bs-preloader__icon
ru kz

Жас ұлғайған сайын қалай зердесіз болмау керек

Қартайған жас жадының, назардың, олармен бірге ақыл-ой қызметінің біртіндеп нашарлауымен табиғи биологиялық үдерістерімен қоса жүреді. Алайда картайған жаста саналық белсенділікті қолдау үшін кейбір өте қарапайым тәсілдерді қолдануға болады.
Жас ұлғайған сайын қалай зердесіз болмау керек

Бірінші кезекте, бұл физикалық белсенділікке қатысты. Үлкен жас тобындағы адамдар үшін физикалық жүктемелер жастарға сияқты одан кем емес пайдалы, әсіресе таза ауада. Серуендеу, дене шынықтырумен, спортпен айналысу, оның ішінде бүгінгі күні танымал болған скандинавиялық жүру «ірі моторика» деп аталатын, яғни қолды, аяқты және денені қозғалтумен байланысты. Кез-келген қозғалыстар жасушалардың жұмысын ынталандыра және олардың арасында байланысты қолдап, миды белсенді жұмыс істеуге мәжбүрлейді.

Саусақтарды қозғалту арқылы, адам ұсақ моториканы іске қосады, бұл ретте ұсақ моториканың орталығымен жақын орналасқан, бас миының сөйлеу орталығын да ынталандырады. Қолөнермен айналысу (сурет салу, тоқу, кестелеу, папье-маше, шілтерлерді тоқу, тігу, мүсіндеу) арқылы, сондай-ақ компьютерде жұмыс істеу немесе музыкалық аспаптарда ойнау кезінде бас миының бірден бірнеше бөліктері ынталандырылады. Үсақ моторика әдеттегі күнделікті өмірде тамақ дайындау, ыдыс жуу үдерісінде де іске қосылған.

Өзіңізді сергек және күшіңіздің тасып тұрғанын сезіну үшін, дәрігерлер ағзаны дәрумендермен, минералдармен, микроэлементтермен қамтамасыз ете отыра, дұрыс тамақтану қағидаларын ұстануға кеңес береді. Ұйықтар алдында тойып тамақтанбай, күніне төрт-бес рет тамақтану, сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін ішу – екі литрге дейін (егер шектеулер болмаса).

Дереккөзі:  https://radiosputnik.ria.ru/20210124/1594347083.html

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өз жинақтарыңызды девальвациядан қалай қорғауға болады?
Өз жинақтарыңызды девальвациядан қалай қорғауға болады?

Биыл теңге 26 жасқа толады. Өмірді сақтандыру б...

Максат Альжанов «Standard Life» ӨСК» АҚ-ң ірі қатысушысы мәртебесіне ие болды
Максат Альжанов «Standard Life» ӨСК» АҚ-ң ірі қатысушысы мәртебесіне ие болды

Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкі өзінің ресми сайтын...

Отандық өмірді сақтандырушылар қанша сыйлықақы жинайды
Отандық өмірді сақтандырушылар қанша сыйлықақы жинайды

Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында өмірді...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру