bs-preloader__icon
ru kz

Теңгенің құнсыздануында қалай ұтуға болады

Қазақстандықтар ұлттық валютаның құнсыздануына байланысты олар тек ақшаны жоғалады деп сенеді. Өйткені әлсіз теңге -барлық импорттық тауарлар бағасының өсуі. Бірақ, девальвацияның кері жағы да бар. Бұл материал бәрі ақшаны жоғалтқан кезде, қалай пайда көруге болатынын айтады.
Теңгенің құнсыздануында қалай ұтуға болады

Қаржы нарықтарындағы тұрақсыздық сақталу негізінде теңге бағамы 9 наурыздан 1 сәуірге дейін шамамен 17%-ға төмендеді. «Біздің базалық сценарийімізге сәйкес, айырбастау бағамы 2020 жылдың соңында АҚШ доллары үшін 435 теңгеге жуық болады, бірақ ұлттық валютаның құбылмалылығы жыл бойы сақталуы мүмкін. Теңгенің айырбас бағамының төмендеуі банк секторына теріс әсер етуі мүмкін», – деп хабарланады S&P Global Ratings жаңа есебінде.

Мұндай жаңалықтар, әрине, алаңдаушылық тудырады және көптеген адамдар өз инвестициялары үшін қауіпсіз орынды табуға тырысады. Lifeinsurance.kz порталының редакциясы ZOLOTO NOMADOV өнімін зерттеді. Осы өнім іске қосылған күннен бастап салымды ашқан болса, адамдар қанша ақша табар еді? 

ZOLOTO NOMADOV 
ZOLOTO NOMADOV жинақтаушы сақтандыру өнімінің долларлық мөлшерлемесі сақтандыру мерзіміне байланысты 3,41%-ға дейін жетеді. Бұл ретте, бұл мөлшерлеме шарттың бүкіл қолданылу мерзіміне тіркеледі. «Қаржы нарығындағы ешқандай өзгерістер сақтандыру полисімен кепілдік берілген табыстылыққа әсер етпейді. Өйткені сіз шарт жасасасыз, ал ӨСК оны орындайды. Бұл долларлық жинақтарға салық салынбайды, ал мұндай салымдардың пайызы мен сенімділігі банктік салымдардан әлдеқайда жоғары», - деп түсіндіреді «Nomad Life» ӨСК» АҚ басқарма төөрағасының орынбасары Мәди Шалғымбаев
Бүгінгі таңда ЕДБ салымшыларға ең жоғары табыстылығы жылдық 1% валюталық депозиттер ұсынады.

«Біздің өніміміздің сыйлықақы мөлшерлемесі шарттың барлық мерзіміне бекітілген. Мерзімі көп болған сайын, салым бойынша табыстылық соғұрлым жоғары. Банктерге қарағанда, біз үшінші тұлғаларға қарыз берумен айналыспаймыз, яғни өз клиенттеріміздің қаражатын жоғары кредиттік тәуекелге ұшыратпаймыз. Оның орнына компания ұзақ мерзімді жоғары сенімді активтерге салымдарды жүзеге асырады», - деп нақтылайды Мәди Шалғымбаев. 

Коронавирус пен мұнай бағасының құлдырауынан туындаған дағдарыс, бірінші кезекте, банктерге әсер етеді. Өйткені олар салымшылардың қаражаты есебінен несие береді. 
«Өмірді сақтандыру компаниялары клиенттерден сақтандыру сыйлықақыларын алып, қор нарығында инвестицияланатын сақтандыру резервтерін қалыптастырады. ӨСК жұмысы ұзақ мерзімді міндеттемелермен байланысты, сондықтан сақтандырушының сенімділігі қаржы институтын таңдауда клиенттер үшін негізгі фактор болып табылады», - дейді Мәди Шалғымбаев.

ZOLOTO NOMADOV иелеріне тұрақты және жоғары табыс береді, өйткені өнім әртараптандырылған. Валютадағы қаражат тек қана АҚШ корпоративтік секторының облигацияларына, қазақстандық және шетелдік эмитенттердің еурооблигацияларына инвестицияланды, яғни АҚШ долларымен деноминацияланған. 

«Көптеген клиенттер теңгенің құнсыздануынан зардап шеккен жағдайда, біз жоғары кірістілікке кепілдік береміз және адамдарға қауіпсіздік сезімін береміз. Өйткені, инвестициядан басқа, адам бүкіл әлем бойынша 24/7 әрекет ететін өмірді сақтандыру қорғанысын алады. Және ол полисті жазғаннан кейін келесі күннен бастап жұмыс істей бастайды», – деп атап көрсетеді «Nomad Life» ӨСК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

Жеке жағдай 
Мария Павлова ірі компанияның менеджері, оның жалақысы 500 мың теңгені құрайды. 2018 жылдың наурызында жобаны сәтті аяқтағаннан кейін ол екі жалақы мөлшерінде сыйақы алды. «Әдетте мен ақшаны өз біліміме немесе демалысқа жұмсаймын, бірақ осы жолы өз басшымның үлгісімен ZOLOTO NOMADOV полисін сатып алдым. Мен 3 000 долларды 10 жылға салдым. Сол кезде бұл 960 мың теңгені құрады. Қазір менің өмірім 4 133 долларға сақтандырылған. Бұл соманы мен шарт аяқталған кезде аламын. Бүгінгі теңге бағамы бойынша бұл 1,8 миллион теңгені құрайды», - дейді әңгімелесуші. 

ZOLOTO NOMADOV өнімі жинақтарды алуға рұқсат береді. «Мен бұл опцияны пайдаланбаймын, өйткені Nomad Life менің полисімнің кепілімен заем алуға мүмкіндік береді. Теңгеде және ең тиімді шарттармен. Егер қажет болса, мен заем алу опциясын пайдаланамын», - дейді Мария Павлова.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Неліктен АҚШ тұрғындары PPLI-ді таңдайды
Неліктен АҚШ тұрғындары PPLI-ді таңдайды

АҚШ-та көптеген егде жастағы адамдар үшін бола...

Ғалымдар: ерлер мен әйелдер әртүрлі ауырады
Ғалымдар: ерлер мен әйелдер әртүрлі ауырады

Аурулар ерлер мен әйелдерге әртүрлі әсер етуі ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру