bs-preloader__icon
ru kz en

Осы жылы БЖЗҚ 17,4 миллионнан астам қызмет көрсетті

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылдың 11 айында ғана өзінің салымшыларына 17,4 миллионнан астам қызмет көрсетті. Оған байланысты осы жылы бірқатар шектеулік шаралар қолданылған, қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға және коронавирустық инфекция індетіне (COVID-19) қарамастан, көрсетілген қызметтердің көлемі 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,9%-ға немесе 1,7 млн бірлікке ұлғайды.
Осы жылы БЖЗҚ 17,4 миллионнан астам қызмет көрсетті

Көбінесе өсім БЖЗҚ-ның электрондық қызметтерінің танымалдылығы арқасында қамтамасыз етілді: 92%-дан (16,1 млн) жоғары қор онлайн форматында көрсетті. «Еске салсақ, сайтта бар Жеке кабинеттегі және сол сияқты БЖЗҚ-ның мобильдік қосымшасында да салымшылардың қызметтерді кез-келген уақытта және кез-келген орында алу мүмкіншілігі бар. Мысалы, бұл жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу, өз деректемелеріңізге өзгертулер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ болуы туралы анықтама алу, мерзімсіз 1 немесе 2 топтағы мүгедектікті белгілеуге байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге өтініш мәртебесін қадағалау және тағы басқалары», - хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Барлық санитарлық нормаларды сақтаумен БЖЗҚ-ның 171 бөлімшесі өз жұмысын жалғастырып отыр. Ол жерлерде біздің салымшылар 11 айдың ішінде 1,3 миллионға жуық қызмет алды. Айта кетсек, БЖЗҚ-да шығу бойынша қызмет көрсету бөлімдері бар, олар 1 желтоқсанға Қордың салымшыларына 83,7 мың қызмет көрсетті.

Бұдан басқа, елдің алыс елді мекендерінде зейнетақы қызметтерімен қамту үшін «БЖЗҚ» АҚ және «Қазпошта» АҚ ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде қордың салымшыларына және алушыларына қызмет көрсету бойынша бірлескен жобаны жүзеге асырады. БЖЗҚ-ның қызмет көрсету орталықтары жоқ елді мекендерде салымшылар бұрын қызмет алу үшін жақын ірі елді мекендерге баруы тиіс болатын. 2020 жылдың 11 айы ішінде қордың салымшылары Қазпоштада 5,6 мыңға жуық қызмет алды.

Дереккөзі: https://www.enpf.kz/ru/about/press-center/news/index.php?ELEMENT_ID=11481

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Кімдерге ұзақ өмір сүру үшін танымал дәмдеуішті жеуге болмайды
Кімдерге ұзақ өмір сүру үшін танымал дәмдеуішті жеуге болмайды

Куркума – ең шипалы дәмдеуіштердің бірі. Зерт...

Азамат Ердесов: инновациялар және өмірді сақтандыру
Азамат Ердесов: инновациялар және өмірді сақтандыру

www.lifeinsurance.kz порталы өмірді сақтандыру нарығын...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру