bs-preloader__icon
ru kz en

Қазақстандағы және әлемдегі онлайн өмірді сақтандыру тренді

Freedom Life өмірді сақтандыру компаниясының мамандары ашық дереккөздерден мәліметтерді талдап, дамыған елдерде онлайн сақтандыру қалай дамып жатқанын анықтады және өмірді сақтандыру саласында ең сұраныстағы бағдарламаларды атады.
Қазақстандағы және әлемдегі онлайн өмірді сақтандыру тренді

Әр елде сақтандыру нарығының дамуы әр-түрлі жүреді. Бірақ сақтандыру нарығының онлайнға ауысу үрдісін анықтаған, негізгі ортақ факторлар бар.

2008-2013 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс ғаламдық инфляциямен, көптеген ірі компаниялардың банкроттығымен және жаппай жұмыссыздықпен белгіленді. Жұмыс істеуді жалғастырған компанияларға әдеттегі офлайн сервисті жаңарту, тұтынушылар үшін жаңа, неғұрлым ыңғайлы өнімдерді жасау талап етілді. Дәл осы кезде АҚШ, Ұлыбритания, Германияның ірі сақтандыру компаниялары ерікті жеке сақтандыру және өмірді сақтандырудың дамуына ерекше көңіл аудара отырып, белсенді түрде жаңа онлайн сақтандыру өнімдерін әзірлеуді және енгізуді бастады.

2017-2019 жылдары бүткіл әлем бойынша цифрландырудың енуі. Осы уақытта көптеген еуропа елдері, Жапония, Қытай, Ресей, Қазақстан және басқа дамыған елдер онлайн сақтандыру бағдарламаларын белсенді түрде іске қосуды бастады, мысалы, КҚ иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті автосақтандырудың электронды полистерін рәсімдеу, шетелге шығушы туристтерді медициналық сақтандыру және жазатайым оқиғалардан сақтандыру.

2020 – 2021 жылдардағы COVID-19 індеті бүткіл әлемде цифрландырудың дамуының мықты драйвері болды, оның ішінде Қазақстанда да. Қатаң карантиннен және жаппай оқшауланудан адамдарға сақтандырудың жаңа өнімдері мен үйден шықпай-ақ өз өмірі мен денсаулығын сақтандыра алатын қызмет қажет болды. Анағұрлым өзекті онлайн бағдарлама коронавирустен сақтандыру болды.

2022 жылғы Ресей-Украина қақтығысы. Ағымдағы жылдың наурызында көрші мемлекеттердегі әскери жағдайлар себебінен болған девальвация мен инфляция адамдарға АҚШ доллары бағамына индекстеумен капиталды сақтау және көбейту үшін өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламаларына назар аударуға түрткі болды.

Қазақстанда және әлемде онлайн сақтандыру қалай дамуда

АҚШ

Жалпы әлемдегі сақтандыру сыйлықақыларының үштен бір бөлігінен астамы келетін, ең ірі сақтандыру нарығы болып саналады. Штаттар алғашқылардың бірі болып осы саланы цифрландыруды бастады. Америкалықтарда ең сұраныстағы сақтандыру бағдарламалар дүлей апат кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыру және қызметкерлерді медициналық сақтандыру.

Қытай

Соңғы 20 жылда қытай сақтандыру саласының сақтандыру табыстары негізінен жеке сақтандыру мен өмірді сақтандыруға байланысты – елдегі сыйлықақылардың жалпы көлемінен тиісінше 41,7% және 30,6%. Swiss Re компаниясының деректері бойынша Қытай әлемде үлкендігі бойынша екінші сақтандыру нарығы, 2030 жылдардың ортасында АҚШ-ты басып озады. Бұл елде алғашқы онлайн сақтандыру бағдарламалары 2017 жылы іске қосылды. Басым түрде бұл автосақтандыру және жазатайым оқиғалар мен ауыр аурулардан тәуекелді бағдарламалар.

Жапония

Қытаймен бірдей Жапонияның сақтандыру нарығы әлемдегі ең ірілердің бірі болып табылады. Жапониялықтардың арасындағы ең сұраныста өмірді жинақтаушы сақтандыру өнімдері. Мұндай бағдарламалар бойынша шартты олар жиі мына мақсаттарға жасайды: емделу, жерлеу қызметтері, жазатайым оқиға, зейнетке шыққаннан кейінгі өмірге және басқасы. Сонымен қатар, Жапонияда дауыл, цунами, жер сілкінісі және басқа дүлей апаттан сақтандыру бағдарламалары үлкен сұранысқа ие. Елде цифрландыру 2020 жылы COVID-19 індеті кезінде пайда болды және бір жылда шамамен жапон сақтандыру нарығының жартысынан көбін қамтыды. Бұл елде онлайн сақтандыру өнімдерінің алғашқыларының бірі – коронавирустен электронды полис болды.

Еуропа

Сақтандырудың бірінші электронды өнімдері 2000 жылдардың басында пайда болды. Алайда, халықтың қазіргідегідей интернет-технологиялары болмағандықтан, жетістікке ие болған жоқ. Бүгінгі күні еуропа мемлекеттерінің көпшілігі күнделікті өмірге онлайн сақтандыруды енгізіп үлгерді, негізінен, бұл өмірді жинақтаушы сақтандыру, медициналық сақтандыру және зейнеткерлерге арналған бағдарламалар.

Ресей

2015 жылдың қазанынан бастап ресей автокөлік иеленушілерінде алғашқы рет міндетті автосақтандырудың электронды полистерін сатып алу мүмкіншілігі пайда болды. Осы сәттен бастап елде сақтандыру нарығын цифрландыру басталды. 2017 жылдан бастап өмірді сақтандыру компаниялары өздерінің сақтандыру бағдарламаларын да онлайн форматқа икемдеуді бастады, мысалы, олардың ішінде: шетелге шығушы туристтерді сақтандыру және жазатайым оқиғалардан сақтандыру. Негізінен бұлар тәуекелді өнімдер болды. Бүгінгі күні, ресей нарығында сақтандырудың негізгі тренді өмірді жинақтаушы және инвестициялық сақтандыру болды.

Қазақстан

Қазақстандық сақтандыру нарығын цифрландыру 2019 жылы басталды. Елде індет пен карантин шараларының пайда болуынан бастап 2020 жылдың наурызында ӨСК белсенді түрде мүлде жаңа форматта бағдарламаларды әзірлеуді және енгізуді бастады. Қазіргі таңда Қазақстанда ауыр аурулардан, коронавирустен, жазатайым оқиғалардан сақтандыру, шетелге шығушы туристтерді ерікті сақтандыру және АҚШ долларында сыйақының жоғары жылдық мөлшерлемесімен өмірді жинақтаушы сақтандыру секілді онлайн бағдарламалар жұмыс істейді.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
БЖЗҚ қаражаты қандай бағалы қағаздарға салады
БЖЗҚ қаражаты қандай бағалы қағаздарға салады

2020 жылғы наурыз айының соңындағы жағдай бойын...

Трансгендерлік өмірді сақтандыру полисінің құнына әсер ете ме
Трансгендерлік өмірді сақтандыру полисінің құнына әсер ете ме

Өмірді сақтандыру полисін сатып алар алдында ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру