bs-preloader__icon
ru kz

Қаржылық реттегіш AsiaCredit Bank-тің проблемалары туралы айтып берді

2019 жылдың соңынан AsiaCredit пруденциялық нормативтерді орындамайды. LS қаржылық реттеуіш бойынша агенттіктен (АРРФР) банктегі проблемалар қалай шешілетінін білді.
Қаржылық реттегіш AsiaCredit Bank-тің проблемалары туралы айтып берді

LS-тің ресми сұратуына АРРФР жауабында AsiaCredit Bank-тің пруденциялық нормативтерді бұзуы клиент қаржыларының жоспардан тыс ірі кетісімен байланысты деп түсіндірген. Сондай-ақ, өтімділіктің тапшылығына және қаржылық қиыншылыққа әкелген, кредиттің төмен сапасы өзінің рөлін атқарды.

«Агенттікке 2020 жылдың 25 желтоқсанына дейін акционердің қаражаты есебінен AsiaCredit-тің клиенттік төлемдерінің уақытылы және толық қызмет көрсетілуін қалпына келтіру бойынша іс-шаралардың жаңа жоспарын ұсынды. Қазір банк акционердің клиенттер алдында қабылдаған міндеттемелерін уақытылы және толық орындау бойынша қызметінің қатаң бақылауын көздейтін, реттеудің ерекше режимінде», - дейді АРРФР.  

Қаржылық реттегіштің айтуынша, осы шаралардың аясында AsiaCredit-ке қосымша өтімділікті тарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«2020 жылдың басынан осы іс-әрекеттерді жүргізу есебінен қаржылық реттегіш қарыз портфелін өтеу бойынша іс-шараларды күшейтті, бұл 6 млрд теңгеге жуық соманы тартуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, акционерден және үлестес тұлғалардан шамамен 5 млрд теңге өтімділік алынды. Бұл іс-шаралар осы жылдың басынан міндеттемелерді 11 млрд теңгеге төмендетуге мүмкіндік берді, соның ішінде депозиттік портфель 7 млрд теңгеге азайды. Жеке тұлғалардың салымдары 2 млрд теңгеге азайды», - деген деректерді келтіреді агенттік.

Одан басқа, АРРФР AsiaCredit қызметін қатаң бақылауын жүзеге асыруды жалғастыратындықтарын айтты. Бұл ретте, іс-шаралардың орындалу мерзімін одан әрі ұзарту жүргізілмейді.

«Міндеттемелер уақытылы және толық орындалмаған жағдайда банктік операцияларды жүргізуге лицензиядан айыруға дейін, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қадағалаудың әрекет ету шаралары қабылданатын болады», - деп түйіндейді агенттік.

2020 жылдың қыркүйегінде АРРФР-дің төраға орынбасары Олег Смоляков Capital және AsiaСredit-тің акционері Орифджан Шадиев 2 қарашаға дейін 29,3 млрд теңге мөлшерінде қаржы институттарын қолдау бойынша жазбаша міндеттеме ұсынды. Кейін белгілі болғандай, қаржы институттарға 18,4 млрд теңгеге тағы капитал салынды.

Дереккөзі: https://lsm.kz/aziakredit-i-kapital

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Еуропаның кейбір елдерінің сақтандыру секторы Brexit-ке байланысты өсті
Еуропаның кейбір елдерінің сақтандыру секторы Brexit-ке байланысты өсті

Еуропаның кейбір елдерінің сақтандыру сектор...

Беларусьтің зейнетақы жүйесі
Беларусьтің зейнетақы жүйесі

Беларусьте 2,5 млн зейнетақы алушылар бар. Зейн...

Зейнетақы аннуитеттері туралы білуге қажет бес нәрсе
Зейнетақы аннуитеттері туралы білуге қажет бес нәрсе

Аннуитеттер-бұл сіздің зейнеткерлікке шығуды ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру