bs-preloader__icon
ru kz

Зейнетақы аннуитеттерінің артықшылықтары мен кемшіліктері

Жеке зейнетақы жасау – әрбір қазақстандықтың маңызды міндеттерінің бірі. Егде жаста өзінің материалдық әл-ауқатын қамтамасыз ету екі кезеңнен тұрады: зейнетақы капиталын құру және тұрақты төлемдерді алу.
Зейнетақы аннуитеттерінің артықшылықтары мен кемшіліктері

Бірінші кезең кезінде жұмыс беруші міндетті зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға аударады. Екінші кезеңде кепілді жеке ай сайынғы төлемді қамтамасыз ететін құрал қажет – бұл аннуитет. Бұл сақтандыру өнімінің негізгі идеясы – кепілдік табыс ағыны, өмір бойы – бұл керемет естіледі емес пе. Бірақ сыншылар кемшіліктерді де көрсетеді.
Зейнетақы аннуитетінің оң және кері жақтарын қарастырайық. 

Аннуитеттердің жағымды жақтары
Қазақстанда зейнетақы аннуитеті шарты ерлер үшін 55 жастан және одан да жоғары, әйелдер үшін – 51 жастан және одан да жоғары жасалады. ЗА шарты бойынша ӨСК жыл сайын 5%-ға ұлғаятын ай сайынғы өмір бойы төлемдер жүргізеді.
Бұл өнімнің жағымды жақтары өте көп. Олардың ең бастысы – бұл БЖЗҚ-да жинақталған ақшасын клиент зейнетақы жасын күтпей-ақ ерте пайдалана алатын болады. «Сонымен қатар, клиенттің егде жастағы қаражатсыз қалмайтынына кепілдігі бар. Егер ақша БЖЗҚ-дан алынса, онда төлемдер клиенттің шотында аяқталғаннан кейін тоқтатылады. ӨСК-да мұндай жағдай мүмкін емес, төлемдер өмір бойы болады», – деп «Nomad Life» ӨСК» АҚ сату және өңірлік даму департаментінің директоры Рамай Курбангалиев нақтылады. 
Клиенттің төлем мөлшері ӨСК инвестициялық саясатының тиімділігіне байланысты емес. Төлемдер жыл сайын кез келген жағдайда ұлғаяды. БЖЗҚ-дан ақша алған кезде олардың мөлшері, соның ішінде БЖЗҚ Клиенттің ақшасын қаншалықты тиімді инвестициялайтынына байланысты. Халық-Life-та аннуитеттер үш көзден зейнетақы алуға мүмкіндік береді: «Зейнетақы жасына жеткенде адам базалық зейнетақыны алуға қол жеткізеді (1998 ж. дейінгі жұмыс өтілі); зейнетақы аннуитеті шарты бойынша аннуитеттік төлемдер; зейнетақы аннуитеті шарты жасалғаннан кейін зейнеткерлік жасқа жеткен кезге дейін қалыптастырылған БЖЗҚ-дан төлемдер».
Шартты жасасудың басты шарты – адам зейнетақы шотында жеткілікті қаражат жинақтауы тиіс: ерлер үшін 10 001 551 теңге және әйелдер үшін 13 695 035 теңге. Егер қажетті сома жинақталса, өмірді сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға болады. Мұндай жағдайда, зейнетақы төлейтін болады ӨСК, ал аннуитеттік төлемдері өмір бойы төленеді.  
Аннуитеттік төлемдердің мөлшері зейнетақы жинақтарына толық байланысты, бірақ шарт жасалған сәтте ҚР заңнамасында белгіленген ең төменгі зейнетақыдан төмен болуы мүмкін емес. Мысалы, «2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына сәйкес ай сайынғы зейнетақының ең төменгі мөлшері 36 108 теңгеге тең. «Егер ең төменгі қажетті соманы БЖЗҚ-да жинақтап, зейнетақы аннуитеті шартын ресімдесе, онда 55 жасқа жеткен соң ерлер үшін және 51-әйелдер үшін, шамамен ай сайынғы аннуитеттік төлемдер 36 мың теңгені құрайды», – деп «Freedom Finance Life» ӨСК» АҚ басқарма төрағасы Азамат Ердесов түсіндіреді. 

ЗА шарттарында сақтандыру сыйлықақысын төлеу БЖЗҚ-да жинақталған ақша есебінен бір мезгілде жүзеге асырылады. «Мәселен, 55 жастағы ер азаматта БЖЗҚ-да 15 млн. теңге жинақталған. Ол ӨСК-мен ЗА шартын жасасады. Алғашқы жылда ай сайынғы төлем 49 135 теңгені құрайды. Бір жылдан кейін ол 5%-ға ұлғайып, 51 592 теңгеге тең болады. Тағы бір жылдан кейін 54 171 теңгені құрайтын болады. 20 жылдан кейін ай сайынғы төлем 124 162 теңгеге тең болады және осы уақытқа дейін жиынтық төлем сомасы 19,4 млн теңгеден асады. Егер ЗА шартының иесі алғашқы 20 жыл бойы аман-есен өмір сүретін болса, онда ӨСК оның өмір соңына дейін төлемдерді төлейтін болады», – деп Nomad Life өкілі түсіндіріп кетті.

Басқаша айтқанда, ЗА – бұл өз тұтынушысын инвестициялық тәуекелдерден, зейнетақы аннуитет шартының мерзімі аяқталғанға дейін өмір сүру тәуекелдерінен қорғайтын кепілдік берілген сақтандыру өнімі. 
Тағы бір плюс, егер адам еңбек міндеттерін орындау кезінде еңбекке қабілеттілігін жоғалтса немесе қайтыс болса, оған не өмірден кеткен адамның асырауындағы адамдарға материалдық залал аннуитет шарты шеңберінде өтеледі. «Мысалы, еңбек міндеттерін орындау кезінде адам зардап шекті. Оның жалақысы айына 200 000 теңгеге тең. Кәсіптік еңбек ету қабілетінен 50%-ды құрады. Денсаулық қалпына келтірілгенге дейін, ӨСК зардап шеккен тұлғаға айына 100 000 теңгені төлейтін болады. Бұл сома жыл сайын инфляцияның индексіне ұлғаятын болады», – дейді Рамай Курбангалиев.

Аннуитеттердің минустары
Бұл өнімнің кемшіліктері де бар, және ең алдымен, инвестициялардың басқа нұсқаларымен салыстырғанда, бұл олардың құны. Тағы бір минус, БЖЗҚ клиенті қайтыс болған жағдайда оның жинақталған ақшасы мұрагерлеріне беріледі. Бұл жағдайда, егер шартқа кепілдік берілген кезең туралы шарт енгізілмесе (кепілдік берілген кезең – клиенттің өмір сүруіне немесе болмауына қарамастан төлемдер жүзеге асырылатын уақыт кезеңі),  ӨСК төлемдерді тоқтатады. «Егер ЗА шарты кепілдік берілген кезең туралы шартты қамтитын болса, онда мұндай жағдай да мүмкін емес, төлемдер мұрагерлерге кепілдік берілген кезең аяқталғанға дейін жіберілетін болады», – деп Nomad Life өкілі нақтылайды.
Зейнетақы сақтандыруға көшу кезіндегі тағы бір тәуекел өмірді сақтандыру компаниясын таңдауда абайсыздық болуы мүмкін. Егер адам осындай таңдаудың алдында тұрса, ең алдымен Ұлттық банктің активтері мен пруденциялық нормативтерін сақтауға сүйене отырып, ең сенімді компанияларды іріктеп алу керек. Содан кейін ең тиімді өнімдерді таңдау керек. 

Жинақтаушы сақтандыру 
Сарапшылардың айтуынша, адам жас болса, оған көп күш жұмсамай үлкен зейнетақы капиталын құру оңайырақ. Мысалы, клиент, ер адам, 30 жаста, тоқсан сайын 15 000 теңге мөлшерінде тоқсан сайынғы сақтандыру сыйлықақысын төлеумен 15 жыл мерзімге өмірді жинақтаушы сақтандыру шартын жасайды. «Қосымша өтемі ретінде ол жазатайым оқиға салдарынан I немесе II топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда сақтандыруды сақтандыру өтемін төлей отырып таңдайды. Клиент сақтандырылған және сақтандыру мерзімі аяқталғаннан кейін алатын сақтандыру сомасы 1 017 000 теңгені құрайды», – деп Халык-Life-та есептермен бөлісті.
Егер клиент ай сайын 10 000 теңгеден төлейтін болса, онда сақтандыру сомасы 2 005 000 теңгені құрайды. «Егер сол үлгіні қарастырсақ, бірақ клиент 30 жастағы әйел болса, онда сақтандыру сомасы 10 000 теңге мөлшеріндегі сақтандыру сыйлықақысын ай сайын төлегенде 2 024 000 теңгені құрайды, ал 15 000 теңге мөлшеріндегі тоқсан сайынғы төлем кезінде 1 026 000 теңгені құрайды», – деп Халык-Life қорытындылады.

Кімге аннуитеттер қажет? 
Жинақталымы бар барлық адамдар, егде жаста тұрақты табыс алғысы келетін адамдар. 

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
"Еуразия" ӨСК тағы бір цифрлық сервисті енгізді
"Еуразия" ӨСК тағы бір цифрлық сервисті енгізді

"Еуразия" ӨСК баспасөз қызметі компанияда "Қыз...

Қайтарып алынбайтын депозиттер
Қайтарып алынбайтын депозиттер

Ұлттық Банк, ҚҚҚ және банктік қауымдастығы заң...

Балалар мен ақша
Балалар мен ақша

Қазіргі балалар адам өмірінде ақшаның рөлімен...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру