сақтандыру өнімдерін тек тәуекелдерден қорғау құралы ретінде емес, сонымен қатар қаржылық жоспарлау, жинақтау және болашаққа, сондай-ақ отбасының болашағына инвестиция құралы ретінде қарастыруда. Бұл тенденция келесі жылы да өз күшін сақтайтыны болжанып отыр.
Сурет ашық дереккөздерден алынған.


