bs-preloader__icon
ru kz en

АҚШ-та пандемиядан көбіне көп беби-бумерлер зейнетке кетуге шешім қабылдауда

Pew Research Center-дің соңғы есебіне сәйкес, 2020 жылдың үшінші тоқсанында АҚШ-та 30 миллионға жуық беби-бумерлер зейнетке шықты. Бұл 2019 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 10%-ға көбірек, деп хабарлайды NBC12.
АҚШ-та пандемиядан көбіне көп беби-бумерлер зейнетке кетуге шешім қабылдауда

Қаржы сарапшыларының пікірінше, оның себебі пандемия аясында жұмыс орындарының қысқаруы болды.

Мемлекеттік базалық зейнетақыдан басқа (Social Security) жаңа зейнеткерлердің көбісінде 401ks немесе IRA бар.

Ең танымал американдық зейнетақы жоспары — 401К match, оған сәйкес ақшаны жұмыс беруші және жұмыскер аударады, сонымен бірге соңғысы инвестициялық процессті басқарады. Жұмыскер өзінің жалақысынан жеке зейнетақылық шотына ай сайын 15%-ға дейін аудара алады, бірақ жылына 11 мың доллардан артық емес. Жұмыс беруші сондай-ақ ай сайын осы шотқа жұмыскердің аударымдарынан белгілі бір пайызды салады – әдетте 30–50%, бірақ кейде бүткіл 100%. Вестинг бұл ретте кең таралған тәжірибе болып табылады. Салықтар зейнетақыда бүткіл алынған сомадан төленеді (яғни ЕЕТ тәсімі қолданылады).

Америкалық зейнетақы жоспарының танымалдылығы бойынша екінші түрі — IRA (қысқ. Individual Retirement Account). Инвестициялау мүмкіндіктері сондай-ақ кең, бірақ осы жоспарға сәйкес жеке шотқа жылына 5 мың доллардан артық емес аударуға болады. Roth IRA-ға сәйкес жеке шотқа салынған ақшаға жүйеге кірген кезде салық салынады және оларды қартайған шақта алған кезде, яғни шыққан кезде салық салынбайды (ТЕЕ тәсімі) Тиісінше, мерзімінен бұрын шешіп алуға айыппұлдар жоқ. Traditional IRA тәсімі кезінде жарналар салықтан босатылады, зейнетке дейін шешіп алу үшін айыппұлдар бар.

Дереккөзі: https://www.nbc12.com/2021/04/12/more-baby-boomers-are-deciding-retire-pandemic/

Сурет ашық дереккөздерден

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Инфляция қатарынан екінші ай үдеуде
Инфляция қатарынан екінші ай үдеуде

Ақпанда тұтынушылық инфляция қарқыны айлық кө...

1 наурызда Қазақстан халқының саны 18,43 млн адамға жетті
1 наурызда Қазақстан халқының саны 18,43 млн адамға жетті

2018 жылдың 1 наурызымен салыстырғанда елдегі ха...

Виталий Веревкин: «Сақтандыру нарығы үлкен өзгерістер қарсаңында».
Виталий Веревкин: «Сақтандыру нарығы үлкен өзгерістер қарсаңында».

Дайындалып жатқан жаңа реформалар жөнінде Қаз...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру