bs-preloader__icon
ru kz
✕

БЖЗҚ тұрғын үй және емделу мақсатында 1,5 миллионнан астам өтінішті орындады

1 сәуірдегі жағдай бойынша БЖЗҚ тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға 1,3 млн өтінішін орындады. Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 3,1 трлн теңгеден аса қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы шамамен 2,4 млн теңгені құрады, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.
БЖЗҚ тұрғын үй және емделу мақсатында 1,5 миллионнан астам өтінішті орындады

Орындалған өтініштердің ең көбі Алматы қаласының (17,75%), Нұр-Сұлтан қаласының (13,53%), Маңғыстау облысының (10,41%) тұрғындары тарапынан жолданған. Тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасына салымды толықтыруға әрі қарай жинақтау үшін 249,2 млрд теңге (8%) сомаға 274 506 өтініш орындалды.

Сонымен қатар, БЖЗҚ емделуге берілген 293,5 млрд теңгеге 380 996 өтінішті орындады. Бұл ретте алуға болатын орташа сома шамамен 0,8 млн теңге. Емделуге берілген өтініштердің едәуір бөлігі тіс емдеуге – 284,5 млрд теңгеге 365 751 өтініш (емделуге берілген өтініштердің жалпы санының 96,0%) бағытталды, одан әрі офтальмологиялық қызметтерге – 5,1 млрд теңгеге 10 844 өтініш және орфандық ауруларды емдеуге – 1,1 млрд теңгеге 1 251 өтініш орындалды.

Ағымдағы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) 7,9 млрд теңге аударылды, БЖЗҚ 4 975 өтінішті орындады. Аударымның орташа сомасы 1,6 млн теңге.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандыру бойынша төлемдердің қандай жолын таңдаймыз
Өмірді сақтандыру бойынша төлемдердің қандай жолын таңдаймыз

Әдетте сақтандыру төлемі сақтандырушымен бар...

Отандық өмірді сақтандырушылар қанша сыйлықақы жинайды
Отандық өмірді сақтандырушылар қанша сыйлықақы жинайды

Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында өмірді...

Алматы перзентханаларында Freedom Finance Life-тан акция басталды
Алматы перзентханаларында Freedom Finance Life-тан акция басталды

Балалардың дүниеге келуі – әрқашан әрбір ата-...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру