Pinney Insurance Cente-дің президенті Райана Пиннидің сөзінше, трансгендерлік өзі өмірді сақтандырудың андеррайтингіне ешқалай әсер етпейді. «Сізге өмірді сақтандыру полисінен бас тартудың қажеті жоқ. Себебі, трансгендерлер мен қарапайым адамдар үшін бірдей тарифтер әрекет етеді».
Бірақ кейбір өмірді сақтандыру компаниялары бүткіл андеррайтингті трансгендерлердің қайтыс болуының жоғары көрсеткішіне негіздейді. «Олар теріс статистиканы алуы мүмкін. Мысалы, еркек болып туылған адам әйелге ауысуды жасаса, қуықасты безінің қатерлі ісігінің даму қаупі жоғары. Ал еркекке ауысуды жасаған әйелдерде жиі остеопороз пайда болады», - деп түсіндірді Райана Пинни.
Алайда бүгінгі күні, Quotacy-дің негізін қалаушы және бас директоры Джереми Халлеттың сөзінше, көптеген өмірді сақтандыру компаниялар өтініш беруші өзін теңдестіретін жынысты қабылдайды. Андеррайтингке нақты талаптар сақтандырушыға байланысты құбылады. Мысалы, Quotacy-мен сұралған бірнеше өмірді сақтандыру компаниялары клиент көрсеткен жынысты қолданады.
Пинни трансгендерлік әдетте өмірді сақтандыру тұрғысынан қосымша тәуекелді көтермейтінін айтады, «бірақ сақтандыру компаниялары кез-келген қосымша шешімдерді қабылдау үшін сіздің жеке ауру тарихыңызды пайдаланады».
Халлеттің айтуынша, трансгендерлік адамдар цисгендерлік адамдарға қарағанда, қүйзелістің, мазасыз ауытқулар мен өзін өзі өлтірудің неғұрлым жоғары қаупіне ұшырағыш. Сондықтан сақтандыру компаниялары сіздің ауру тарихыңызды мұқият зерттегісі келеді. Кейбір жағдайларда трансгендерлерден емделуші дәрігерден анықтама талап етілуі мүмкін.
«Трансгендерлік адамдарды медициналық сақтандыру қатысында кемсітушіліктен қорғайтын федералдық заңдар бар. Өмірді сақтандыру, екінші жағынан кемірек түсінікті. Және қорғаудың қолданыстағы шаралары штатқа және сақтандыру компаниясының өзіне байланысты құбылады», - деп қорытындылады Халлет.
Дереккөзі: https://www.forbes.com/advisor/life-insurance/transgender-life-insurance/
Сурет ашық дереккөздерден