Еуропалық сақтандыру компаниялары 1950 жылдан бері инвестициялық полистерді ұсына бастады. Бұған дейін сақтандырушының пайдасы тек сақтандыру компаниясының өз қызметінен алған пайдасы есебінен қалыптасты. Инвестициялық полистер сақтандыру төлемдерінің мөлшерін компаниялардың инвестициялық кірістерімен тікелей байланыстыруға мүмкіндік берді. Мұндай полистердің сақтандыру сомасының мөлшері ақшалай бірліктерде емес, ал шартты бірліктер санымен көрсетіледі – юниттер (units), бірлік жарналар немесе қор нарығының құралдарының қолданылуымен белгіленеді. Батыс Еуропада, инвестициялық полистер үлесі 2000 жылы максимумына жетті және барлық өмірді сақтандыру сыйлықақыларының дерлік 45% құрады. Қазіргі уақытта полистерді сату деңгейі қор индекстерінің өсуіне тікелей пропорционалды.
Инвестициялық полистің қарапайым сақтандырудан, яғни пайдаға қатысу полисінен негізгі айырмашылығы, инвестициялық полистерде пайдалар тек бір инвестициялық бағытпен ғана байланысты болады: белгілі бір акциялар немесе облигациялар қорымен, қандай да қор индексімен, жылжымайтын мүлік қорымен және т.б. Пайдаға қатысумен жасалған келісімдер бойынша есептелген пайыз немесе сыйақы сақтандыру компаниясының бүкіл қызметіндегі кірістілікпен анықталады.
Қазіргі уақытта шетелде инвестициялық полистердің негізінен үш түрі сатылады:
1) unit-linked – жарналық инвестициялық қорларындағы жарналармен (units) байланысты;
2) index-linked- белгілі бір қор индекстерімен байланысты;
3) equity-linked - белгілі бір акциялардың айырбас бағамымен байланысты.
Өмірді аралас сақтандыру бойынша «unit-linked» жүйесі ең кең Батыс Еуропада тараған. Инвестициялық тәуекел сақтандырылушыға тиесілі болды, себебі сақтандырылушының өзі сақтандыру сыйлықақыларының инвестицияланатын қорын таңдайды.
Қазақстанда өмірді сақтандыру компаниялары unit-link сияқты өнімнің келешегі барын атап өтеді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өмірді жинақтаушы сақтандырудың осындай өнімдерін жасау мүмкіндігін қарастыруда, оған сәйкес полис ұстаушы өзінің жинақ ақшасын инвестициялау стратегиясын басқаруға қатысады.
«НОМАД LIFE» ӨСК АҚ сақтандыру жөніндегі басқарушы директоры, басқарма мүшесі Асқар Шакенов LifeInsurance-қа бұрын сұхбатында айтқандай, бұл клиентке алынатын комиссиялар туралы толық ақпарат алу, өзіңіздің инвестициялық портфельіңіздің (қаржы құралдарының жиынтығының) құнының өзгеруін күнделікті қадағалау мүмкіндігі бар абсолютті ашық өнім, ол дұрыс және ең бастысы дер кезінде шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл өнім қаржы жағынан құзыретті тұтынушыға арналған, ал жүлде ретінде - елеулі инвестициялық кіріс алу болады.
«Бұл өнімнің үлкен әлеуеті бар. Оның тартымдылығы бірнеше факторларға байланысты болады. Біріншіден, ол клиент өмірі мен денсаулығына байланысты күтпеген жағдайларға абсолютті сақтандыру қорғау болып табылады, және, екіншіден, ол сіздің өміріңізде болатын белгілі бір оқиғаға қаражаттың белгілі бір сомасын жинақтауға мүмкіндік болып табылады. Сонымен қатар, сақтандыру компаниясы сақтандыру мерзіміне белгілі бір табысқа кепілдік береді. Жинақтаушы сақтандырудың құндылығы клиентті, оның отбасыларын және жақындарын күтпеген оқиғаға байланысты ықтимал тәуекелдерден қорғау болып табылады. Көптеген адамдар осы өнімді және депозитті салыстырады. Дегенмен, мұнда мәселе өмірді сақтандыру өнімдері мен депозиттердің табыстылығы арасындағы айырмашылықта емес, клиентті қорғау құнында жатыр. Бұл өнімнің тартымдылығы, сөзсіз, артады, бұл туралы әлемдік тәжірибе айтады», - деп атап өтті «Standard Life» ӨСК АҚ.
Дереккөз: http://www.strahtarif.ru/55.html
Фото: losmejoressegurosdelmundo.com, in4-link.net. сайттарынан