bs-preloader__icon
ru kz en

Баланың білім алуына арналған сақтандыру

Қазақстан жоғары білім – адамның маңызды активі, және оған инвестициялар қажеттілігі күмәндар тудырмайды. Соның арқасында қаржы нарығы мен мемлекет оны алуға ақы төлеуге мүмкіндік беретін өнімдер тізбесін барынша кеңейтуге тырысады. Енді біздің елімізде бюджеттің қолдауымен баланың білім алуына жинауға және өз өміріңізді сақтандыруға болады.
Баланың білім алуына арналған сақтандыру

Мектептік білім берудің ұдайы реформалары аясында жоғары оқу орындарында оқуға ақы төлеу деңгейінің өсімі адамдарды сапалы білімге ақы төлеу қажет деген пікірге көбірек сендіреді. Ағымдағы табыстардың есебінен оларға шоттарды бірден «өтеу» қиын болатын адамдар айтарлықтай соманы депозитте ғана жинап қоймай, сонымен қатар өмірді сақтандыру компаниясынан мемлекеттік бағдарламаны пайдалана алады.

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) еліміздің кез-келген азаматына ӨСК-мен баланың пайдасына жинақтаушы шартты жасауға мүмкіндік береді. Білім беру полисін келешекте Қазақстанда, сонымен қатар шетелде кәсіптік-техникалық және жоғары білім алуға ақы төлеуге пайдалануға болады.

«Өмірді білім беру сақтандыру жыл сайын сақтандыру шарты бойынша жинақтау сомасына 5% немесе 7% мөлшерде мемлекеттік сыйлықақының есептелуіне кепілдік береді. Мерзімі мен бастапқы жарна заңнамамен шектелмеген. Грант алу кезінде сақтанушы: жинақтарды шешіп алуға немесе басқа балаға сақтандыруды қайта рәсімдеуге құқылы», - деп түсіндірді ҚНРДА төрағасының орынбасары Мария Хаджиева.

Банк салымымен салыстырғанда бұл бағдарламаның басты артықшылығы – тағдыр тауқыметіне, немесе басқа сөзбен өз өліміңізге тәуелсіз, балаға ақша жинау мүмкіншілігі. Әрине, әңгіме сақтанушы ата-ананың немесе баланың пайдасына кез-келген басқа адамның өмірін сақтандыратын өнімдер туралы. Яғни, сақтанушы қайтыс болған жағдайда сақтандыру компаниясы клиенттің тарапынан одан әрі сақтандыру жарналарының болмауына қарамастан, міндетті түрде балаға шартта жазылған, алдын ала белгіленген соманы төлейді. «Бұл өнім Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен кепілдендірілген. Сіздер білетіндей, банктік депозит 10 млн теңгеден аспайтын сомаға кепілдік береді, ал сақтандыру өнімі 10 млн теңгеден асатын болса да, бүткіл сомаға кепілдік беруге жатады», - деп нақтылады ҚНРДА төрағасының орынбасары.

МБЖЖ-ның тағы бір артықшылығы – мемлекеттің қатысуы жоқ сақтандыру бағдарламаларына қарағанда, табыстылықтың неғұрлым жоғары нормасы. «Сонымен қатар, МБЖЖ клиенттерінде салықтарда үнемдеудің жақсы мүмкіндігі болады - 10%-ға дейін ЖТС түзету. Жинақтаушы сақтандыру полисінің болу дерегі біздің клиенттеріміздің жалақыларынан азырақ сомалар шегерілетініне алып келеді және олар «қолына» көбірек ақша алатын болады», - деп түсіндірді Nomad Life ӨСК-нің басқарма төрайымы Аида Камысова.

Бұдан бұрын Халык-Life ӨСК басшысы сақтандыру өнімдерін мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қосу нарыққа қосымша түрткі болатынын мәлімдеген. «Жинақтаушы сақтандырудың тартымдылығы сыйлықақылардың мемлекетпен қаражаттандырылуына байланысты, біз баланың пайдасына қазір қолданыстағы жинақтаушы сақтандыру шарттарына бірнеше есе өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары көлемінің ұлғаюын күтеміз», - деп қорытындылады Халык-Life ӨСК-нің басқарма төрайымы Жанар Жұбаниязова.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру