Полис маған нені беруі тиіс?
Полис жоғары пайданы, жақын адамды жоғалтқаннан кейін төлемдерді, зейнетақы төлемдерін алып келе алады. Сондықтан өмірді сақтандырудың төрт түрін бөледі: уақытша, өмір бойылық, тәуекелді және аралас сақтандыру.
Уақытша сақтандыру. Уақыттың белгілі бір кезеңіне жасалады. Сақтандыру оқиғасы кез-келген себеп бойынша сақтандырылған адамның қайтыс болуы болып табылады. Сыйлықақылар кезеңімен төленеді.
Өмір бойылық сақтандыру. Сақтандырылған адамның бүткіл өмірі бойы созылады, мерзімсіз болып табылады. Өмір бойылық сақтандыру салық салудың жоғары мөлшерлемелерінен құтылуға және қайтыс болған жағдайда бар активтерді ұлғайтуға көмектесе отырып, сақтандырылған адамның отбасын материалдық жағынан қамтамасыз етеді. Сыйлықақылар бір реттік сипатқа ие немесе мерзімді төленеді. Мұрагерлікті тапсыру тәсілдерінің бірі ретінде немесе сақтандырылған адамның қайтыс болуынан кейін туыстарын материалдық жағынан қамтамасыз ету тәсілі ретінде қолданылады.
Тәуекелді сақтандыру. Сақтандырудың бұл түрі өмір бойылық сақтандыруға ұқсас, сақтандыру оқиғасы кезінде белгілі бір ақшалай төлем төленеді. Тәуекелді сақтандыру сақтандырылған адамды тәуекелдерің түрлі түрінен қорғайды: еңбекке қабілеттіліктен айырылу (белгілі бір топ мүгедектігі), қауіпті аурудың диагнозы қойылған жағдайда, ауруханаға жатқызылған, хирургиялық әрекет, жарақат жағдайында. Сақтандырудың осы түрі ақша сомасын бір рет алуға көмектеседі. Әдетте, жарналар мөлшері сақтандыру сомасынан 2-ден 5%-ға дейінді құрайды, бірақ жынысқа, денсаулық жағдайына, сақтандырылған адамның жасына байланысты өзгеруі мүмкін.
Аралас сақтандыру. Бұл бір шартта бірнеше тәуекелдерден сақтандырулар біріктірілетін сақтандырудың түрі: қайтыс болудан, өмір сүруден, жазатайым оқиғадан, аурудан, еңбекке қабілеттіліктен айырылудан және т.б. Белгілі бір ақша сомасын жинақтау мақсатымен созылмалы мерзімге (бес жылдан артық) жасалады. Сыйлықақылар мерзімдік немесе бір реттік.
Бенефициар кім?
Пайда алушы (бенефициар) – оның пайдасына сақтанушымен өмірді сақтандыру шарты жасалған, жеке немесе заңды түлға.
Егер өмірді сақтандыру шартында пайда алушы тікелей көрсетілмесе, шарт сақтандырылушының пайдасына жасалған болып есептеледі. Өзге пайда алушы көрсетілмеген шарт бойынша сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда сақтандыру төлемін алуға құқыққа сақтандырылған адамның мұрагерлері ие.
Дереккөзі: https://finance.yahoo.com/news/looking-life-insurance-3-questions-165613737.html
Сурет ашық дереккөздерден