bs-preloader__icon
ru kz

S&P халықаралық рейтингілік агенттігі Nomad Life-тің рейтингін растады

S&P Global Ratings-тің болжамы бойынша компания нарықтағы үлесі мен өмірді сақтандырудың жетекші компаниялары қатарында орнын сақтайды және таяудағы 12-18 айда табыстың жоғары көрсеткіштерін көрсететін болады. Компания активтерді орналастырудың салмақталған инвестициялық саясатын жүргізуге басымдықтың арқасында өтімділіктің маңызды қорын сақтап тұр.
S&P халықаралық рейтингілік агенттігі Nomad Life-тің рейтингін растады

Nomad Life ең алдымен мемлекетпен байланысты, орташа кредиттік сапасы «ВВВ» деңгейіндегі жүйелік маңызды қазақстандық банктер мен ұйымдарға инвестициялайды.

Агенттіктің талдаушылары компания сақтандыру сыйлықақылары өсімінің жоғары қарқыны және операциялық қызметтің мықты көрсеткіштері аясында рейтингілік агенттіктің капиталдың жеткіліктілік моделіне сәйкес аз дегенде «АА» деңгейінде капиталдың жеткіліктілік көрсеткіштерін сақтайтынын болжайды.

«Біз нарыққа қаржы нарығында бар құралдарға тиімді балама болып табылатын инновациялық өнімдерді іске қосуды жалғастырып жатырмыз және S&P агенттігімен Компанияның рейтингін растауы, біздің ойымызша, біздің дұрыс бағытта келе жатқанымыздың көрсеткіші болып табылады. Бүгінгі күні біз қазақстандық нарықта өмірді сақтандыру бойынша жетекші компания болып табыламыз, шамамен бүткіл қаржы көрсеткіштері бойынша көшбасшылық орындарды аламыз, - деп рейтінгінің берілуіне «Nomad Life» ӨСК» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев пікір білдірді.

Nomad Life ӨСК 2007 жылы жұмысын бастады. 2019 жылдың 10 маусымында «өмірді сақтандыру» саласында барлық сақтандыру ұйымдары арасында бірінші болып компания бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия алды.

2012 жылдан бастап ұйым активтер, меншікті капитал, төлемдер, сақтандыру резевтері, сондай-ақ сақтандыру сыйлықақыларының жинағы бойынша өмірді сақтандыру нарығында жетекші орындарды алады. Nomad Life-тің тәуекелдері бүткіл әлем бойынша жұмыс істейтін, АА- рейтингісімен (S&P бойынша) ірі еуропалық қайта сақтандыру қоғамымен қайта сақтандырылған.

Nomad Life ӨСК-нің меншікті дамыған сату желілері бар, Қазақстан Республикасының облыстық және аудандық орталықтарында 17 филиалы мен 12 өңірлік кеңселері жұмыс істейді.

Баспасөз қызметінің суреті.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандырудың бірнеше полисі болуы мүмкін бе?
Өмірді сақтандырудың бірнеше полисі болуы мүмкін бе?

Жауап иә: сізде өмірді сақтандырудың бірнеше п...

«Standard Life" ӨСК» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің жаңа құрамы таңдалды
«Standard Life" ӨСК» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің жаңа құрамы таңдалды

Сәйкес шешім осы жылдың 6 сәуір күні Компания а...

Өмірді инвестициялық сақтандыру – тиімді қаржы құралы
Өмірді инвестициялық сақтандыру – тиімді қаржы құралы

Өмірді инвестициялық сақтандыру (ӨИС) – бұл 3-ж...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру