bs-preloader__icon
ru kz

Өмірді сақтандыру өмірдің қиын жағдайларында ғана емес қажет

РФ-дағы өмірді сақтандыру нарығы ипотекалық қарыз алушыларды сақтандырудан басталды. 90-шы жылдардың соңында сақтандырудың жинақтау түрлері жергілікті мәдениеттің ерекшелігіне байланысты танымалдыққа ие болған жоқ – тұтынушы үшін бүгін ақша беріп (немесе жыл сайын бір соманы төлеу), ал 15-20 жылдан кейін өнім нәтижесін сезіну қызық, деп «Банковское обозрение» сайты жазады.
Өмірді сақтандыру өмірдің қиын жағдайларында ғана емес қажет

Нарықтың эволюциялық дамуы өмірді инвестициялық және жинақтаушы сақтандыруды танымал етуге әкелді. «Клиенттер» қосымшада немесе жеке кабинетте өздері таңдаған инвестициялық құралдардың табыстылық динамикасын бақылай отырып өнімді сезінеді. Сондықтан, ӨИС-ға ұқсас жинақтаушы өнімдер клиенттер өнімді барлық пайдалану барысында сезінуі үшін сервистік функцияларға ие бола бастады. Бұл тұтынушыларға ұнады, ал банктерге оны сату оңайырақ болды», - дейді «Ингосстрах-Жизнь» компаниясының бас директоры Владимир Черников.

Даму кезеңдерінен өтіп ресейлік сақтандырушылар клиенттерге өмір бойы адамдарды сүймелдеп жүретін өнімдердің (жинақтаушы сақтандыру базасында) түрлерін ұсынады. «Мысалы, отбасы баланы жоспарлайды. Демек, мұнда жүктілік, босану бойынша қызметтер, ал қандай да бір патологиялар болған жағдайда – ЭКО процедуралары қажет. Бұдан әрі бала мектепте, ЖОО-да оқиды, бұл да шығындарды талап етеді. Ересек өмірге ену (өз пәтеріңіз немесе үйіңіз), содан кейін біз белсенді деп атайтын демалысымыз (зейнетақы сөзін ұнататындар аз) және оған да қаржы тұрғысынан алдын ала дайындалғаны жөн», - деп түсіндіреді әңгімелесуші.

Өмірді сақтандыру нарығына салық жеңілдіктері оң әсер етті. Көрші елде мұндай өнімдер бойынша шегерім бар. «База 120 мың рубльден аспауы керек. Яғни жылына 15,6 мың рубльден артық емес соманы қайтарып алуға болады», – деп «Ингосстрах-Жизнь» компаниясының бас директоры нақтылайды.

Қаржыгер өмірді жинақтаушы сақтандыру – әрбір отбасының қаржылық қорғалуы тұрғысынан маңызды әлеуметтік маңызды өнімдер нарығы деп есептейді.

Дереккөзі: https://bosfera.ru/bo/strahovanie-zhizni-nuzhno-ne-tolko-v-slozhnyh-zhiznennyh-situaciyah

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Бүкіл әлемде орташа жалақының сатып алу қабілеті төмендеп жатыр
Бүкіл әлемде орташа жалақының сатып алу қабілеті төмендеп жатыр

Халықаралық еңбек ұйымының «2022-2023 жылдарға ар...

2030 жылға қарай американдықтардың 20% - дан астамы 65 жастан асады
2030 жылға қарай американдықтардың 20% - дан астамы 65 жастан асады

АҚШ-та бұл нарық зейнеткерлердің қаржылық қау...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру