2018 жылда республиканың кәсіпорындарында 1 568 адам зардап шекті, бұл 2017 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда, 6,6%-ға (1 678 адам) төмен болды, деп Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы Бердібек Сапарбаев хабарлады. Өліммен аяқталған оқиғаларда зардап шеккендердің саны 220 адамды құрады, бұл былтырғы жылғы ұқсас кезеңінде 9,2%-ға төмен болды (2017 ж. – 244 адам).
«Өндірістегі жазатайым оқиғалардың негізгі себептері қауіпсіз еңбек жағдайларымен, жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен қамтамасыз етпеу, қызметкерлерге қауіпсіз еңбек тәсілдерінеоқытуды жүргізбеу болып табылады. Мемлекеттік еңбек инспекторларының талабы бойынша 100 лауазымдық тұлға қызметінен шеттетілді, 16 өндірістік нысанның жұмысына тыйым салынды.
Құқық қорғау органдарына 1 400 материал жолданды, олар бойынша 98 қылмыстық іс қозғалды», – деді министр. Сонымен қатар 2017 жылмен салыстырғанда өндірістік жарақаттанудың өсімі Қарағанды облысында (192 адамнан 224 адамға дейін өсті) және Солтүстік Қазақстан облысында (56 адамнан 82 адамға дейін өсті) орын алды. Өлім жағдайларының өсімі Ақмола (11-ден 17 адамға дейін), Алматы (8-ден 13 адамға дейін) және Түркістан (19-дан 24 адамға дейін) облыстарында орын алды.
«2017 жылда еңбек жылдары бойынша тексерілген кәсіпорындарының 1,7 млн қызметкерінен 370 мың немесе әрбір төртінші қызметкер (23,0%) зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс жасаған. Жұмыс берушілердің қызметкерге зиянды еңбек жағдайларында жұмыс жасағаны үшін өтемақысына жұмсалатын шығындар өсуде. Бұл мақсаттарға жұмыс берушілермен 107,7 миллиард теңге бөлінді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 7,7 %-ға артық», – деді министрліктің басшысы.
Министрдің сөзінше, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау бойынша шараларды күшейту мақсатында әкімдіктерге өндірістік жарақаттануды және зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарын төмендету бойынша өңірлік жол карталарын қабылдап, өңірде өндірістік жарақаттанудың өсуіне жол берген жарақатқа қауіпті кәсіпорындарды анықтап алып, олардың әрқайсысына қатысты жарақаттарға жол бермеу бойынша іс-шаралар жоспарын құру қажет.
Дереккөзі: https://kursiv.kz/news/obschestvo/2019-03/bolee-15-tysyach-chelovek-postradali-v-2018-godu-na-predpriyatiyakh
Фотосурет ашық дереккөзден алынды.