Егер сол калория мөлшерін тұтынуды жалғастыратын болса жас келген сайын адам артық май жинайды, әсіресе іш аймағында. Бұны әсіресе әйелдер меноүзіліс кезінде ескергені маңызды, өйткені осы кезде байқалатын эстроген деңгейінің төмендеуі ішке майдың жиналуына жол ашады.
Жас келген сайын адамдарға калория аз қажет болатынына қарамастан олар осындай немесе одан да көп қоректің заттар мөлшерін қажет етеді. Сондықтан рационға жемістер, көкөністер, балық және майсыз ет қосқан өте маңызды. Пайдалы өнімдер бел көлеміне кері әсерін тигізбестен қоректік заттап тапшылығын толтырады. Кальцийдің, D дәруменінің және В12 дәруменінің молдығы маңыздылыққа ие болады.
Қажетті қоректік және қоректік заттар
Жас келген сайын рациондағы кейбір дәрумендер мен микроэлементтердің мөлшеріне назар аудару керек. Кальций сүйек тінін құруға көмектеседі, ал D дәрумені кальцийдің сіңуін жақсартады. Зерттеулер көрсеткендей, адамдар жасы келген сайын рационнан кальцийді аз алады, өйткені ішек бұл микроэлементті нашар сіңіре бастайды.
Кальцийдің сіңуінің төмендеуі D дәруменінің тапшылығын тудырады, өйткені ағза жылдар өте келе оны аз өндіреді. Мәселе мынада, D дәрумені күн сәулесінің әсерінен тері құрамындағы холестериннен табиғи түрде бөлінеді. Бірақ жас ұлғайған сайын тері жұқарады және бұл оның дәрумен шығару қабілетін төмендетеді.
Егде жастағы адамдар асқазан қышқылының бөлінуін төмендететін асқазан-ішек жолдарының ауруларымен жиі ауырады. Мысалы, атрофиялық гастрит. Бұл тамақтан В12 дәруменінің сіңуінің төмендеуіне әкеледі. Сонымен қатар, өсімдік негізіндегі емдәмді ұстанатындар В12 дәруменіне бай тағамдарды пайдаланбайды, өйткені олар негізінен жануарлардан алынады: жұмыртқа, балық, ет және сүт. Бұл жағдайда дәрігермен В12 дәрумені бар қоспаларды қабылдау мүмкіндігін талқылаңыз.
Калий деңгейінің төмендігі, қан қысымының жоғарылауы, бүйрек тастарының пайда болуы, остеопороздың және жүрек ауруының даму қатерін арттыруы мүмкін. Бұл микроэлементтердің жетіспеушілігін толтыру үшін рационға кептірілген өрік, авокадо, жасымық және сүт өнімдерін қосу қажет.
Жүрек-қан тамырлары аурулары егде адамдар арасындағы өлімнің негізгі себебі болып саналады. Зерттеулер Омега-3 полиқанықпаған май қышқылдары жүрек ауруы мен жоғары қан қысымының қауіп факторларын төмендете алатынын көрсетті.
Темір тапшылығы егде жастағы адамдарда да жиі кездеседі. Ол анемияны – қан ағзаны оттегімен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ете алмайтын күйді [27] тудыруы мүмкін. Рационды осы микроэлементтері бар тағамдармен түрлендіру маңызды, сонымен қатар өсімдік көздерінен алынған темірдің жануарлардан алынатын өнімдерге қарағанда нашар сіңетініне назар аударуқажет.
Дерек көзі:
https://style.rbc.ru/health/640ae75d9a79477a3c65f527#p2
Фото ашық дерек көздерінен алынды