- Осы жылдың 15 шілдесінен бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңы күшіне енгені белгілі болды. Осы өзгерістер өмірді сақтандыру нарығының дамуына қалай әсер етуі тиіс?
- 15.07.2018 ж. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 02.07.2018 ж. № 166-VI заңы (бұдан әрі – 02.07.2018ж. Заң) күшіне енді.
Бұл заң сақтандыру нарығының қазіргі жағдайын жақсартуға және оның динамикалық өсуі мен бәсекелесті дамуын қамтамасыз етуге, ұлттық сақтандыру индустриясының тұрақтылығы мен сенімділігін бекітуге және халықтың сақтандыру мәдениетін көтеруге бағытталған.
Сонымен қатар 02.07.2018 ж. Заңы аясында өмірді сақтандыру саласын дамытуға бағытталған түзетулер енген, оның ішінде:
- сақтандыру төлемдерін кепілдендіру жүйесіне өмірді сақтандырудың зейнетақы аннуитеттер және жәбірленген қызметкерлердің аннуитеттері сияқты әлеуметтік маңыздылығы бар өнімдер енгізілген;
- өмірді сақтандыру компанияларға сақтанушының инвестицияларға қатысумен сақтандыру өнімдерін дамыту мақсатында инвестициялық портфельді өз бетінше басқару мүмкіндігі берілді;
- бірлескен зейнетақы аннуитеттері енгізілді.
Қабылданған шаралар қаржы қызметтері тұтынушыларының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етудің тиімді тетігін жасайды, сонымен қатар азаматтардың сақтандыру қызметтерін жеткізушілеріне сенімділігінің артуына және өмірді ерікті сақтандыру өнімдерінің кеңеюіне мүмкіндік береді.
- Жаңа Заңда сондай-ақ шетелде unit linked деп танылған жаңа өнімін енгізу туралы айтылады. Бұл сақтанушының өз активтерін инвестициялық басқаруға және сыйлықақыны алуға қатысу мүмкіндігімен өмірді жинақтаушы сақтандыру. Сіздің ойыңызша, бұл өнім қаншалықты бәсекеге қабілетті болады және қазақстандықтар тарапынан қаншалықты сұранысқа ие болады?
- ТМД елдерінде «unit-linked» сақтандыру өнімі жаңа буынды инвестициялық өнім болып есептелінеді, ал Еуропада, Азияда және АҚШ-та бұл құрал 60 жылдан астам уақыт қолданылады, өйткені сақтандыру және инвестициялық қызметтердің табысты әрекеттесуін ұсынады.
АҚШ-та 60% өмірді сақтандырудың шарттары «unit-linked» сақтандыру өнімі бойынша жасалады. Еуропада осы өнімнің үлесіне 30-дан 70%-ға дейін шарт құрайды. Ресей Федерациясында «unit-linked» алғашқы өнімдері 2007 жылы пайда бола бастады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасында «unit-linked» сақтандыру өнімдері қазіргі уақытқа дейін талап етілмеген болып қалуда.
Сонымен қатар заңнаманы жетілдіру және сақтанушының инвестицияларға қатысуымен сақтандыру өнімдерін дамыту мақсатында Ұлттық Банкпен 02.07.2018 ж. Заңы аясында заңнамаға қажетті түзетулер енгізілді. Бұл заңмен сақтандыру компаниясының өз активтерінен бөлек сақтанушылардың активтерін бөлек есепке алу жүйесі енгізілді және өмірді сақтандыру компанияларына инвестициялық портфельді өз бетінше басқару мүмкіндігі ұсынылған.
«Unit-linked» сақтандыру өнімінің негізгі артықшылықтары:
- бір уақытта сақтандыру арқылы қорғау мен инвестициялық табысты алу мүмкіндігі;
- сақтанушы қаржы құралдарының табыстылығы мен тәуекелділігіне байланысты олардың белгілі бір түріне инвестициялау үшін сақтандырушымен қалыптастырылған қорды өз қалауынша таңдай алады.
Осыған байланысты бұл өнім Қазақстанда өсуіне әлеуеті бар деп есептейміз.
- Онлайн-сақтандырудың дамуы сақтандыру агенті сияқты мамандығының жойылуына әкеліп соғады ма? Немесе бұл мамандарға қажеттілік қалады ма?
- 02.07.2018 ж. Заңымен ондайн-сақтандыруға және электронды нысанда сақтандыру полисінің легитимділігін бекітуге қатысты заңнамалық түзетулер енгізілді.
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтандыру ұйымдарының клиенттері сақтандыру шарттарын интернет-ресурстарын пайдалана отырып, электронды нысанда жасап, сақтандыру полисін электронды нысанда ресімдей алады.
Халық пен бизнесті сақтандыру шартын электронды нысанда жасасуға ынталандыру үшін көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымының интернет-ресурсы арқылы сақтандыру шартын жасау кезінде сақтандыру ұйымдарының сақтандыру сыйлықақысынан 10%-ға дейінгі мөлшерде жеңілдікті ұсыну құқығы қарастырылған.
Онлайн-сақтандыруды енгізу халық пен бизнес үшін сақтандырудың құнын арзандатады, шарттарды кеңсеге бармай-ақ немесе делдалдардың қатысуысыз сақтандыру ұйымдарының тікелей интернет-ресурстары арқылы жасауға мүмкіндік береді, сонымен қатар сақтандыру төлемдерін алуды тездетеді.
Бұл ретте өмірді жинақтаушы сақтандыру өнімін іске асыру сақтандыру агенттерінің сату арналарына байланысты болатынын ескере отырып, сақтандыру агенттерінде қажеттілік сақталып, онлайн-сақтандырудың енгізілуі сақтандыру нарығында агенттердің жойылуына әкеліп соқпайды.
- Зейнетақы аннуитеттері бойынша сақтандыру төлемдерінің кепілін енгізуімен, сақтанушымен қолданыстағы зейнетақы аннуиеттеті шартына қосымша келісімді жасау мүмкіндігін енгізуімен қазақстандықтар тарапынан зейнетақы аннуитеттеріне сұраныс қаншалықты өсуі мүмкін?
- Зейнетақы қорланымының сақталуы және зейнетақы төлемдерінің кепілдендірілуі зейнетақы және зейнетақы алдындағы жасқа толған тұлғалар үшін ең маңызды мәселе болып табылады.
Сақтандыру ұйымдарынан сақтандыру төлемдері БЖЗҚ-дан зейнетақы аннуитеттеріне баламасы болып табылады.
Зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру төлемдерінің үздіксіздігі және уақыттылылығы ҚР бүкіл зейнетақы жүйесінің маңызды құраушы болып табылады, өйткені осы төлемдер зейнетақы жастағы азаматтар үшін жалғыз табыс көзі болып табылады.
Кепілдендіру жүйесіне зейнетақы аннуитеті шарттарын енгізу халық тарапынан сенімділік деңгейін арттырып, жалпы өмірді сақтандыру саласының дамуына елеулі ықпал етуі мүмкін.
- Қазақстанда өмірді сақтандыру нарығының дамуында соңғы жылдың ішінде қандай динамика байқалады? Қазақстандықтарда өмірді сақтандыруға қызығушылығын дамыту үшін қандай шараларды қолдану керек?
- Сақтандыру ұйымдарымен 2017 жылғы қорытындылары бойынша өмірді сақтандыру өнімдері бойынша алған сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық сомасы 66,2 млрд. теңге құрайды. Бұл көрсеткіш 2016 жылғы қорытындыларымен салыстырғанда 10,5 млрд. теңгеге немесе 18,8%-ға артты.
2017 жылғы қорытындылары бойынша адам басына шаққанда өмірді сақтандыру өнімдері бойынша сақтандыру сыйлықақыларының сомасы 3 646,2 теңгені құрады, бұл 2016 жылғы ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда 17,2%-ға (3 110,7 теңге) артық.
Өмірді сақтандыру өнімдеріне қазақстандықтардың қызығушылығын дамыту үшін төмендегілер сияқты сақтандыру өнімдерінің тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көтеруге бағытталған шараларды қолдану қажет:
- өмірді сақтандыру өнімдері бойынша салық салуды жұмсарту арқылы салық заңнамасын жетілдіру;
- шетелдік тәжірибені және жергілікті халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, өмірді сақтандыру өнімдерінің алуан түрлерін кеңейту және құру;
- қорланымның және тәуекелдерден қорғанудың әмбебап құралы ретінде өмірді сақтандыруға өркениетті қатынасын және сақтандыру мәдениетін қалыптастыру үшін халық пен жұмыс берушілерді өмірді сақтандыру өнімдерінің артықшылығы туралы хабардар ету бойынша жұмыстарды жүргізу.
Фотосурет 24.kz, Liter.kz сайттарынан алынды.