bs-preloader__icon
ru kz

ІМҚО-төңкеріс. Украинада сақтандыру компаниялары банктерден кетіп жатыр

Неге сақтандырушылар депозиттер орнына мемлекеттік облигацияларды қалайды
ІМҚО-төңкеріс. Украинада сақтандыру компаниялары банктерден кетіп жатыр

Автор - Евгения Грищенко,  ICU тобы клиенттеріне брокерлік қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі (ақпарат көзі: http://finance.liga.net/insurance/2018/2/28/opinion/56893.htm)

Жылда бойы сақтандыру нарығында тұрақты тәжірибе қалыптасты – егер инвестицияласа, онда негізінен депозиттерге салу керек, Біріншіден, бұл сақтандырушылар үшін дәстүрлі және  түсінікті құрал, басқа құралдарға инвестиция салу тәжірибесі мүлдем дерлік болмаған. Екіншіден, бұл сақтандыру өнімдерін сатудың жақсы арнасы болып табылатын банктермен өзара пайдалы алмасу. Кейде депозиттерді таңдау пайдасына банктің  кеңсеге жақын орналасуы да әсер етті.

Бірақ соңғы жылдары, банк нарғының қысқаруымен бірге, нарыққа  орасан көп төлеуге қабілетсіз банктердің  және қалталық қаржылық мекемелердің шығуына байланысты сақтандырушылар инвестициялау нысандарын таңдауда талғампаз болды. Тек төлеуге қабілетсіз банктерде ғана сақтандыру компанияларын шамамен 3 млрд грн. Жоғалтты.

Осы оқиғалар салдарынан сақтандырушылардың инвестициялауда айрықша қалауы өзгере бастады. Инвестициялаудың  негізгі құралдарының бірі ішкі мемлекеттік қарыз облигациялары (ІМҚО) болды.

 Міне, көрнекті динамика. 2017 жылдың тоғыз айы кезеңін алып, оны 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырамыз. Сақтандыру компанияларының батыс банктерінен депозиттерінің ағып кетуі 1, 2%, ал мемлекеттік банктерге келуі - 9,2%, жеке банктерге келуі - 16,1%, ІМҚО келуі - 20% құрады. Жалпы бір жыл тоғыз айға (2016 жылдың 1 қаңтарынан 2017 жылдың 1 қазанына дейін) сақтандырушылардың ІМҚО салынған  активтері 2,6 млрд грн-нен 6 млрд астам грн дейін өсті, бұл компания активтерінің жалпы көлемінің 17.2% құрады.

 


Салымдар өсімінің негізгі драйверлері құралдың сенімділігі мен біршама жоғары ставкалар болды. Бүгінгі күні ІМҚО жылдық табыстылығы мемлекеттік банктерде  депозиттердің орташа табыстылығынан тәуекелдің төмен деңгейінде 2% астам құрайды.

Қазіргі кезде  сақтандыру компаниялары гривень қағаздарын таңдайды. 2014-2015 жылдардың девальвациясынан кейн қаражаттар негізінен валюталық ІМҚО салынды. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, 2016 жылдың жазынан бастап 2017 жылдың жазына дейін валюталық мемлекеттік облигацияда сақтандыру компаниялары  тек 5% дейін табыстылық таба алды, ал  гривеньде ІМҚО 17%  астам табыс алып келді. Сондықтан қазіргі кезде еркін гривеньдік ликвидтілікті сақтандырушылар гривеньдік ІМҚО салуды қалайды.

Валюталық ІМҚО  негізінен бірінші аукциондарда сұранысқа ие, онда оларды конвертация кезінде курста шығынсыз  сатып алуға болады және банктерге валюталық алымдарға қарағанда табысты альтернатива болып табылады. Мысалы, екі жылдық доллардық ІМҚО бірінші аукциондарда 5,4% жылдық құрады.

Сонда да ІМҚО мен депозиттер – инвестициялауда аса консервативті құралдар. Кейбір сақтандырушылар өздерінің салымдары үшін  ең үлкен табыстылықты іздеуді жалғастыруда. Бұл ізденісте лайфтық сақтандыру компаниялары үшін өзекті, оларда инвестициялық табыс жұмыс табыстылығының маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

 Олар үшін пайдалы құрал банк емес сектордың сенімді  қарыз алушылардың корпоративті облигациялары  бола алады. Оның екі себебі бар.  Біріншісі- салымдарды девирификациялау үшін, себебі заң бойынша сақтандыру компаниялары бір заңды тұлғаға 10% астам инвестициялай алмайды. Екіншісі – корпоративті эмитенттер ІМҚО 2-4% сыйақысы бар қағаздар бойынша жоғарырақ табыстылықты ұсына алады, бұл бүгінгі күні шамамен 18-19% табыстылық құрайды.

Жалпы сақтандыру компаниялары инвестициялар сегментінде қаржылық нарықтың белсенді және маңызды ойыншылаы  болуда, және соңғы жылдардың динамикасы бойынша сақтандырушылардың әртүрлі  құралдарға салған салымдарының көлемі өсе береді, бұл корпоративтік облигациялар нарығының белсенді қайта туындауы үшін түрткі болады.
 
Сурет segodnya.ua, economics.unian.net сайттарынан алынған.

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қандай мамандықтар көз денсаулығына көп зиян келтіреді
Қандай мамандықтар көз денсаулығына көп зиян келтіреді

Көптеген қызмет саласы көру өткірлігіне теріс...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру