bs-preloader__icon
ru kz

Елде карнавалдарды, кофе және футболды сақтандыру

Бразилиялық сақтандыру нарығы Латын Америкасындағы ірілердің бірі болып келеді. Оның сыйымдылығы – аумақтағы ең ірісі. Талдаушылардың бағалаулары бойынша, сақтандырушылар реттілікте 70 млрд.долларлар жинақтайды, бұл кезде қайта сақтандыру нарығының сыйымдылығы 3,5 млрд.долларларға жетеді.
Елде карнавалдарды, кофе және футболды сақтандыру

Әлемдегі жедел дамудағы және болашағы жарқындардың бірі бола отырып, бразилиялық сақтандыру нарығы әлеуетті серіктестер және көптеген елдердегі инвесторлар үшін өте тартымды болып отыр. Осымен қатар, бразилиялық экономика аумақтағы ең қуаттысы және әлемдік  нарықтарға маңызды ықпалдар жасауда.

Сақтандырудың Бразилияда дамуы XIX ғасырда халықаралық сауда порттарының ашылуымен және жүктерді теңіздік сақтандыру қажеттілігімен бірге басталды. Сол уақыттарда Бразилияның еуропалық нарыққа қоятын негізгі тауары кофе болды. Ұзақ уақыттар бойы сақтандыру Португалияның  азаматтық заңнамалары актілерімен реттелініп отырды. Алайда біртіндеп елде сақтандыру бойынша өзінің заңнамалық базасы қалыптасуда. Осылайша, 1850 жылы Бразилияның Коммерциялық (саудалық) кодексі күшіне енді. Бұл құжатта теңіздік сақтандырумен қатар, жерде орналасқан мүліктерді де сақтандыруды реттеуші нормалар қарастырылған. Осымен қатар                Бразилияда өмірді сақтандыру 1855 жылы Коммерциялық кодекске енгізілген түзетулерден кейін ғана рұқсат етілді. 1966 жылы арнайы декретпен  SUSEP қалыптастырылды – елдің қаржы министрлігі құрамында Бразилияның  сақтандыру нарығын барлау және реттеудің арнайыландырылған органы. SUSEP сақтандырушыларға, қайтасақтандырушыларға және брокерлерге лицензия береді, сақтандыру операцияларын реттеу және барлауды жүзеге асырады, жаңа сақтандыру өнімдеріне рұқсатнама береді.

Сақтандырушыларды Бразилияда шартты түрде бірнеше санаттарға жіктеуге болады.

1. Өмір, мүлікті сақтандырудың әртүрлі түрлерін ұсынатын, сонымен қатар зейнетақы қорларымен жұмыстар жасайтын сақтандыру компаниялары.

2. Өмірді инвестициялық сақтандыруды ұсынатын компаниялар.

3. Міндетті медициналық сақтандыруды ұсынатын компаниялар.

Олар, сақтандыру қызметіне лицензиядан басқа, елдің денсаулық сақтау министрлігінің аккредитациясын алуға тиісті. Сақтандырушылар басқармасындағы кез келген өзгерістер SUSEP-пен мақұлдануы қажет. Акционерлік капитал иелерінің құрылымындағы кез келген өзгерістерді міндетті тәртіпте барлау органына хабарлау қажет. Осымен қатар, сақтандыру компанияларына бірқатар талаптар қойылады. Өз қызметтерін жүзеге асыру үшін, оларда, негізінен, капитализация және төлем жасау қабілеттілігінің жеткілікті деңгейі, меншіктің түсінікті құрылымы болуы қажет.

Бразилиядағы танымал сақтандыру өнімдерінің бірі өмірді сақтандыру болып келеді. Сақтандыру бағдарламалары көпқырлы және де физикалық тұлғаларға да, ұжымдық сақтандыру шегінде де ұсынылады. Тәуекел құнын анықтауда сақтандырушы қызмет атқаратын экономика саласы міндетті түрде ескеріледі. Өмірді сақтандыру сақтандырушының өлімі жағдайында да өтем жасауды алдын ала қарастырады.

 

Бразилиядағы зейнеткерлік сақтандыру сақтандырушының сақтандыру салымдарын зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін ай сайын төлеп отыруды және сақтандыру соммасын сақтандырушы зейнеткерлікке шыққаннан кейін өтеуді қарастырады. Зейнеткерлік бағдарлама жеткілікті танымал, және сақтандырудың бұл түрі бойынша жинақтар барлық жеке сақтандыру бойынша жинақтардың 50% артығын құрайды.

Сақтандыру сыйақысын жинақтау бойынша екіншісі Бразилияда, міндетті болып келетін, автокөлікиелері жауапкершіліктерін сақтандыру. Сондай-ақ автокөлікті еркіті сақтандыру да бар. Алайда ол бағасының қымбаттылығына байланысты үлкен танымалдылыққа ие емес. 

Әрбір сақтандырушы шығындарды ретке келтірудің өз шарасын орнатады, бірақ ол елдің заңнамаларымен анықталған жалпы ережелер шегінде болуы тиіс.

Жалпы алғанда Бразилияның  сақтандыру нарығы әлемдегі динамикалы дамудағылардың бірі, бұл оны халықаралық компаниялар үшін тартымды етеді. 

Дереккөзі:

http://prev.makc.ru/upload/iblock/d5a/d5a87deccf0f4a73520990d531ace92c.pdf

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қайсысы тиімдірек депозиттер немесе жинақтаушы сақтандыру
Қайсысы тиімдірек депозиттер немесе жинақтаушы сақтандыру

Өмірді жинақтаушы сақтандыру (ӨЖС) - бұл белгіл...

Сақтандырылмаған зейнеткерлер
Сақтандырылмаған зейнеткерлер

Зейнетақы сақтандыру немесе зейнетақы аннуит...

ҚР қай банктері қиындыққа тап болуда
ҚР қай банктері қиындыққа тап болуда

Елдің банк секторында қаржылық тұрақтылықтың ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру