bs-preloader__icon
ru kz

Динозаврлар, шаш және немере қызының болашағы – 2018 жылы ресейліктер нені сақтандыруды жоспарлады

Дененің жеке бөлшіктерін сақтандыру қазіргі таңда таңқаларлық жағдай емес, қазіргі таңда адамдарды көбіне өз болашағы, жүректеріне ыстық заттардың сақталуы және сүйікті жануарларының қауіпсіздігі алаңдатады, деп «Прайм» агенттігінің сақтандырушылары аяқталып жатқан жылда клиенттердің ең стандартты емес сұрауларын естеріне түсіре отырып, әңгімелеп берді. Сақтанушылардың қалауларына жету үшін компаниялар жаңа өнімдерді енгізуде: 2018 жылда касконың жаңартылуына, жаңа технологиялардың және ерікті медицинаның енгізілуіне ерекше назар аударылды.
Динозаврлар, шаш және немере қызының болашағы – 2018 жылы ресейліктер нені сақтандыруды жоспарлады

"Либерти страхование" компаниясында ерекше жағдай орын алған. Оған ыстық елге кетіп бара жатқан клиент келіп, өз шашының жағдайына алаңдаған екен – сондықтан ол өз шашын сақтандыру керек деп шешім қабылдады. «Сондай-ақ, бізге ит пен мысықтарды кенелердің шағуынан сақтандыру, ұшақтағы сиырды, автокөліктегі шошқаны сақтандыру сияқты оғаш өтініштер келіп түскен. Бизнесменнің қолындағы сағатты, саяхатшының қалтасындағы төлқұжатты, динозаврлардың көрмесін, жинақталған жүкті (шампиньон саңырауқұлақ, қоңыз, құбырлар, сантехника), майнерлерді (майнингке арналған жабдық – ред.) сақтандыру тілектері де болған. Жаңа жылдың қарсаңында шыршаларды сақтандыруға да сұраныс болады», – деп сақтандырушының баспасөз-қызметінде баяндады.

Ал "Югория" компаниясы өзінің жеті жасар қыз немересін ЖОО-ға оқуға түсе алмауынан сақтандырғысы келген клиенттің сұрауын да қанағаттандыра алды. Ол әйел немересінің бірінші сыныптағы  жетістіктеріне риза емес екенін айтты. Компания оған өмірді ұзақ мерзімді сақтандыру бағдарламасын ұсынды, бұл бағдарламаға сәйкес болашақ студент қыз 18 жасқа толған кезде қаржылық қолдауға қол жеткізе алады. «Абсолют страхование» компаниясына биткоин бағамының төмендеуі тәуекелінен сақтандырылғысы келген клиент жүгінді. Компанияда есептегендей, бұл ресейліктердің криптовалютаға ақша салуының дайындығын көрсетеді.

Кейбір клиенттер жалпы стандартты бағдарламалар бойынша сақтандырылғанымен, стандартты емес жағдайға тап болған. Нақты айтқанда, «Сбербанк өмірді сақтандыру» компаниясына көршісінің саяжай учаскесінде төбелесіп жатқан мысықтарды айырып жатқанда жарақаттанған клиент жүгінді. Тағы бір сақтанушының аяғын сиыр басып кеткеннен кейін ол емделуге мәжбүр болды. Сонымен қатар компанияға «иектің соғылуы» сақтандыру жағдайын да реттеуге тура келді.

БАЛЫҚ, ҚАРМАҚҚА ТҮСЕ ҒОЙ!  

Сақтандырушыларға өткен жылда әр түрлі масштабтағы – бірнеше ондықтан миллиард рубльге дейінгі – шығындарды реттеуге тура келді. Ең кішкентай шығын "Либерти Сақтандыру" компаниясына тиесілі болды – каско бойынша төлем 46 рубль 39 тиынды құрады. «Мұндай сома полиспен белгіленген 35000 рубль даусыз франшизаны шегерімнен кейін пайда болды», – деп шығындарды реттеу бойынша дирекцияның басшысы Михаил Барышев түсіндіреді. "Альфастрахование" гаджеттың жөндеу жұмыстарына біраз артықтау 49 рубль 71 тиынды төледі.  "Метлайф" компаниясы 100 рубльге тең төлемді «ауруханаға жатқызу» тәуекелі бойынша жағдайды реттеді.

Осы және басқа да компаниялар заңды, сондай-ақ жеке тұлғаларға қомақты төлемдерді жүргізуге мәжбүр болды. "Метеор–М" №2-1 ғарыштық аппаратының бүлінуіне байланысты төлемді жүргізудегі «Ингосстрахтың» үлесі шамамен 906 миллион рубльді құрады. Сонымен қатар компания "Натали Турс" жұмысының тоқтатылуына байланысты, оның заңды тұлға клиенттеріне 63 миллион рубль шамасында төлем жүргізіп, шығындардың 8 мыңнан астам жағдайын реттеді.

Сақтанушының өртеніп кеткен тауары «Абсолют страхование» компаниясына 80,5 миллион рубльді құрады. Концерттің болмауы «Либерти Страхование» компаниясына 79,9 миллион рубльге түсті. «Сбербанк страхование» өртенген сауда орталығы үшін 60 миллионды төледі. «Согласие» компаниясының ең ірі төлемі су көлігін сақтандыру бағдарламасы бойынша жүргізілген еді – бұл 50 миллион рубльді құраған.

Жеке тұлғаларға жүргізілген ең ірі төлемдер бірнеше ондық миллион рубль шеңберінде орналасқан. "Капитал Life" максималды төлем 30 миллион рубльден асты, ол өмірді сақтандыру бағдарламасы бойынша жасалды, ақшаны қайтыс болған клиенттің туыстары алды. Осындай сияқты соманы «Сбербанк өмірді сақтандыру» компаниясы (28,8 миллион) клиенттің қайтыс болуына байланысты өмірді инвестициялық сақтандыру бойынша төледі. «Метлайф» «мүгедектік» тәуекелі бойынша 17 миллиондай рубльді, «Югория»  компаниясы қонақ үйде орын алған өрттен кейін 11,5 миллион рубльден артық, ал «Альфастрахование» – ипотека бойынша 10,5 миллион рубльді төледі.

Жалпы, сақтандырушылар хабарлағандай, сақтандыру төлемдерінен бас тартудың ең көп үлесі каскоға, азаматтық жауапкершілікті сақтандыруға және өмірді несиелік сақтандыруға келіп түсті. Сақтандыру төлемдерін жүргізуден бас тартудың жеке себептері көбінесе, мысалы, клиентте сақтандыру шартын жасағанға дейін ауру болғанымен байланысты, немесе қандай да бір жарақатқа полистің өтемақысы берілмейтінімен байланысты болады. ЕМС сатып алушылары және шетелге кететіндер сақтандыру төлемдерін жүргізуден бас тартуды аз көлмеде алады.

ҚАҢДАЙ ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҰСЫНАСЫЗ?

Кейбір ерекше сұраныстар сақтандырушыларды жаңа өнімдерді ойлап табуға шабыттандырды. Осылайша, "Альфастрахование" ұшқышы жоқ ұшақтар иелерінің азаматтық жауапкершілігін сақтандыруды іске қосты. «Бұл өнім корпоративтік клиенттің – 24/7 режимінде өз нысандарына аудиовизуалды бақылауды қамтамасыз ету үшін дрондарды пайдаланатын компанияның сұранысы бойынша жасалды», – деді компанияның өкілі.

Қандай да бір бизнестің сұранысына байланысты Group-IB және Positive Technologies компанияларымен серіктестікте іске қосылған компанияның басқа өнімі де – кибертәуекелдерді сақтандыру қалыптасуда. Желтоқсан айынан бастап басқа сақтандырушы – «Сбербанк сақтандыру» – желіде қауіпсіз сатып алуды жүзеге асыру үшін кибертәуекелдерден қорғану қызметін ұсынады. Оны банктік карталардың иелері пайдалана алады.

Көптеген сақтандыру компаниялары 2018 жылы тұтынушыларға каско бойынша ерекше шешімдерді ұсынды, мұнда да жаңа технологиялар көмекке келді. Мысалы, «Ренессанс сақтандыру» каршерингтер мен телематикалық қосымшалар үшін минут сайынғы касконы әзірледі. Бағдарлама әуесқой автомобильшінің көлік жүргізудің стильі туралы мәліметтерді жинайды және сол уақытта көлікті мұқият айдауға ынталандырады – ол үшін жаттығулар мен ойға салулар қарастырылған. «Ингосстрах» қолданыста жүрген өнімнің функционалын мобильдік «өзін-өзі қарау» арқылы кеңейтті. Ең қызығы бұл қызмет автомобильді қараудың шегінен шығып кетіп, үлер мен пәтерлерді сақтандыру саласына ауысты.

Каско бағдарламасының жаңартуына автомобиль иелерін азаматтық жауапкершілігін сақтандырудағы оң өзгерістерге әкелді. «МАКС» компаниясындағы басқарма басшысы Евгений Попков оң статистика аса мұқият жүргізушілер үшін тауашалық өнімді іске асыруға мүмкіндік бергенін атап көрсетті. Басқаша айтқанда, компания автомобильшілердің азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру БМК (бонус-малус коэффициенті) бойынша жеңілдікті пайдаланатын апатқа ұшырамаған жүргізушілерге касконы төмендетілген бағамен сатып алуды ұсынды.

ДЕНСАУЛЫҚҚА ДЕН ҚОЮ

Сақтандырушылар жалғыз мотормен ғана өмір сүрмейді – өткен жылда медициналық сақтандыру, телемедицина және өмірді сақтандыру бағдарламалары да белсенді түрде дамыды. РИА Новости сайтына «ВТБ страхование» компаниясының бас директорының бірінші орынбасары Олег Меркулов хабарлағандай, медициналық бағдарламалар ең талап етілген бағдарламалардың біріне айналды. Осыған байланысты сақтандырушыда онкологиялық және күрделі ауруларды емдеу бойынша өнімдер, болашақ аналар мен жүктілікті жоспарлап отырған әйелдер үшін полис, сонымен қатар ММС және ЕМС бойынша медициналық «навигатор» сияқты бағдарламалар пайда болды.

"Капитал Life" компаниясы LIFE.medtech медициналық стартаптардың акселераторын іске қосты, келесі жылы іріктеудің қорытындылары ұсынылатын болады.  Агенттікке компания басшысы Евгений Гуревич баяндап бергендей, сақтандырушы медицина және сақтандырудың қиысқан жерінде бағыттың дамуындағы үлкен перспективаларды көріп отыр.

"Уралсиб" тобы телемедицинаны пайдаланумен өнімдерге үміт артып отыр. Бірақ компания тек дәрігердің кеңес беруге тоқтамауды шешті – оның желісінде клиенттерге күрделі жағдайларда заң қызметтері ұсынатын қораптық өнім де пайда болды.

«Метлайфта» зейнеткерлік өнімге ден қоюды жөн көрді. «Зейнеткерлік жастың көтерілетіні хабарланғаннан кейін біздің агенттік желіліміздің жеке тұлғалар үшін зейнеткерлік бағдарламалардың сатуы мен сұранысының саны үш есеге артты», – компанияның баспасөз-қызметінде хабарлады.

Дереккөзі: https://1prime.ru/finance/20181225/829572766.html

Фотосурет: vestifinance.ru сайтынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру