Дүниежүзілік практикада қаржыландыру қағидаты бойынша зейнетақы жүйелерінің екі классикалық типі бар: үлестіретін және жинақтайтын. Үлестіретін зейнетақы жүйесінде зейнеткерлерге төлемдер жұмыскерлердің ағымдағы кірістерінің (бюджетке ағымдағы салықтық түсімдердің) есебінен төленеді. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінде жұмыс істейтін буын қарт адамдарға төлеуге жұмсалмай, жиналатын, инвестицияланатын және инвестициялаудан түскен кірістермен бірге кейін ақша жинаған адамдарды зейнетақымен қамтамасыз ету үшін қолданылатын жарналарды төлейді.
Кейбір мемлекеттерде қолданылатын және зейнетақы жүйелерінің үйлестіруші және жинақтаушы түрлерінің элементтерін біріктіретін шартты-жинақтаушы зейнетақы жүйесін ерекше бөліп көрсетуге болады. Бұл ретте зейнетақы алуға құқыққа қатысушының жарналарын зейнетақы жүйесіне аудару арқылы қол жеткізіледі. Белгілі бір сәтте болашақ зейнеткерлер өмірді сақтандыру компаниясымен кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті шартын жасасады.
«Кейінге қалдырылған сақтандыру аннуитеті – бұл шарттарына сәйкес сақтандырылған тұлға болашақта белгілі бір сәттен бастап жүйелі түрде төлем алатын сақтандыру шарты. Бұл төлемдердің мерзімі шартта белгіленуі мүмкін, олай болмаған жағдайда төлемдер сақтандырылған тұлғаның өмір сүру мерзімінің ішінде жүзеге асырылады. Мұндай шарттар, әдетте, еңбек қызметі аяқталағаннан кейін кірістер деңгейін ұстап тұру мақсатымен жасалады. Сақтандыру компаниясы өзіне ұзақ өмір сүру тәуекелін алады, яғни егер адам орташа өмір сүру мерзімінен көбірек өмір сүрсе, мұндай жағдайда оның кірістерінің барлығы басқа инвестициялардан алынуы мүмкін сомадан асып кетуі мүмкін. Сонымен қатар егер адам орташа өмір сүру мерзімінен бұрын қайтыс болса, ол кірістердің бір бөлігін ала алмай қалады. Осылайша, ұзақ өмір сүретін адамдар азырақ өмір сүрген клиенттермен жасалған шарттардың есебінен көбірек кіріс алады. Ұзақ өмір сүретін адамдардың тиісті қосымша кірісі mortality credit деп аталады», - деп түсіндірді ТКРА-де.
Сақтандырудың бұл түрі АҚШ-та кеңінен тараған. Жалпы, Құрама Штаттардың барлық еңбекке қабілетті азаматтары зейнетақысын өз бетінше құра алады. Айталық, 401(k) жоспары деген болады — бұл жұмыс беруші аударатын қаражаттардың есебінен құралатын арнайы шот. Бұл жалданған жұмыскерге жалақысының белгілі бір пайызын салық салынбайтын шотқа аударуына мүмкіндік береді. Анығырақ айтқанда, салық зейнеткерлікке шыққан сәтке дейін қалдырылады. Американдықтар болашағына ақша жинай отырып, қалайша бірден салықтардың есебінен ақша үнемдейді? Әдетте, 401(k) шотына төлемдер мөлшері салықтарды төлегенге дейінгі жалақының 6% құрайды.
SIMPLE IRA — зейнетақы жоспарының танымалдылығы бойынша екінші орында тұрған түрі. Оны сондай-ақ «IRA қызметкерлеріне арналған жинақтық ынталандыру шоты» деп атайды. Көбінесе мұндай жоспарды шағын жеке меншік компаниялар ұсынады – жұмыс беруші салықтарды төлегенге дейінгі жалақының 1%-З% төлейді.
SEP IRA — өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарға арналған зейнетақымен сақтандыру түрі. IRA SEP ең басты ерекшелігі – жарналар шектерінің жоғары болуы. Сіз өз зейнетақы шотыңызға жалпы жылдық жалақының 25%-на дейін немесе 20%-ын сала аласыз.
Әлеуметтік сақтандыру — бұл АҚШ тұрғындарына, сондай-ақ оларға тәуелді отбасы мүшелеріне қаржылық көмек көрсетудің федералдық бағдарламасы.
2014 жылдың жазында АҚШ Қазынашылығы кейінге қалдырылған өмірлік зейнетақы аннуитеті шарттарына немесе QLAC арнап талаптарды құруды аяқтады. Бұл құжат салық салу ережелерінен айрықшалықтарды және сақтандырушыларға қосымша талаптарды ұсынады. Мысалға, белгілі бір адам 85 жастан бастап, қайтыс болған күнге дейін жылына 11 803 доллардың төленетініне кепілдік беретін ұзақ өмір сүруді сақтандыру шартын жасасу үшін 60 жасқа келгенде өз зейнетақы жинақтарынан 20 000 доллар төлей алады. Бұл мысалда біз егер адам 95 жасқа дейін өмір сүрсе өзінің төлеген 20 000 долларының орнына 118 030 доллар алатынын көріп отырмыз. Бұл табыстылық нормасы нарықтық мөлшерлемелерден алуға болатын пайдадан әлдеқайда жоғары.
Тәуекел төмен бола тұра табыстылықтың жоғары болуының экономикалық себебін сақтанушылардың бастапқы инвестицияларға кез келген шағымдарынан бас тартатынымен түсіндіріледі. Егер адам 85 жасқа (бұл QLAC қаражаттарын жинауға болатын максималды жас шамасы) жеткенше қайтыс болса, сақтандыру компаниясы оның мұрагерлеріне ештеңе төлемейді және оның кредиторлардың алдындағы міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Жоғары табыстылықтың келесі себебі ретінде төлемнің мерзімі ұзартылатындықтан инвестициялық кезеңнің айтарлықтай ұзақ болуын келтіруге болады. Бұл сақтандыру компаниясына инвестициялаудың тым консервативті емес саясаттарын пайдалануға мүмкіндік береді. Оның үстіне, бұл зейнетақы жоспары өмірді сақтандыру компаниясының клиентін төменірек салықтық санатта ұстап қалуға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде инвестициялық табыстылықтың жоғары болуымен қатар қаржы айтарлықтай үнемделеді.
Адамдардың көбі осындай аннуитетті сатып алады, себебі ол оларға едәуір аз сома үшін қартайған кезде қаржылық қорғанышқа ие болуға мүмкіндік береді. QLAC-ң тағы бір артықшылығы оның ерлі-зайыпты адамдарға бірлесіп кейінге қалдырылған аннуиттет құруға мүмкіндік беретіні болып табылады.
Фотосурет ашық дереккөздерден алынған.