bs-preloader__icon
ru kz
✕

Сингапурдың және Гонконгтың миллионерлері сақтандыруды мұраға қалдырады

Сингапурдың және Гонконгтың миллионерлерінің пікірінше, өмірді сақтандыру активтердің сақталуы мен көбейтілуіне мүмкіндік береді, деп oligarh.media хабарлайды.
Сингапурдың және Гонконгтың миллионерлері сақтандыруды мұраға қалдырады

Азиялық-Тұнық мұхиттық аймақта бай адамдардың басым бөлігін «өте бай» (HNWI) санатына жатқызуға болады, олар мұраның баламалы нұсқасы ретінде өмірді сақтандыру өнімдерін пайдаланады.

Бұл туралы Transamerica Life және Asian Private Banker компаниялары өткізген мұраны жоспарлаудағы сақтандырудың рөлі немесе жинақтарды берудің басқа тәсілдері тақырыбындағы зерттеудің мәліметтері дәлелдейді. Бұл үшін сарапшылар Сингапурда және Гонконгта тұратын табыс деңгейі $1 млн және одан жоғары құрайтын 100-ден астам  HNWI сауалнама өткізді.

Осы санаттағы өкілдер тап болатын сыртқы тәуекелдер болып саяси және экономикалық қиындықтар, нарықтың құбылмалылығы және трансшекаралық шектеулер табылатындығы анықталды.

Басты ішкі тәуекел деп азиялық байлар бенефициарлардың өз мұрасын дұрыс басқара алмау қабілетін есептейді.

Осы себептен экономикалық тұрақсыздық жағдайында HNWI қауіпсіз қаржы өнімдерін таңдайды, оның ішінде өмірді сақтандыру едәуір тиімді болып табылады.

Дереккөзі: https://oligarh.media/2018/11/28/millionery-iz-singapura-i-gonkonga-peredayut-strahovku-v-nasledstvo/

Фотосурет: calculator24.ru, autoreflex.ru

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Ғалымдар: тұрақты жыныстық қатынас өмір сүру ұзақтығын арттырады
Ғалымдар: тұрақты жыныстық қатынас өмір сүру ұзақтығын арттырады

Үнемі жыныстық қатынасқа түсетін әйелдер ұзақ...

S&P NOMAD Life ӨСК рейтингін "BB+"деңгейінде растады
S&P NOMAD Life ӨСК рейтингін "BB+"деңгейінде растады

S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі қаржылық тұра...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру