ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігінің статистикасы бойынша, зейнетақы төлемдерінің 3,75 трлн теңге құрайтын рекордты көлеміне қарасты, зейнетақымен қамтамасыз етудің баламалы құралдарына қызығушылық білдіру өскені байқалуда. ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтеріне сәйкес, 2024 жылы зейнетақылық аннуитеттік сақтандыру бойынша сыйлықақы көлемі 337,6% өскен, және 457,1 млрд теңге құраған.
Зейнетақы жүйесінің ағымдағы ахуалы
Қазақстанда зейнеткерлер саны 2 млн 445 мың адам. Ортақ зейнетақының орташа мөлшері 143 248 теңге құраған, соның ішінде, мөлшері 47 459 теңге базалық зейнетақы мен – 95 789 теңге мөлшеріндегі ортақ зейнетақыны қосқанда.
2025 жылдың басы, еліміздегі зейнетақы жүйесіндегі елеулі өзгерістерімен айқындалды. Базалық зейнетақы инфляция деңгейіне сәйкес, 6,5% өсті, алайда, ортақ зейнетақы инфляциядан 2% алға кетіп, өсуін 8,5%, деңгейінде көрсетті. Ең маңыздысы, минималды базалық зейнетақының өмірсүруге қажетті минимумынан 70% дейін, ал максималды деңгейі - 120% дейін көтерілуі болды.
Зейнетақы артықшылығының өзгеруі
Сақтандыру нарығының құрылымын талдау, қазақстандықтардың талғамындағы күрделі өзгерістерін айқындады. Зейнетақылық аннуитеттік сақтандыру басты позицияға орналасты, жылдық өсімі 20,1% болып, сақтандыру сыйлықақысының жалпы көлемінен 46,8% құраған.
«Біз, қазақтандықтардың зейнетақыны жоспарлау көзқарасының күрделі өзгергенін байқаудамыз. 2024 жылы біздің компания 74,4 млрд теңге жинап алу арқылы, зейнетақылық аннуитеттер бойынша сыйлықақыларының 248% өскенін көрсеткен. Бұл, төлемдерді белгіленген мерзімінен бұрын алу мүмкіндігін беретін зейнетақылық шешімдерге сұраныс берумен байланысты», - деп Freedom Life ӨСК Басқарма Төрағасы Азамат Ердесов атап өтті.
Зейнетақылық аннуитеттер нарығының өсу факторлары
2024 жылы зейнетақылық аннуитеттер нарығының теңдессіз өсуі өзара байланысты факторлар жиынтығына тәуелді.
Бірінші кезекте, демографиялық тенденциялары елеулі әсер етуде. Қазақстанда өмірсүру ұзақтығы ұлғаюының тұрақты тренды байқалуда: статистика мәліметтері бойынша, еліміздегі өмірсүрудің орташа ұзақтығы 75,9 жас құраған. Бұл жағдайда, зейнеттік жасы алдындағы (50-60 жастағы) азаматтардың үлесі халық санынан 15% астам құрайды. Аталған жас тобының зейнетақылық аннуитеттерге қызығушылығы артықша, атап айтқанда, зейнетке ертерек шығу мүмкіндігін пайдалану үшін.
«Біздің байқағанымыз, зейнетке ертерек шығу сұранысы көкейкесті болуда. Біздің клиенттеріміздің 40% зейнетақылық аннуитетті сол мақсатта алуда, еңбекпен тапқан демалысқа мерзімінен бұрын шығу үшін-әйелдерге-53 жаста, ал ерлерге-55 жаста», - деп, Freedom Life ӨСК Басқарма Төрағасы комментарий берген.
Макроэкономикалық факторларының ролі де маңызды. Қаржы нарығындағы жоғары құбылмалылығы және инфляциялық тәуекелдері азаматтарды табыстылығы кепілді қаржы құралдарын іздестіруге мәжбүрлейді. Төлемдері жылдық 7% индекстелген және валюталық тәуекелдерген қорғалған зейнетақылық аннуитеттер, ұзақ мерзімді жоспарлау үшін тартымды шешім болып табылады.
Қаржылық сектордың технологиялық өзгеруі нарықтың өсуіне демеу береді. Шарттарды жасасу және жүзеге асыру процесстерін цифрлеу, зейнетақы өнімдеріне қолжеткізуді жеңілдетті. Естеріңізге саламыз, 2024 жылдан бастап, БЖЗҚ-нан ӨСК-на зейнетақылық аннуитет шарттары бойынша қорланымдарды аудару процедурасы оңтайландырылған. Жаңашыл тәсілдерге сәйкес, салымшылар зейнетақылық аннуитет шартын сақтандырушының офисінде тікелей және ӨСК сайтында онлайн жасаса алады, өздерінің қорланымдарын ӨСК аудару үшін, БЖЗҚ жүгіну қажет емес. Бұл жағдайда, сақтандыру ұйымдары БЖЗҚ жасалған зейнетақылық аннуитет шарттары бойынша мәліметтерін, «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ (МКБ) иесі болып табылатын бірегей сақтандыру базасы арқылы жолдауға міндетті. Ал ГКБ, келісімге сәйкес, БЖЗҚ жасалған ЗА шарттары туралы мәліметтерін жолдайды. Өз кезегінде, БЖЗҚ ақпарат алған соң, №44 Ережелерге сәйкес, ҚР заңнамасының талаптарын сақтай отырып, зейнетақы қорланымдарын, зейнетақылық аннуитет шартын жасасқаны туралы МКБ ұйғарым түскен сәттен, өмірді сақтандыру компаниясына 5 жұмыс күні ішінде аударады.
Демек, қорланымдарды БЖЗҚ-нан ӨСК-на аудару және ЗА шарттарын жасасу процессі қазақстандықтар үшін елеулі жеңілдетілген және тездетілген.
Маңызды факторы ретінде, халықтың қаржылық сауаттылығын көтеру танылады. Зейнетақылық қорланымды әртараптандыру қажеттілігін түсіну және ұзақмерзімді қаржылық жоспарлауға дайын болу, зейнетақылық аннуитет шарттарын жасасу сұранымдарын тұрақты ұлғайтуда. Freedom Life зерттеу мәліметтеріне сәйкес, компания клиенттерінің 60% артығы, ниеттелген зейнетақы мөлшері тұралы айқын біледі және оған қолжеткізу стратегиясын алдын-ала жоспарлауда.
«Аталған факторлардың жиынтығы, алдағы жылдарда зейнетақылық аннуитет нарығында жағымды әсер беретінін біз күтудеміз. Ең маңыздысы, тек сандық емес, сапалық сұранымының өсуі-клиенттердің өнімдерге қатысты талаптары жоғары және ол туралы хабардар», - деп, атап өтті Freedom Life басшысы.
2030 жыл қарсаңында нарықтың дамуын болжау
Ағымдағы трендтерді талдау, өмірді сақтандыру нарығының дамуын ұйғарынды болжауға мүмкіндік береді, ЗА сегментінде. Таяудағы екі жылда ҚР зейнетақылық аннуитет үлесінің өсуі, өмірді сақтандыру нарығында 55-60% құрауы мүмкін, сыйлықақының жалпы көлемі 500-550 млрд теңгеге дейін ұлғаюымен. Аталған кезең, жаңа өнімдік шешімдерінің дамуымен және негізгі қатысушылар арасындағы бәсекелестіктің күшейюмен сипатталатын болады.
2027-2028 жылдарға таяу, нарық 600-650 млрд теңге деңгейінде тұрақталуы мүмкін. Бұл кезеңде, тұтытыншылардың тұрақты талғамдары қалыптасуы және алдағы цифрлеуге байланысты, әртүрлі кәсіби топтарға арналған мамандандырылған зейнетақы өнімдерінің пайда болуы мүмкін.
2029-2030 жылдар белесінде, халықаралық қаржылық нарықтарымен бірігуді, трансшегаралық зейнетақы өнімдерінің дамуын және зейнетақы активтерін басқару үшін, жасанды зият технологияларын енгізуді болжау мүмкін. Сол уақытта, нарық көлемі 800-850 млрд тенгеге дейін жетуі мүмкін.
Мүмкіндіктер және қарсы шығу
«Біз, 2025 жылы зейнетақылық аннуитет нарығының екпінді дамуын күтудеміз. Қазірден бастап, аталған өнім, сақтандыру нарығының жартысын жаулап алған, және оның үлесі ұлғаюда. Алайда, көкейкесті атқарымы ретінде, көлемін кеңейтумен қоса, өнімдерді жетілдіру, икемдігін және қолжетімділігін жоғарлату табылады», - деп Азамат Ердесов баса айтты.
Нарық алдында негізгі қарсы шығулар, көлемі ұлғайған сайын жоғары стандаттарын ұстау, табыстылық пен тәуекелдер арасындағы барабарлықты сақтау, реттелетін ортаға бейімделу және технологиялық инфрақұрылымын дамыту қажеттілігіне байланысты. Алайда, баламалы зейнетақы өнімдеріне сұранымның өсуі, халықтың қаржылық сауаттылығының жоғарлауы және сатылымдардың цифрлік арналарының өсуі арқылы, елеулі мүмкіншіліктерге жол ашылуда.
Қазақстандағы зейнетақы нарығының өзгеруі, зейнетақы стратегиясын дараландыруға қатысты бірегей трендін бейнелеуде. Зейнетақылық аннуитеттер жариялылығының өсуі, нарықтың жетілгенін және зейнетақымен қамтамасыз етуді жоспарлау бойынша азаматтардың өзіне жауапкершілікті асыра жүктейтіндерін айқындайды. Ағымдағы тенденциялар 2030 жылға дейін сақталған жағдайда, толық теңестірілген жүйенің қалыптасқанын күтуге болады. Аталған жүйе, мемлекеттік кепілдер мен жекеше зейнетақы шешімдерінің кең ауқымын қамтитын болады.