bs-preloader__icon
ru kz en

Қаржылық бақылау агенттігінде өмірді сақтандырудың жаңа өнімдері туралы айтты

Өмірді сақтандыру нарығының жаңа өнімдері халықтың қаржы секторына сенімін жоғарылатуға және қазақстандықтардың әлеуметтік қорғалуын ұлғайтуға арналған. Мұндай мәлімдемені онлайн-брифинг кезінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) төрағасының орынбасары Мария Хаджиева жасады.
Қаржылық бақылау агенттігінде өмірді сақтандырудың жаңа өнімдері туралы айтты

Сақтандырудың білім беру жоспарлары

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) еліміздің кез келген азаматы үшін өзінің не баласының атына білім беру жинақтау салымын ашып, оны болашақта Қазақстанда және шетелде кәсіптік техникалық және жоғары білім алу үшін оқудың ақысын төлеуге қолайлы мүмкіндік береді.

Қысқаша жобаның шартын еске салайық:

Білім беру депозитіне банктен пайыздар (10%-ға дейін) және 5% немесе 7% мемлекеттік сыйлықақы есептеледі.

Мемлекет сыйлықақысы жыл сайын банктің сыйақыларымен бірге есептегендегі салымдағы жалпы сомаға, бірақ бір жылда 100 АЕК-тен аспайтын мөлшерде аударылады:

– 7% басымдылықты санаттағылар үшін: жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектер, көп балалы отбасынан шыққан және аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан балалар;

– 5% басқа санаттағы ҚР азаматтары үшін.

«Банктік және сақтандыру білім беру өнімін салыстыратын болсақ, сақтандыру компанияларының банктерден ерекшелігі олар қосымша опция – сақтандыру қорғауын береді. Қайтыс болу, ата-ананың еңбекке қабілеттілігінен айырылуы жағдайында ата-анасы қандай соманы жинап үлгергеніне тәуелсіз, балаға жоспарланған оқуға ақы төленеді. Бұл өнімге Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры кепілдік береді. Сіздер білетіндей, банктік депозит 10 млн теңгеден аспайтын сомаға кепілдік береді, сақтандыру өнімі 10 млн теңгеден асатын болса да, бүткіл сомаға кепілдік беруге жатады», - деп түсіндірді ҚНРДА төрағасының орынбасары Мария Хаджиева.

Өмірді білім беру сақтандыру жыл сайын сақтандыру шарты бойынша жинақтау сомасына 5% немесе 7% мөлшерде мемлекеттік сыйлықақының есептелуіне кепілдік береді.

«Мерзімі мен бастапқы жарна заңнамамен шектелмеген. Грант алу кезінде сақтанушы: жинақтарды шешіп алуға немесе басқа балаға сақтандыруды қайта рәсімдеуге құқылы», - деді спикер.

Ерлі-зайыптылық аннуитет

ҚНРДА есебі бойынша қазіргі таңда ерлі-зайыптылық аннуитетті 25 мың қазақстандық ала алады. «Бұл жеткіліктілік сомасы заңнамамен белгіленген ең төменгі деңгейден асатын адамдар саны. Олар БЖЗҚ-да өз жинақтарын жақын туыстарымен немесе жұбайларымен біріктіре алады. Біз бұл опция сұранысқа ие болады деп үміттенеміз, себебі ол зейнетақы аннуитеті қатысушыларынан әрбірі үшін зейнетақы жоспарларын құруға мүмкіндік береді, ал ерлі-зайыптылардың біріктірілген жинақтары оларға өмір бойылық төлемдерге кепілдік береді», - деді Мария Хаджиева.

Баспасөз мәслихатының алғашқы сұрақтарының бірі ажырасу кезінде бірлескен аннуитетті бөлуге қатысты болды. «Бастапқыда өмірді сақтандыру компаниясы бірлескен аннуитеттік әрбір қатысушысы үшін жеке кесте жасайды, яғни ажырасу кезінде аннуитет бөлінбейді. Егер біреуі ТТЖ-ға кетуді қаласа, дәл сондай жолы бар: бұл жұбайы өтініш және тиісті құжаттарды бергеннен кейін сатып алу сомасын алады. Екінші зайыбы үшін шарт әрекет етуді жалғастыратын болады», - деп нақтылады Мария Хаджиева.

  • Ерлі-зайыпты жұп, 55 жастағы күйеуі мен әйелі, тиісінше 10 млн теңге және 8 млн теңге мөлшерде зейнетақы жинақтары бар. Бұл ретте ең төменгі күнкөріс деңгейінен 70% мөлшерде (2022 жылы 26 173 теңге) ай сайынғы төлеммен зейнетақы аннуитетінің құны күйеуі үшін 7,4 млн теңге, әйелі үшін - 9,2 млн теңгені құрайды. Осы мысалда әйелінің жинақтар сомасы зейнетақы аннуитетінің жеке шартын жасау үшін жеткіліксіз. Жинақтарды біріктіріп және 18 млн теңге сақтандыру сыйлықақысымен бірлескен зейнетақы аннуитетінің шартын жасасып, ерлі-зайыптылардың әрқайсысы кейінгі төлемдердің жыл сайынғы индекстелуін ескеріп, 28 430 теңге мөлшерде өмір бойылық ай сайынғы төлемдерді ала алады.

«Зейнетақы аннуитеті шарты үлкен артықшылықтарға ие. Біріншісі – БЖЗҚ-дан аударылған, ерлі-зайыптылардың зейнетақы жинақтарының сомасына тәуелсіз, сақтандыру ұйымынан төлемдерді өмір бойы алу мүмкіндігі. Бұл зейнетақыны бүгінгі күні алатын зейнеткерлер үшін ортақ зейнетақыға қосымша үстеме. Және заңмен көзделетін, мемлекеттен ең төменгі кепілдік берілген зейнетақыны алатындар үшін де жеткілікті үстеме. Айта кетейін, БЖЗҚ ақшаны зейнетақы шотында олар таусылған деңгейге дейін ғана төлейді», - деді ҚНРДА төрағасының орынбасары.

Бұдан бөлек, жаңа түзетулер қазақстандықтарға БЖЗҚ-да шоттан қаражатты шешудің қосымша мүмкіндігін береді. «2021 жылға дейін Зейнетақы аннуитеті (ЗА) шартын жасаған кезде шартқа өзгертулер енгізуге, оның ішінде төлемдер мөлшерін азайтуға мүмкіншілік болмаған. Ағымдағы заңнаманың өзгерісімен, ЗА бойынша клиентте осы мүмкіншілік пайда болды: адам бұрынғы шарт пен жаңа шарт арасында айырмашылықты БЖЗҚ-ға аударуына және зейнетақы қорында барлық жинақтарды баламалы қажеттіліктерге (жылжымайтын мүлік сатып алу, ипотека, емделу) пайдалана алады», - деп бөлісті Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының басқарушы директоры Ерлан Бурабаев.

Шамалы есеп:

Ер адам (55 жас) бұрын 11 млн теңге құнымен ЗА шартын жасады. Енді ол шартқа өзгертулер енгізіп, төлемдер мөлшерін азайта алады және ЗА құны 7 млн теңгені құрайды. Сатып алу сомасы 10 млн теңгені құрайды, және бұл айырмашылықты (3 млн) БЖЗҚ-ға аударуға және тұрғын үй сатып алу үшін немесе емделу үшін пайдалануға болады.

  • Қаржылық қызметтерді тұтынушылар олардың мүдделері мен мүліктік құқықтарын мемлекет қорғайтынына сенімді болуға тиіс. Біздің елімізде өмірді сақтандыруға сенімді жоғарылату үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі жұмыс істейді. «Біздің елімізде кепілдік беру жүйесінің негізгі буыны сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры (СТКБҚ) болып табылады. Жаңа заң бойынша тұтынушылар сақтандыру ұйымын тарату туралы сот шешімін күтпей-ақ, ҚНРДА шешімінен кейін бірден қордан сақтандыру төлемдерін алатын болады. Бұл норма елімізде үздіксіз сақтандыру төлемдері жүйесі жұмыс істеуі үшін енгізілді», - деп қорытындылады ҚНРДА төрағасының орынбасары Мария Хаджиева.

СТКБҚ сақтандырушы банкрот болған жағдайда жеке тұлғаның алдында (және сақтандырудың кейбір түрлері бойынша заңды тұлғалар алдында)міндеттемелерді өзіне алады. Болашақ төлемдер сомасы банк банкрот болғаннан кейін салымшыларға 10 млн теңгеден артық болмайтын соманы төлейтін, Депозиттерге кепілдік беру қорынан айырмашылығы шектелмеген.

Еске салайық, СТКБҚ 2003 жылы құрылған. Бүгінгі күні 26 сақтандыру ұйымдары оның акционерлері болып табылады. Қордың кепілдік беру қоры 13,5 млрд теңгені құрайды. Құрылған күннен бастап СТКБҚ 1,2 млрд теңгеден аса сомаға таратылған алты сақтандыру компанияларының міндеттемелерін өтеді.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қазақстанда қандай салықтық жеңілдіктер сақталады
Қазақстанда қандай салықтық жеңілдіктер сақталады

Қазақстанда салық жеңілдіктерін қысқарту жос...

Депозиттерге балама бар ма?
Депозиттерге балама бар ма?

ZOLOTO NOMADOV салымын жасасқан Nomad Life клиенттері шет...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру