bs-preloader__icon
ru kz

Құшақтасу өмір ұзақтығын ұлғайта алады

Әдетте құшақтасуды адамдар сенім мен махаббатты білдіру жолы ретінде қабылдайды. Бірақ, бұл ишараттың көп жағымды сезімдерді беретін, басқа да себептері бар екен.
Құшақтасу өмір ұзақтығын ұлғайта алады

Британдық ғалымдар жанасудың екі факторы барын анықтай алды. Біріншісі «тез жанасу» деп аталады және сыртқы сигналдарға жүйке жүйенің жауап беруінен тұрады, мысалы, егер қол ыстық бір затқа тисе. Ал екіншісі – «баяу жанасу», ол біраз қиынырақ. Зерттеушілер оны жуырда ғана анықтай алды. «Баяу жанасу» жанасу афференттері аталатын, жүйке тобымен байланысты екені анықталды. Олар жанасулардың эмоционалдық мағынасына жауап береді.

Бұл афференттердің тобын ғалымдар әлеуметтік жанасулық өзара әрекеттесудің жағымды қыры туралы сигнал ретінде қарастырады. Осылайша, құшақтасу және мейірімді жанасулар кезінде жүйкелер тобы миға нейрохимиялық сигналдардың каскадын туындататын сигналды жібереді. Сонымен бірге, жүрек соғуын бәсеңдететін және күйзеліс пен мазасыздық деңгейін төмендететін, окситоцин шығарылады.

Құшақтасу әкелетін босаңсу және тыныштанудың есебінен жалпы денсаулық жақсарады, оның ішінде:

ұйқы жақсарады;

сабырлылық жоғарылайды;

иммунитет жақсарады.

Әлеуметтік өзара әрекеттесудің жеткіліксіздігі және жалғыздық мерзімнен бұрын қайтыс болуға әкелуі мүмкін дейді ғалымдар. Сондықтан, құшақтасу жақындарымызға, оның ішінде асырандыға, махаббат пен сенімді білдірудің жолы ғана емес, сондай-ақ өз өмірімізді ұзағырақ және рахаттырақ етудің мүмкіндігі бола алады.

Дереккөзі: https://profile.ru/news/society/health/obyatiya-mogut-uvelichit-prodolzhitelnost-zhizni-uvereny-uchenye-868518/

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандыру нарығының дамуына не кедергі
Өмірді сақтандыру нарығының дамуына не кедергі

2023 жылы ҚР ЖІӨ-де өмірді сақтандыру саласының ...

Қай өңірлердің тұрғындары кәрілікке ақша жинады
Қай өңірлердің тұрғындары кәрілікке ақша жинады

Бір жыл ішінде Ұлытау және Алматы облыстары тұ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру