Анықтама:
Gen Re Bussiness School Chartered Insurance Institute-ке (Ұлыбритания) аккредиттелген және әлем бойынша сақтандыру мен қаржы саласында курстарды оқытумен, сертификаттаумен айналысады. Gen Re Business School-да ғаламдық сақтандырушының танылған тәжірибесі мен кәсіби дайындықтың көп жылдық тәжірибесі байқалады. Сақтандыру нарығына арналған алдыңғы қатардағы инновациялық оқыту тұжырымдамалары әртүрлі салада тәжірибелері бар сарапшылармен бірге жасалған.
Халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, CII сертификаты тәуекелдерді бағалауға мүмкіндік береді . CII сертификаттары әлем бойынша сақтандыру индустриясында кең танылған.
- Ардақ, оқуды қашан бастадыңыз? Кім ұсынды?
- Бәрі 2011 жылы басталған, ол кезде компанияның атауы «Астана Финанс»ӨСК»АҚ болатын. Сонда ынтымақтастық туралы ұсыныс енгізу мен танысу үшін бізге компанияға ірі қайта сақтандыру компаниясы Gen Re халықаралық мамандары келді. Олар маған сақтандыру саласында ірі әлемдік оқыту орталықтарының бірі - Gen Re Business School-да оқуға ұсынды. Оқыту үдерісі ұзақ уақыт алған. Компания атауын «НОМАД LIFE»ӨСК» АҚ өзгерткен кезде, мен оқуымды бітірдім. Оқуға және сертификатталған халықаралық андеррайтер болуға мүмкіндік берген үшін бұрынғы және қазіргі басшыларыма алғысым шексіз. Еуропалық Одақ елдерінде әр андеррайтердің осындай сертификаты бар. Біздің сала енді ғана айналым жасап келе жатыр, сақтандыру бағдарламаларымызға жайлап сұраныстар болып жатыр, сондықтан Қазақстанда таяу арада осындай сертификаты бар мамандар көбейеді деген үміттемін.
- Не себепті оқуға ниетіңіз пайда болды? Әлде Қазақстанда өмірді сақтандыру нарығында маман-андеррайтерлердің біліктілігі жоқ па?
- Қазақстандық сақтандыру нарығында андеррайтерлердің біліктігі жоқ демеймін. Ынтымақтастық туралы келісімшарт жасаған қайта сақтандыру компаниялары оқыту мен семинарларды үнемі жүргізеді. Маған Кёльнде оқытудың толық курсын өтуге Gen Re-ден ұсыныс түскен болатын. Ол маған халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, тәуекелдерді бағалауға мүмкіндік береді. «Өмірді сақтандыру» саласындағы андеррайтерлер бағалайтын негізгі тәуекел бұл адам денсаулығы. Сондықтан бұл лауазымға медициналық білімі бар мамандарды алады, алайда, ол міндетті емес.
Андеррайтерлер - сақтандыру компаниясындағы негізгі буын. Мүмкін андеррайтингтің сақтандыру үдерісін баяулататындығы және бизнестің (сауда) дамуына кедергі келтіретіндігі жайында пікір қалыптасқан шығар. Бірақ олай емес! Біз компанияны тек қаржы ысырабынан сақтауымыз керек дегенді білдірмейді, сонымен қатар клиентімізге дұрыс және тиімді жағдайлар жасауымыз керек. Мысалы, адам сап-сау болса, онда ол аз төлеу керек. Компаниямыздың сақтандыру қоржыны адекватты тәуекелдерден тұратындығына клиент сенімді болу керек. Мысалы, егер компанияда андеррайтинг өткізілмесе, онда ол жиі төленетін төлемақыларға әкеледі, ал, ол компанияның қаржы әлеуетсіздігіне әкелуі мүмкін. Клиенттер қаржылай тұрақты компаниямен істегісі келеді.
- Шетел әріптестеріңізбен жұмыс істегенде байқағаныңыз бойынша – постсоветтік кеңістік елдері мен Еуропалық елдердің андеррайтерлер қорытындыларында айырмашылық бар ма? Сіздің ойыңызша, не себепті?
- Әрине, бар, шетелде тәжірибе мен статистиканың басымдылығына, сонымен қатар үнемі тәжірибе мен дәрігерлердің қатысуымен негізделеді. Сақтандыру сияқты бұл үрдіс те ТМД елдерінде дамымаған. Оған I,II Дүниежүзілік соғыс және ашаршылық сияқты факторлар кедергі келтірген. КСРО құлауынан кейін мемлекеттік сақтандырудың күйреуі сақтандырудың дамуына мүмкіндік бермеді және қаржы институтына деген сенімділіктің жоғалуына себеп болды. Ұзақ уақыттан кейін біздің елдер қалпына келгенше Еуропа елдері мен алыс шетелдер алға жылжыды.
- Сақтандыру келісімшартын жасағанда клиент не нәрсені ескеру керек?
- Әр клиент бізге – сақтандырушыларға өзі туралы толық, расталған ақпарат беру керек. Ең бастысы, бұл андеррайтингтің әділ бағасын беру мен клиенттің мүддесі үшін қажет. Мысалы, бір себеппен ол өзінің ауруы жайында мәлімметтер көрсетпеді. Ондай жағдайларда клиентпен сақтандыру жағдайы орын алған кезде, онда келісімшартты жасаған кезде оның сап-сау екендігін дәлелдеу қиындық туғызады. Ондай жағдайларда компания сақтандыру төлемақысын төлеуден бас тартуға құқылы. Сондықтан сақтандыру жөніндегі өтініште көрсетілген деректердің дұрыс болғаны абзал .
- Сақтандыруға қандай санатты тұлғаларды қабылдамайсыздар?
- Ондай санаттар көп. Бірінші кезекте, келісімшарт жасаған кезде кез келген топта мүгедектігі бар, ауыр жүрек-қан тамырлары ауруымен, онкологиялық аурулармен ауыратын тұлғалар, есірткіге құмарлығы бар, спорттың ауыр түрлерімен (акваланг, парашютизм, альпинизм және т.б.) айналысатын адамдар, қауіпті мамандықтары (сүңгуірлер, ТЖМ қызметкерлері, өрт сөндірушілер, кеншілер және т.б. ) бар тұлғалар, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарындағы тұлғалар.
- Ал, шетелде ше?
- Бізде қабылданбайтын кейбір санатты тұлғаларды ол жақта қабылдайды. Шетелде ондай санатқа қатысты олардың өздерінің статистикасы мен жобасы бар. Оған қоса шетелдік сақтандыру компанияларының тәжірибесі мен қоры үлкен. Олармен салыстырғанда біздің сақтандырушылардың тәжірибесі аздау.
- Қандай жағдайларда медициналық тексеруден өту керек? Оны бәрі өту керек пе?
- Шыны керек, бәріне медициналық тексеруден өту қажет емес. Сақтандыру сомасы үлкен болған жағдайда, ал, оның медициналық сауалнаманың сұрағына жауабы жоғары қауіптің төніп келе жатқанын болжауға негіз бергенде, сақтандырылған тұлғаның денсаулығын терең зерттеуге қызығушылық пайда болады. Егер андеррайтерде медициналық ақпарат бойынша сұрақтар туындаса, онда сақтандыру келісімшартын жасар алдында ол медициналық тексеруді сұрауға құқылы. Шетелде келісімшарт жасар алдында андеррайтердің сұрауынсыз барлық клиенттер өздерінің медициналық деректерін береді. Менің ойымша, бұл жерде міндетті медициналық сақтандыру үлкен рөл ойнайды. Бәрі өзара байланысты.