bs-preloader__icon
ru kz

Өткенсіз болашақ жоқ

Мемлекеттік орталық музей (МОМ) ірі «Nоmаd Life» Өмірді сақтандыру компаниясымен» бірлесіп «Ұлы даланың әйгілі перзенттері» атты мерейтойлық көрме ашты. Көрменің негізгі идеясы көрерменді біздің еліміздің мәдени өмірінде негізгі рөл атқарған тұлғалардың шығармашылық қызметтерімен таныстыру болып табылады.
Өткенсіз болашақ жоқ

«Бұл жерде ұлы және суырып салма ақын  Жамбыл Жабаевтың, классикалық күрес бойынша әлем чемпионаттарында жеңген мықты спортшы Қажымұқан Мұңайтпасовтың, сахнаның серкесі Сералы Қожамқұловтың, әнші, композитор Манарбек Ержановтың, танымал композитор Латиф Хамидидің, ұлы ақын Қасым Аманжоловтың және ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің сирек құжаттары, суреттері мен жеке заттары қойылған. Тұлғалар кездейсоқ іріктелген жоқ, себебі олар осы жылдың мерейтой иелері», - дейді ҚР Мемлекеттік орталық музейдің қор сақтау бойынша бөлімінің басшысы Маржан Жунусова.

Мемлекеттік орталық музейде бұл көрменің мақсаты көрнекті тұлғаларды таныстыру және оларды дәріптеу дейді. Қойылым МОМ, Қажымұқан Мұңайтпасов музейінің және басқаларының қорларынан материалдардың негізінде құрылған. «Біздің музейіміздің мақтанышы – Қажымұқан Мұңайтпасовтың тымағы. Оны бізге Өзбекәлі Жәнібековтің өзі тапсырған. Тағы бір бірегей жәдігер - Ж. Жабаевтың өмірден өткеннен кейінгі бет-пішінінің гипстен құйылған бедері. Оны музейге 1955 жылы тапсырған», - деп музейдің өкілі қойылыммен таныстырады.   

Өзбекәлі Жәнібеков қазақ халқының ұлттық мәдениетін, ана тілін дамыту, ұлттық салт-дәстүрін жаңғырту ісіне үлкен үлес қосты. Ол Қазақстанда музей ісін дамытуға себепші болды, ол ежелгі Наурыз мейрамының жандануына бастамашылық етті. «Өзбекәлі Жәнібеков мансабын қарапайым мұғалім болып бастаған және мәдениет министріне дейін қызмет етті. Ол ХХ ғасырдың 70 жылдарында Қожа Ахмет Яссауи кесенесін қалпына келтірудің дем берушісі және ұйымдастырушысы болды. Өзбекәлі Жәнібеков Алаш Орда қатысушыларын ақтауға бастамашылық жасады. Бұл жерде домбыра, транзистор, асатаяқтың тұтқасы, еңбектері секілді оның жеке заттары қойылған», - деп нақтылайды Маржан Жунусова.

Манарбек Ержанов қарапайым шаруа отбасында дүние келген, бірақ дәл ол Алматыдағы алғашқы Қазақ музыкалық театрының негізін қалаушылардың бірі болды. Қазір ол Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры. «Манарбек Ержанов қазақ музыкасында ерекше орын алған бірегей тенор және 150-ден астам шығармалардың авторы болды. Біздің көрмеміздің қойылымында Ержановқа әкесі сыйлаған оның домбырасы бар», - деп бөлісті сұхбаттасушы.

«Ұлы даланың әйгілі перзенттері» көрмесінде жүзге жуық музей заттары қойылған және мұндай топтама өмірді сақтандыру бойынша ірі компаниялардың бірі «Nоmаd Life»-тің қатысуымен жинақталған. «Мұндай көрмелер ұлы атамұраны дәріптеу үшін қажет. Өйткені, өткенсіз болашақ жоқ. Ұлы тұлғалардың мұрасы қазақ халқының ұлттық ерекшелігін, мәдениетін, көп ғасырлық дәстүрлерін жаңғыртуды бейнелейді. Сол себепті Nоmаd Life алты жыл Қазақстанның Мемлекеттік орталық музейінің бастамаларын қолдайды. Мәдени мұраны ол туралы келешек ұрпақ білуі үшін дәріптеп, сақтау қажет», - деп түсіндіреді «Nomad Life» ӨСК» АҚ-ның Басқарма Төрағасының орынбасары Мади Шалгимбаев.

Nоmаd Life-та тарихи естелікті сақтау аса маңызды дейді, себебі есте сақтау – білу деген сөз.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру