Зейнетке шығуға дайындала бастаған кезде жинақтардың басым бөлігін өмірді сақтандыру компаниясына аудару керек және зейнетақы аннуитетін алу қажет. Зейнетақы аннуитеті – ол бойынша адам еңбек қызметін тоқтататын шарт және зейнет жасы басталғаннан бірнеше жыл бұрын зейнетақыны алады. Зейнетақы аннуитеті шартын рәсімдеу үшін ең басты шарт ақшаның болуы болып табылады. Зейнетақы аннуитетін пайдалану үшін бірінші – сақтандыру компаниялары ұсыныстарының қайсысы оңтайлы болатынын есептеу қажет.
Өмір бойылық рента — бұл өмір бойына кепілдендірілген кірісті төлеуге уәде беретін сақтандырушы мен зейнеткер арасындағы сақтандыру шарты, бұған қоса осы табыс жиі инфляциямен байланысты. Сақтандырылушы қайтыс болған кезде, полистің әрекет етуі тоқтайды. Бұл сақтандыру полисі болғандықтан, сақтандырушы өзіне инвестициялық тәуекелдерді және ұзақ өмір сүру тәуекелдерін қабылдайды, ал сақтандырылушы өзі қайтыс болған жағдайда өсиет етіп қалдыруға мүмкін болатын қаржы активтерінсіз қалады.
Зейнетақы аннуиететі үшін сақтандырушыны таңдаған кезде неге назар аудару қажет
Зейнетақы аннуитеті үшін сақтандырушы таңдаған кезде назар аудару тиіс бірнеше тұстар бар. Негізгілері – сенімділік (ол туралы тұжырымды сайттардағы рейтингілер және пікірлер бойынша жасауға болады) және өмірді сақтандыру қызметін (ол үшін реттеуіштің жеке лицензиясы қажет) көрсету.
Тұратын жері
Көп зейнеткерлер өздерінің ескі үйлерін сатпайды, бірақ оны күтіп ұстау өте қымбатқа шығады, себебі бұл жылжымайтын мүлік адамдардың көп санына арналған. Жасы үлкен адам тұратын жерін ауыстырып, үнемделген қаражатқа саяхатқа шығуына немесе өмірді жедел сақтандыру полисін сатып алуына болады.
Дереккөзі: https://www.moneyweb.co.za/financial-advisor-views/key-decisions-to-be-made-at-retirement/
Сурет ашық дереккөздерден