bs-preloader__icon
ru kz

Өмірді сақтандыру егде жаста табыстың негізгі көзі болуы мүмкін

Індет бізді талассыз өмір және денсаулық секілді құндылықтарға зейін салып қарауды үйретті. Қоғамның қартаюы елдің әлеуметтік және экономикалық өмірінің барлық аспектілеріне әсер етеді. Өзгелерінен басқа, егде жастағы адамдар айрықша қажеттіліктермен және елеулі жиынтық сатып алушы қабілеттілікпен тұтынушылардың өсуші тобын құрайды, деп жазады US News.
Өмірді сақтандыру егде жаста табыстың негізгі көзі болуы мүмкін

АҚШ-та зейнетақы сақтандыру және жинақтаушы бөліктен құрылады – соңғысы әдетте айтарлықтай көбірек. Жұмыскерлер жалақыдан салықты төлегенге дейін жеке зейнетақы шоттарына жарналарды өздері аудара алады. Осындай шарттармен оған каражатты жұмыс берушілер де сала алады. Америкада ең танымал жинақтаушы зейнетақы жоспары – 401 (k) (АҚШ Салық Кодексі бабының нөмірі бойынша). Зейнетке шығудың орташа жасы – 62 жас, ал өмірдің орташа ұзақтығы – 79 жас.

Әрбір бесінші американдық ол қаржы нарығының тұрақтылығына қатты тәуелді екенін ескермей, 401 (k) жоспарына толық сенеді. Зейнетақы жинақтары 2008 жылы болғандай, дағдарыстан жоғалып кетуі мүмкін. Мамандар, зейнетке шыққаннан кейін тұрақты табыстарды басқа опциялармен кешенде қолданылатын зейнетақы аннуитеттері (сыйақы төлеу немесе ол бойынша негізгі қарызды және пайыздардың бөлігін төлеу) ғана кепіл бере алатынына сенімді. Солардың негізгісі – тиянақталған индекстелетін аннуитет (FIA).

Мамандар сауатты зейнетақы жинақтарының бес элементін атады: баланс, өсу мүмкіндігі, тұрақты табыс, негізгі капиталды сақтау және ай сайынғы төлемдер.

Американдықтардың басым көпшілігі әлі де FIA-ға сенбейді, бірінші кезекте, оның күрделілігінен, ол IALC-тің пікірі бойынша дақпырт.

FIA индекстеумен тиянақталған төлемдерді біріктіреді, соның арқасында табыс нарықтың тербелістеріне тәуелді болмайды. Индекстелген пайыздық мөлшерлеме адам зейнетке шыққаннан кейін де жиналған сомаларға өсуге мүмкіндік береді.

Мамандар – жинақтар көздерін әртараптандыру ғана лайықты «алтын жылдарды» қамтамасыз ете алатынына сендіреді.

Дереккөзі: https://health.usnews.com/health-care/for-better/articles/seniors-your-life-insurance-could-be-a-source-of-income

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Мансап сатысында тез көтерілуге ықпал ететін қарапайым құпиялар
Мансап сатысында тез көтерілуге ықпал ететін қарапайым құпиялар

Дағдылар пайдалы, бірақ бұл бірінші жұмыста үй...

Unit-Linked өнімінің инвестициялық стратегиясын қалай таңдаймыз?
Unit-Linked өнімінің инвестициялық стратегиясын қалай таңдаймыз?

Өткен жылы қазақстандықтар Unit-Linked – өмірді ин...

Ресейде «қарттыққа» қарай арнайы сақтандыру туралы ойлануда
Ресейде «қарттыққа» қарай арнайы сақтандыру туралы ойлануда

РФ Үкіметі елдің қарт адамдарының болашағы жө...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру