Қаражат тонаудың негізгі арнасы фишинг– «ақпарат суыртпақтау» көмегімен банк картасына қол жеткізу болып табылады:
есептік жазбаны растауды, акцияға қатысуды, сілтеме бойынша өту арқылы жүлдені алуды сұрайтын хаттарды жіберу
төлемді болдырмау, сезікті кіру себебінен аккаунтты бұғаттау, ұтыс ойынына қатысу үшін сілтеме көрсетілген СМС жолдау
бір күндік сайттарда болмаған тауарларды сату
сіздің таныстарыңыздың бұзылған аккаунттарынан әлеуметтік желілерде көмек жинау
Қаражатыңыздан айырылып қалмау үшін сауданы тексерілген сайттарда жасаңыз, хатта және таратылымда көрсетілген сілтемелерге өтпеңіз – егер дүкенде акция болып жатса, онда ол сайттың басты бетінде болады. Сондықтан ұйым бетіне өз бетіңізше кірген дұрыс. Тауарды сатушының картасына ақша аудару арқылы төлемеңіз, әсіресе егер оның бағасы орташа нарықтық бағадан төмен болса. Атынан көмек жиналып жүрген танысыңызға хабарласып, ақпаратты міндетті түрде нақтыландырыңыз.
Әрекеттер алгоритмі
«Дереу банкке жүгініңіз және менеджерден ақшаны қалай қайтаруға болатынын біліңіз. Егер қаражат аудары әлі процесс үстінде болса, онда операцияны болдырмауға болады. Соңғы операцияны кері қайтаруға өтініш жазыңыз. Қаражатты немесе соңғы операцияны қайтаруды банкілер бірнеше сағаттан 60 күнге дейін орындайды», – деп хабарлады ҚНРДА қаржылық қызмет тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінде хабарлады.
Егер аударым жасалып қойған болса, дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз. Сізді жәбірленуші деп таныған жағдайда, Сіз ҚР АК 9 бабына сәйкес үшінші тұлғалардың алаяқтық әрекеттеріне сотқа талап арызбен жүгінуге құқылысыз.
«Сондай-ақ, банктердің техникалық төлемдері жақсы қорғалғанын біліңіз. Алаяқтар банктердің техникалық қауіпсіздігін бұзуға емес, азаматтардың сенгіштігіі арқылы әрекет етуге ұмтылады. Шоттар бойынша барлық операцияларды біліп отыру үшін SMS немесе push-хабарламаларды қосып алыңыз. Осылайша сіз алаяқтардың әрекеттеріне тез қарсы әрекет жасай аласыз, бұл жағдайда уақытты өткізіп алмау өте маңызды. Өзіңізбен бірге алып жүретін және күнделікті шығындар үшін пайдаланатын картада үлкен ақша сомасын сақтамаңыз. Дұрысы, қажет болған жағдайда негізгі шоттан немесе депозиттен аударым жасау, әрі банктердегі ішкі операциялардың көпшілігі тегін жасалады», - деп қорытындылады ҚНРДА
Фото ашық дерек көздерінен алынды