bs-preloader__icon
ru kz

106 жасқа дейін өмір сүрген: әлемдегі ең кәрі спортшы әйелдің сүйікті тағамдары аталды

Әлемдегі ең кәрі спортшы Ида Килинг 106 жасқа дейін өмір сүре алды. Америкалық әйел спорт пен көкөніс диетасы арқасында ұзақ өмір сүрді.
106 жасқа дейін өмір сүрген: әлемдегі ең кәрі спортшы әйелдің сүйікті тағамдары аталды

2021 жылы қайтыс болған спортшының қызы Шелли Килинг, анасының қартайғаншақта белсенділікті сақтау үшін көп қимылдағанын және күніге көкөніс пен жемістерді жегенін айтты, деп хабарлады Eat This, Not That басылымы.

«Ол көкөніс қосылған тамақтарды жақсы көрді, көкөніс және жемістен жасалған сусындарды ішті. Оның мәзірінде ет аз ғана болды. Оның ағзасы өте жақсы жұмыс істеген», - деді спортшының қызы. Ол анасын жұбайы мен екі ұлынан айырылғаннан кейін депрессияда жүргеннен кейін, өзі спортқа алып келгенін айтты. «Ол мені кроссовкамен көрген кезде қатты таң қалды, - деп еске алды Шелли. – Мен бірақ оның егде жаста жүгірумен осылай қатты әуестенетінін ойламадым».

Ида Килинг 95-тен 99-ға дейін және 100-ден 104-ке дейін жастық топта рекордшы болған. 2017 жылы қарт жүгіруші сан сүйегін сындырып, операция жасатқан және оңалтудан өткен. Толық жазылып шығып, ол қайтадан жүгіруді шешкен. 2018 жылы Килинг 102 жасында кезекті рекорд жасаған.

Бұдан бұрын 96 жастағы италиялық әйелдің немересі әжесінің ұзақ өмір сүру құпиясымен бөліскен болатын. Ол өзінің ең кәрі туысының сүйікті азық-түліктері туралы айтқан.

Дереккөзі: https://profile.ru/news/society/health/dozhila-do-106-let-nazvany-ljubimye-produkty-samoj-staroj-v-mire-sportsmenki-1093338/

Сурет ашық дереккөздерден

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Баланың өмірін сақтандыру: сатып алу керек пе
Баланың өмірін сақтандыру: сатып алу керек пе

Баланың өмірін сақтандырудың артықшылықтарын...

Сыйлықақы жинау тұрақталды
Сыйлықақы жинау тұрақталды

2024 жылғы маусымда ӨСК мамыр айындағы ұқсас дин...

Қазақстанда биылғы оқу жылында жоғары білім қанша тұрады
Қазақстанда биылғы оқу жылында жоғары білім қанша тұрады

Редакция Ranking.kz ағымдағы жылы қазақстандық жоғ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру