«Бір де бір қызметкер, қаласа да, зейнетақы аударымдарынан бас тарта алмайды»
Екінші зейнетақы туралы кәсіпорындардың бірінде қаржы бөлімшесінің басшысы болып қызмет ететін, 45-жасар Елена Ивашина, 90-жылдары, жас маман ретінде халықаралық ұйымға жұмысқа орналасқан кезде ойлана бастаған. Әріптестерімен араласып, ол заманауи қаржы құралдары туралы білді. Бірақ ол кезде ондай қызмет көрсетілмеді. Нәтижесінде мәселенің шешімі шамамен 15 жылға қалдырылды.
— Мен 2010 жылдың қыркүйегінде сақтандырылдым. Бір жарнамадан осындай бағдарлама туралы естідім. Және ол мемлекеттік сақтандыру компаниясы болды. Шарт бойынша төлемнің бірнеше нұсқаларын таңдауға болады. Сақтандыру жағдайының басталатын сәті — бұл зейнеткерлікке шығу, — дейді Елена Ивашина. — Мен сақтандырылғанда, 55 жас болатын, қазір 56 жас. Жақын жылдары зейнеткерлікке шығу жасын тағы көтеруі мүмкін. Мен бұл ақшаны қалай алатынымды әлі қарастырмадым. Құдай берсе, соған жетейік, сосын көре жатармыз. Менің бағдарламам — валютамен. Мен үшін ыңғайлы сома — айына 30 евро. Бұрын ақша айырбастау пунктіне барып, валюта сатып алу, компанияның кеңсесіне бару керек болатын,… Қазір осының бәрін интернет арқылы жасауға болады, бәрі ыңғайлы.
Еленаның пікірінше, «кейін мемлекетпен тым аз зейнетақы үшін ұрсыспас үшін, әрбіреуіне және алдын ала өзінің кәрілігі туралы ойлау керек».
—Және адам жинақ жасауды қаншалықты ерте бастаса, соншалықты өзіне жақсырақ. Қазіргі зейнетақы жүйесі ақырындап жойылып келеді. Бір де бір қызметкер, қаласа да, зейнетақы аударымдарынан бас тарта алмайды. Себебі бізде солай аталатын «ортақ қазан» бар. Бірақ бар мәселе – әрбіреунің зейнеткерлікке дейін өмір сүре алмауында. Сонда оның барлық жинақтары басқа адамдардың зейнетақысына жұмсалады. Сақтандыру зейнетақысын рәсімдеп, адам зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі өз өмірін қаржыландырады. Десе де мезгілсіз қаза жағдайында оның ақшасы ешқайда жоғалмайды — оны туғандары алады. Менің ойымша осының бәрі маңызды.
Белорустарға мемлекеттік зейнетақыға сеніп керегі жоқ,- деген сенімде Елена.
— Мен білімім бойынша экономистпін, қаржымен жұмыс істеймін және біздің кәсіпорындар мен кәсіпкерлер зейнетақы қорына қандай төлемдер жүргізетінін білемін. Және өмір бойы жұмыс істеп, «ақ» еңбекақы алған адамдар (яғни олардың жұмыс берушілері үнемі әлеуметтік сақтандыруға ақша аударған), өз мүдделерін лайықты деңгейде қамтамасыз ете алмайтын жағдайға кездеседі, — дейді Елена. — Мен де қиын жағдайға тап болдым — онкологиялық ауру. Бақытыма қарай, ауруды ең басында, бірінші сатысында білдім. Және менің сақтандыруым қосымша зейнетақыға өте орынды. Шарт бойынша төлемдер тек зейнеткерлікке шыққанда ғана емес, менің әрекетке қабілетсіздігімде, 1 немесе 2 топ мүгедектігім кезінде де қарастырылған. Немесе қазама байланысты. Және де мен балам қалай болғанда да білім алуға ақша алатынын білетін боламын.
«Зейнеткерлікте куба сигарасын, қандай-да бір аралдарға билет алғым келсе немесе ғұмырнама жазсам?»
Тез тамақттану желісінің қызметшілермен жұмыс жөніндегі басқарма басшысы Ксения Садовская зейнетақыға сақтандыруды 12 жыл бұрын бастады.
— Мен ол кезде 23-те болдым, банкте қызмет еттім. Біз ірі көрмеге қатыстық. Біздің жанымызда сақтандыру компаниясының стенді болды — өте жарқын, жақсы кәдесыйлық өнімімен, өте жанға жағымды қызметкерлер… Олар өнім туралы толық айтып берді, мен сол жерде зейнеткерлікке сақтандыру шартын жасадым. Кәрілік туралы мен ол кезде мүлдем ойламайтынмын. Өз кәсібін жүргізетін адамдар өз салымдары мен шығындарын есептей алады. Ал мен ол кезде шығармашылық аласапыран жағдайында өмір сүрдім. Және жай ғана сақтандыру бағдарламасы туралы әңгімелеген агенттердің сүйкімділігіне берілдім.
Бір сәтте — өмірлік жағдайларға байланысты — Ксенияға ақша керек болды. Сонда ол еш қиындықсыз сақтандыру компаниясымен шартты бұзды. Бірақ шамалы уақыттан кейін қайта шарт жасасты. Осылай ақша жинау барынша оңай екеніне ол сенімді.
— Шарттың шарттары бойынша, менің ай сайынғы салымым — 10 доллар. Сақтандыру жағдайы басталған кезде (зейнеткерлікке шығу) компания тең үлестермен маған сыйақы төлейтін болады. Қазір нақты сомалар есіме түспей тұр, бірақ бұл орташа белорус зейнетақысымен салыстырмалы түрде, яғни шамамен айына 150 доллар. Осылайша, менің кірісім екі есе жоғары болады — және мен өзіме көбірек жұмсауға мүмкіндік ете аламын. Бірақ егер зейнеткерлік келгенге дейін қаржы сұраныстары өссе, жинақтың салымы мен сомасын ұлғайтып, әрқашан шартты өзгертуге болады. Мен дәл осындай нұсқаны таңдадым, десе де зейнеткерлікке шыққаннан кейін бүкіл соманы бірден алуға болады. Бірақ, есейген шағыма қарамастан, мен әйел болып қаламын деп ойлаймын. Және тіпті үлкен соманы да тез жұмсап қоюым мүмкін. Және бұл қаралы күнге арналған қарақұмық қаптары болуы екіталай. Мүмкін мен куба сигарларын, қандай-да бір аралдарға билет сатып алғым немесе ғұмырнама жазғым келетін шығар? Сондықтан мен үшін сақтандыру сыйақысын ай сайынғы төлемдерге бөлу сенімдірек болады.
Ксенияның пікірінше, адамдар сақтандыру жүйесінің қалай жұмыс істейтінін өте жақсы түсінбейді, «десе де мұның еш қиындығы жоқ».
— Тым болмағанда банк депозитінен күрделі емес. Әрбір өзіне ыңғайлы, оның отбасылық бюджетіне зиянын тигізбейтін, бірақ қартайған шағында өмір деңгейін жақсартуға мүмкіндік беретін соманы таңдай алады, — дейді Ксения. — Мен банкте жұмыс істедім және Белоруста көп адам ақша жинайтынын білемін. Бірақ әдеттегідей, оларды депозиттерде сақтайды. Немесе сенімділік үшін – үйде. Аға ұрпақ кез келген қаржы тәуекелдерінен қауіптенеді. Одақтың ыдырауымен бірге «күйіп кеткен» жинақ кітапшалары, 90-жылдардағы пирамидалар олардың әлі есінде… Мүмкін сондықтан да адамдар ақша салудан қауіптенеді, бірақ бұл жерде уайымдаудың керегі жоқ. Себебі салымдар да сақтандырылады ғой (тікелей компаниямен), ал жинақты ұлғайту үшін бірнеше құралдарды таңдап, адам толығымен тәуекелдерді әртараптандырады. Және инфляцияға ақшаны құнсыздандыруға мүмкіншілік бермей, өз ақшаларымен күн көреді.
Сурет көрнекі сипатқа ие. Фото: Александр Васюкович, TUT.BY
Ксенияның ойынша, «белорустарға осыған дайындықты жастық шағында бастауға ештеңе кедергі жасамайды».
— Мейлі ол айына 3 немесе 5 доллар болсын. Бірақ та жай есептеңіз, 10, 20 немесе 30 жылдан кейін қандай сомаға айналады. Және пайыздарды қосыңыз. Инстаграмда мен қосылған бірнеше өрескел зейнеткерлердің үлгісі мені шабыттандырады. Неге жоқ? Зейнеткерлікке шығу, шашыңды ақшыл түске бояу, қарғы бауымен құбылғыны ертіп жүру, экзотикалық елге демалысқа бару. Маған дәл зейнетақы жинақтарымның жететініне сенімді емеспін. Бірақ бұл ақшалардың арқасында өзіңді кәрілікте аз да болса сенімдірек сезінуге болады.
«Курорттардағы еуропалық зейнеткерлерге қарап, мүмкін емес ештеңе жоқ екенін көреміз — мәселе ақшада»
35-жасар Татьяна кедендік мағлұмдау бойынша маман болып қызмет етеді. Екінші зейнетақыны сақтандыру шартын ол 2013 жылы валютамен рәсімдеді. Салым сомасы баламамен жүз рубль шамасын құрайды, ал төлемдер ерекшеленуі мүмкін. Себебі олар туралы келісім зейнеткерлік жасқа жеткенде жасалатын болады. Бұл не бір реттік төлем, немесе бөліп төлеу сомасы болады. Және дәйектелім бар — өмір бойы немесе 20 жыл мерзімге. Татьянаның туғандары кәрілікті сақтандыру шешіміне екі түрлі қарады.
— Достарымның біразы менің жасағанымды қайталады, бірақ бұл бастамаға қарсы шыққандар да болды. Жақындарым, посткеңестік өткенді ескере отырып, тіпті кері ниетте. Бізде әлі күнге дейін менің 18 жасыма және үйлену тойыма сақтандыруларым сақталған. Ата-аналарым кезінде оған әжептәуір ақша шашқан, бірақ бәрімзге белгілі болатындай, бәрі «күйіп кетті», — дейді Татьяна. — Менің әжем бүкіл өмірін еңбекке жұмсады. Бірақ нақты сомасы бойынша оның зейнетақысы ұзақ уақыт жұмыс істемегені үшін үкімет әлеуметтік зейнетақы төлеген оның көршісі әрі құрбысының төлемінен айырмашылығы тым шамалы болды.
Елдегі зейнетақы жүйесін Татьяна «барлық заманауи шындықтарға сай келмейді» деп есептейді.
— Ұлт қартаяды, ал бұл еңбекке қабілетті халықтың аударымдары барлық қажетті шығындарды толығымен жаба алмайды дегенді білдіреді. Біз үшінші жастағы орташа статистикалық белорус әйелін (ер адамды,тым қысқа өмір сүру ұзақтығынан, тіпті сирек) Египетте экскурсияда сирек кездестіреміз. Ал егер біздің зейнеткер медицина қызметкерінің сүйемелдеуімен мүгедек арбасында теңізге барғысы келсе — бұл тіпті қиял-ғажайып болар еді. Дегенмен, курорттағы еуропалық зейнеткерлерге қарап, біз мүмкін емес ештеңе жоқ екендігін көреміз — мәселе ақшада, — дейді ол, — Сонда да «революциялық» ауысымдар орын алған жағдайдан шығатын жол емес, деп есептеймін.
Дереккөз: https://finance.tut.by/news582933.html