bs-preloader__icon
ru kz en

Өмірді сақтандыру мүмкіншілігін 40 жасқа дейінгі адамдар жиі қолданады

Luminor банкінің және ERGO сақтандыру компаниясының зерттеуіне сәйкес, миллениалдар немесе қазіргі таңда 20 жастан 40 жас аралығындағы буын өмірді сақтандыруды жиірек рәсімдейді, - деп хабарлайды Delfi.lv.
Өмірді сақтандыру мүмкіншілігін 40 жасқа дейінгі адамдар жиі қолданады

Осы жылдың бірінші тоғыз айы ішінде Латвиядағы Luminor банкі осы жас тобындағы клиенттерден өмірді сақтандыру туралы өтінімдердің 68%-ын алған, оған қоса олардың үштен екісі ер адамдар болған.

«Біздің бақылауымызша, дәл өмірлік маңызды оқиғалар туыстардың қатысы бойынша үлкен жауапкершілік сезімін туындатады, соның арқасында өмірді сақтандыруды алу туралы шешімге келеді. Көбінесе клиенттер отбасында бала дүниеге келгенде, үй алған кезде, некеге отырғанда немесе туыстың қайтыс болуын көрген жағдайда өмірді сақтандыру туралы ойланады», – дейді Балтық елдеріндегі Luminor дамыту бөлімінің басшысы Екатерина Зинича.

Ол, клиенттер өздеріне ипотекалық несиелер бойынша міндеттемелерді мойнына алған кезде, банк ұсынатын өмірді сақтандыруды жиі алатынын атап өтеді.  «Адамдар олармен қандай-да бір жағдай болса, олардың отбасы қорғалатынына және ипотекалық несиені төлеу жөнінде қам жемейтініне сенімді болғысы келеді. Клиенттердің көбі немесе 80%-ы қарыз алушымен күтпеген жағдайларда несиелік міндеттемелер өтелуі үшін, ал туыстары одан босатылуы үшін, несие мөлшеріндегі сомада өмірді сақтандыруды қалайды. Кейбір жағдайларда егер отбасына кіріс төмендеген кезде, жағдайға оңай ыңғайлануы үшін, шамамен жылдық табыс деңгейінде «қауіпсіздік кепілі» қолжетімді болсын десе, қорғаныс сомасы одан да көбірек болып жатады. Жинақты құру сияқты, өмірді сақтандыру да тұрақты отбасылық бюджетті құрудың негізі болып табылады», - дейді Зинича.

Миллениалдар арасында өмірді сақтандырудың орташа сомасы 55 000 евроны, ал қорғаудың ең үлкен сомасы 220 000 евроға жуық соманы құрайды. ERGO сақтандыру қоғамының деректері бойынша төленіп жатқан өтемдер несиелік міндеттемелерді өтеу үшін және отбасылық бюджетті тұрақтандыру үшін жиі қолданылады.

Дереккөзі: https://rus.delfi.lv/biznes/vremja-dla-novih-vozmozhnostej/vozmozhnost-strahovaniya-zhizni-chasche-vsego-ispolzuyut-lyudi-v-vozraste-do-40-let.d?id=52645277

Сурет ашық дереккөздерден

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
АҚШ-та өмірді бірлескен сақтандыру сұранысқа ие
АҚШ-та өмірді бірлескен сақтандыру сұранысқа ие

Коронавирустық пандемиядан кейін американдық...

Әйел қайтыс болған жағдайға жоспар барма?
Әйел қайтыс болған жағдайға жоспар барма?

Дәл осындай тақырыппен осыдан тура 20 жыл бұрын...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру