Зейнетақы жинақтарының инвестициялық кірісі негізгі екі факторға: бағалы қағаздардың нарықтық құнына және теңге бағамына байланысты. БЖЗҚ қаражатының үлкен бөлігі теңгемен номинацияланған (БЖЗҚ-ның жалпы портфельінен 2/3) құралдарға, қалғаны – акцияларға және шетел валютасында облигацияларға (портфельдің 1/3) салынған.
«Наурыз айында доллар бағамы бір АҚШ доллары үшін 381-ден 448 теңгеге дейін артты. Бұл зейнетақы активтерінің 541,9 млрд теңгеге өсуін қамтамасыз етті. Сәуірдің бірінші жартысында, керісінше, ұлттық валютаның бір доллар үшін 448 теңгеден 425 теңгеге дейін нығаюы орын алды, бұл 179,7 млрд теңге мөлшеріндегі зейнетақы активтерін теріс валюталық қайта бағалауға әкелді. Бірақ, сәуірдің екінші жартысында таза инвестициялық кіріс 63,4 млрд теңгеге өсті», – деп БЖЗҚ басқарма төрағасы Жанат Құрманов оқиғалардың хронологиясын бақылады.
Осылайша, жыл басынан бастап 27 сәуірге дейін инвестициялық табыс 587,16 млрд теңгені құрады.
БЖЗҚ басшысы халықаралық тәжірибеде зейнетақы жинақтарының кірістілігін ең аз дегенде бір жыл ішінде бағалау қабылданғанын еске салды, өйткені бұл активтер ұзақ мерзімді кезеңге инвестицияланады, сондықтан қаржыгерлер оны «ұзақ ақша» деп атайды.
«Салымшылар наурыз және сәуір айларында инвестициялық кірістің ауытқуларына алаңдамауы керек. (...) Соңғы 12 айда жинақтардың кірістілігі инфляция 6,4% болғанда 11,87% құрады. Осылайша, табыстылық инфляциядан 5,5% - ға артты, ал бұл таза табыс», - деп нақтылады БЖЗҚ топ-менеджері.
2013 жылдың қыркүйегінен бастап (қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары БЖЗҚ басқаруына өткен кезде) инвестициялық кіріс 30%-дан асты.
«Қазақстанның Ұлттық Банкі БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімді басқарушы ретінде оларды Қазақстанда және шетелде, әр түрлі қаржы құралдарына, экономиканың әр түрлі секторларында, әр түрлі валюталарда орналастырады. Бұл зейнетақы жинақтарының сақталуын және тұрақты кірістілігін қамтамасыз етеді», – деп қорытындылайды БЖЗҚ басқарма төрағасы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, қазақстандықтардың бір бөлігін сыртқы басқарушы тапсырған. Қазіргі уақытта Ұлттық банк бірнеше жаһандық компаниялармен жұмыс істейді. Жалпы алғанда, олардың басқаруында $1,6 трлн астам қаржы бар. Бұдан басқа, ҰБ тағы алты шетелдік басқарушы компанияны таңдады, олармен инвестициялық келісімдерді келісу және қол қою бойынша жұмыс жүргізілуде.
Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды