bs-preloader__icon
ru kz

Қант қосылған кофе қалай өлім қаупін төмендете алады

Негізінде кофені ішпейтіндермен салыстырғанда, орынды көлемде тәтті емес сергітетін сусынды немесе тәтті кофені күніге ішетін ересектердің қайтыс болу мүмкіндігі аз – қалай болғанда да жеті жыл ішінде. Мұндай қорытындыға Гуанчжоудағы (Қытай) Оңтүстік медициналық университетінің ғалымдары келді, деп хабарлайды «Профиль» сайты.
Қант қосылған кофе қалай өлім қаупін төмендете алады

Зерттеу барысында мамандар белгілі жүрек аурулары немесе онкологиялық аурулары жоқ 171 мың адамның қатысуымен Ұлыбритания биобанкінің сауалнама деректерін қолданды. Оларға сонымен қатар тамақтану туралы сұрақтар қойылды. Ғалымдардың міндеті қантпен, жасанды тәттілендіргішпен тәттілендірілген және тәтті емес кофені ішу мен барлық және белгілі бір себептерден қайтыс болу арасында байланысты бағалау болды, деп жазады News Medical.

Жұмыс авторлары бақылаудың жеті жылы ішінде тәтті емес кофенің кез-келген көлемін ішкен зерттеу қатысушыларында қайтыс болу ықтималдығы бұл сусынды мүлдем ішпейтіндерге қарағанда 16–21%-ға төмен болғанын анықтады. Ал күнделікті қант қосылған кофенің 1,5-3,5 шыны-аяғын ішкен қатысушыларда қайтыс болу мүмкіншілігі тиісінше кофе ішпегендерге қарағанда 29–31%-ға төмен болған.

Бұл ретте жасанды тәттілендіргіштер пайдаланғандар үшін деректер сенімсіз болып шықты. Тағы бір маңыздысы – қант көлемі. Зерттеушілер тәттілендірілген кофені ішкен ересектер бір шыны-аяққа орташа есеппен тек бір шәй қасық қант қосқанын айтты. Бұл мейрамханалар мен кафелердегі көптеген танымал кофе сусындарындағы қант құрамынан әлдеқайда аз.

Дереккөзі: https://profile.ru/news/society/health/napitok-dolgoletiya-kak-kofe-s-saharom-mozhet-snizit-risk-smerti-1092452/

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Тұрақты деңгейде
Тұрақты деңгейде

2022 жылғы сәуірде ӨСК сыйлықақылардың жоғары а...

Сақтандырушылардың активтері бір триллион теңгеден асты
Сақтандырушылардың активтері бір триллион теңгеден асты

2018 жылдың 11 айы ішінде сақтандыру компаниялар...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру