bs-preloader__icon
ru kz

Әзірбайжанның сақтандыру нарығында жаңалық күтілуде

Әзірбайжан сақтандырушылары қауымдастығы (ӘСҚ) елде медиация (келіспеушіліктерді сотқа дейін шешу технологиясының бірі) жүйесін енгізуді жоспарлауда, деп айтылды ӘСҚ хабарламасында. Бұл туралы Trend сілтеме жасап, Day.Az хабарлайды.
Әзірбайжанның сақтандыру нарығында жаңалық күтілуде

Хабарламаға сәйкес бұл мәселе ӘСҚ Бақылау кеңесінің отырысында талқыланған. «Бұл жүйе әртүрлі елдерде келіспеушіліктерді сотқа дейін шешу үлгілерін зерттеу негізінде қалыптпсады», - деп хабарламада анықталған.

Отырыс  барысында сонымен қатар ӘСҚ комитетін қалыптастыру, 2018 жылға қауымдастық құрылымы мен штаттық кестесін бекіту, басқа сақтандыру нарығының кәсіби ойыншыларын ұйым мүшесіне тарту, тренингтерді кеңейту, сонымен қата  сақтандырунарығының даму перспективасы талқыланды.

«Отырыс барысында сақтандыру секторының әртүрлі бағыттары бойынша ұйымдастырылатын, және де  олардың тиімділігі туралы тренингтерді ұлғайту туралы, сонымен қатар талап етілетін салалар бойынша  тренингтерді ұйымдастыру туралы шешім қабылданған. Әзірбайжан сақтандыру нарығының басым бағыттарының ішінде автосақтандыру, мүлікті міндетті сақтандыру, автокөліктерді міндетті сақтандыру және дәрігерлер жауапкершілігін сақтандыру бөліп атылды(,- деп айтылған хабарламада.

ӘСҚ 2006 жылдың желтоқсан айында екі сақтандыру қоғамын– Әзірбайжан сақтандыру бірлестігі (ӘСБ) және Әзірбайжан сақтандыру қоғамдарының одаңы (ӘСҚО) біріктіру арқылы құрылған. Қауымдастықтың негізгі мақсаты Әзірбайжан сақтандыру нарығының дамуын  қамтамасыз ету, сонымен қатар сақтандыру нарығының мәселелері мен перспективаларын бірігіп талқылау.

Ақпарат көзі: https://news.day.az/economy/981909.html

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
100 жастағы апалы-сіңілілер ұзақ өмір мен алғыр ақыл құпиясымен бөлісті
100 жастағы апалы-сіңілілер ұзақ өмір мен алғыр ақыл құпиясымен бөлісті

АҚШ тұрғындары 103 жастағы Рут Суидлер мен оның...

Белсенді кәрілікке жинақтаудың тексерілген тәсілдері
Белсенді кәрілікке жинақтаудың тексерілген тәсілдері

Мемлекетке сеніп, өзің де қол қусырып отырма, д...

Теріс табыстылық сақтандырушылардың инвестицияларын өзгертеді
Теріс табыстылық сақтандырушылардың инвестицияларын өзгертеді

Әлемдік сақтандыру секторы шамамен $ 33 трлн қа...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру