bs-preloader__icon
ru kz

Сарапшы - зейнетақы аннуитеттерінің құны ақталды

Көбінесе өмірді сақтандыру компаниялары қымбат қызмет көрсеткені үшін айыпталады. Бұл әділ сын емес, деп есептейді АҚШ Зейнетақы кірістері орталығының директоры Уэйд Пфау. Ол Forbes Magazine үшін мақала жазды.
Сарапшы - зейнетақы аннуитеттерінің құны ақталды

Аннуитет – өмірді сақтандыру жөніндегі компаниямен тең уақыт аралығында аннуитет шартын жасасқан адамға тең үлестермен төленетін ақша сомасы. Мысалы, ай сайын, тоқсан сайын не жыл сайын бір рет немесе бөліп-бөліп төлеу арқылы жүзеге асырылған жарнаға айырбас ретінде. Шын мәнінде, бұл түрлі қатысушылардың ортақ жүйесі, олар өздерінің жинақталған қаражатын тәуекелдерді қайта бөлу есебінен зейнетақы төлейтін сақтандыру компаниясына береді. Зейнетақы аннуитетінің басты артықшылығы, егер шартта нақты мерзімдер көрсетілмесе, - өмір бойы төленетін төлемдер. Яғни, келісім-шарт жасалған сақтандыру компаниясы өмір бойы зейнетақы төлеу тәуекелін мойнына алады, бірақ өз клиенті қайтыс болған жағдайда оның қаражатын өзінде қалдырады. Зейнетақы қорында қалған адамдар белгілі бір мерзімге ғана сене алады. Егер зейнеткер өмір сүру ұзақтығының осы көрсеткішін еңсерсе, ал оның ЗҚ-дағы жинақтары аяқталса, онда адам енді зейнетақы ала алмайды және оған тек мемлекеттен берілетін ең төменгі әлеуметтік жәрдемақыға ғана сенуге тура келеді.

Яғни аннуитеттің жоғары құны төлемдердің көп мерзіміне байланысты. Сақтандырушылар капиталды көбейту үшін құнды қағаздарға ақша салады.

Дереккөзі: https://www.forbes.com/sites/wadepfau/2020/06/16/a-variable-annuities-overview/#55a29c951c76

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
РФ сақтандыру нарығы ненің есебінен өсіп жатыр
РФ сақтандыру нарығы ненің есебінен өсіп жатыр

2020 жылдың III тоқсанында ресейліктер 396,8 млрд ру...

Қазақстанда ұзақ мерзімді жинақтарды ынталандыру қажет
Қазақстанда ұзақ мерзімді жинақтарды ынталандыру қажет

Қазақстанда сақтандыру төлемдеріне кепілдік ...

Қазақстанда зейнетақы аннуитеті қалай жұмыс істейді
Қазақстанда зейнетақы аннуитеті қалай жұмыс істейді

Қазақстанда күтілетін өмір ұзақтығы 2021 жылдың...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру